Алматова Алтынай Шыныбековна
Алматы қаласы
Медеу ауданы
Ш. Смағұлов атындағы
Алматы облыстық дарынды балаларға
арналған мамандандырылған
физика-математика мектеп-интернаты
Алматова Алтынай Шыныбекқызы
Қазақ халқы ерте заманнан-ақ ұлттық құндылық пен дәстүрімізді сақтап, бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Солардың бір парасы ұлттық ойындар. Ұлттық ойын – қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, асыл мұрамыз. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Бұл туралы ғалымдар өздерінің пікірі мен пайымын ортаға салған. Соның ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тараған. Сонымен қатар бұл ойын түрлері адамның шапшаңдығы мен санасының ілгерілеуін қалыптастырады.
«Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен», Ахмет Жүнісов деп пікір білдіреді.
Жоғарыда айтылғандай, біздің қазақ халқына тән қонақжайлылық пен адамгершілік қасиеттің басым болуы, барлық жағынан дәріптеліп, қанымызға сіңгендіктен бүгінгі күнге дейін жанымызбен бірге жасасып келеді.
Ойын түрлеріне тоқталып көрелік:
Төрт-түлікке байланысты ұлттық ойын түрлері:
- аларман (қойға қасқыр шапты),
- асау көк
- бура-қотан
- көксиыр
- соқыр-теке
- түйе мен бота
Зеректілікті, ақылдыққа ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар:
Айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.
Аңға байланысты ойындар:
- ақсерек-көксе-рек
- аңшылар
- аңшылар мен қояндар
- кірпіше қарғу
- қас-құлақ
- ордағы қасқыр.
Әр ойынның өзіндік заңдылығы мен ережесі бар. Сонымен қатар тәрбиелік мәні мен баланың дамуына деген зор ықпалын тигізетін пайдалы тұстары ұшан теңіз десек болады. Себебі, егер бүгінгі күні сабақ барысында қолдана отырып, білім берсек балада үлкен ой және бағыт қалыптасады. Оқушы біріншіден өз ойын ашық айтып, қазақи құндылықтарымызбен одан әрі сусындай түспек.
Өзінің құндылығын жоймай әсіресе Наурыз тойлап, ел арасында ұлттық ойындардан сайыстар өткізіледі. Бүгінгі күнге дейін сақталып, өзінің қадірін жоймаған ойын түрлерін тағы да атап өтелік:
«Соқыртеке». Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шы-ғарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.
Теңге алу.
Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.
Қыз қуу.
Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстан-да қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені
Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы, нард, калах тағы басқа ойындар секілді арнаулы тақтада ойналады. Әрі тоғызқұмалақтың тақтасы өзгеше, жоғарыда айтылғандардың бірде-біріне ұқсамайды. Ойынның тарихы “тағдырын” зерттеген ғалымдар дәлелдегендей, тоғыз құмалақ бізге жеткенше көп өзгеріске ұшыраған. Бұл ойынды әуелде тақтаға емес, жер қазып-ақ ойнай берген секілді. Құмалақ орына нағыз қойдың құмалағын кептіріп пайдаланған. Ол кездегі тақталар бүгінгіге мүлдем ұқсамайды. Дәлірек айтсақ, тоғызқұмалақтың бүгінгі тақтасы үлкен өзгеріске ұшыраған және де тек түр жағымен емес, мазмұн жағынан да көп жетілді.
Тоғызқұмалақ ойынына арнаулы тақта пайдаланылада. Ойынға шахмат, дойбыдағы секілді екі адам қатысады. Әр ойыншының (тоғызқұмалақшаның) тоғыздан отауы болады. Отаулардың рет саны солдан оңға қарай белгіленеді. Мысалы, бірінші, екінші … тоғызыншы отаулар. Бұл отаулардаң тарихтан жоғалмай бізге жеткен аттары мынадай: Арт, Тектұрмас, Ақотпес, Атсыратар, Бел, Қандықақпақ, Көкмойын, Маңдай. Әр отауға берілген аттар тегін емес. Мысалы, төртінші отау «Атсыратар» деп аталса, шын мәнінде бұл отаудан “тұздық” алсаң, қарсыласын тез атсырайтыны (тұздық туралы да, атсырау жайлы да келесі беттерде кеңіне әңгімелейтін боламыз) рас.
Ұлттық ойындар – бабаларымыздан қалған асыл қазынамыз. Ұлтымыздың құнды мұрасын ұлықтау біздің басты міндетіміз. Ата-бабамыздың арманы орындалған, тәуелсіздік таңы атты. Тамыры тереңнен тартылған ұлттық спорт түрлері халық құндылықтарының ажырамас бөлігі. Сондықтан оның өрісін кеңейтіп, дені сау, өресі биік ұрпақ тәрбиелеуде сенімді құралға айналдыра білсек ұтқанымыз. Ата-бабаларымыздың қалдырған осынау мұрасына ісімізбен адалдық танытсақ, әрине, өзімізге пайда.Сондықтан атадан балаға мирас болып келе жатқан, ұмытылмаған, өзінің құндылығын жоймаған ойын түрлерін дәріптеп, оны сақтайық. Сонымен қатар сабақ барысында және білім беру саласында кеңінен қолданып, дәріптесек біздің үлкен жетістігіміз болмақ.