Менің әжем- Ильсова Гүлжахан.Мен,Алмас Ниетжан 3- сынып оқушысымын,әжемнің немересімін.
Менің әжем түрлі-түсті жіптермен тұскиіз,ұлттық ою-өрнектермен жиһаз жасайды.Әжем бөлмелердің қабырғаларына текеметті ою-өрнектермен,оларды алтын түсті зергерлік жіптермен сәндейді.Сонымен бірге әпкеме ұсақ моншақтардан алқа жасап береді.Мен әжемнің ісмер болғанына қуанамын,оның қолынан барлығы келеді.Әжем қазақтың ою-өрнектерін өзінің жұмыстарына қолданғанды ұнатады.Әжем көп киімдер мен перделерді түрлі-түсті матадан тігеді.Төрт-түлік малдың жүнінен шұлықтар мен киімдерді де тоқиды.Әжем маған сабаққа киетін жейдені қойдың жүнінен тоқып берді.Ол ісмер болуға лайықты жан.Мен әжеммен мақтанамын.
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
С.Сейфуллин атындағы
#165 мектептің 3 «Г» сынып оқушысы
Алмас Ниетжан
Сынып жетекшісі Гүлмира Сейтнесіп