Home » Жаңалықтар » ЕЛОРДАДА ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР КЕШЕНІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ЕЛОРДАДА ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР КЕШЕНІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Елордада «Нұр-сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ тапсырысы бойынша 2020-2022 жылдар аралығында «Отбасы — бақыт мекені»атты Неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.Кешен барысында жыл сайын келесі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қарастырылған:

  • Жас отбасыларға отбасылық құндылықтарды түсіндіру бойынша семинарлар;
  • Ата-ана болуды жоспарлап отырған жас отбасыларға арналған Онлайн-тренингтер;
  • «Үздік жас отбасы» байқауы»;
  • Отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Отбасым — мақтанышым» бейнероликтер конкурсы»;
  • ЖОО және колледж студенттеріне арналған факультативтік сабақтар;
  • Жас отбасылар арасында әлеуметтік желілерде «Отбасылық демалыс» тақырыбында байқау»;
  • Отбасылық спорттық 21 күндік марафон.

Барлық іс-шаралар тегін негізде өткізіледі және қатысушылардан ақшалай жарналарды талап етпейді.

Іс-шараларға өздерінің некелерін ресми тіркеген және Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тұратын 29 жасқа дейінгі жастар (ерлі-зайыптылардың ең болмағанда біреуі) қатыса алады. Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздар баға жетпес тәжірибе алып қана қоймай, бағалы сыйлықтар, естелік сыйлықтар, дипломдар алады.

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.