Home » Мақалалар » Тәуелсіздік — ел бақыты

Тәуелсіздік — ел бақыты

Әзиева Гүлжазира Ізметқызы,
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Жарқамыс селолық округі
ЖШС «Инабат-С»,«Ботақан»  мектепке
дейінгі ұйымының  тәрбиешісі

Мақсаты:

Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін, сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу. Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.
Көрнекілігі:
Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреттері.Желтоқсан қаһармандары: Л.Асанова, Қ.Рысқұлбеков Е.Спатаев,С.Мұхамеджанова суреттері.
Тәрбиеші:

Көк байрағын көтеріп,
Желбіреткен қазақпыз.
Түбі бірге бауырды,
Елжіреткен қазақпыз.
Бостандықты сағынып,
Қолына алған қазақпыз,
Егеменді ел болып,
Жолы болған қазақпыз!
Құрметті балалар! Біз бүгін сендермен салтанатты мерекеміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өткелі отырмыз. Еліміз егемендік алып, санамыз қайта жаңғырды. Жаңғырған елдің болашағы мына отырған сендерсіңдер, ел қорғайтын нағыз азаматтар өздеріңсіңдер.
Құрметті балалар бүгінгі мерекемізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен бастайық! (Жарайсыңдар балалар)
Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берсек.
Марлен
Туған жерде боламыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан — туған үйіміз,
Оттан — туған еліміз.
Ерсұлтан
Отан — менің ата — анам,
Отан — досым, бауырым.
Отан — өлкем, астанам,
Отан — туған ауылым.
Айша
Отан біздің анамыз,
Әлпештеген, өсірген.
Өмір нәрін аламыз,
Оның жұпар төсінен.
Айзере
Бізбен бірге бар әлем,
Қуанады балаша.
Қуанышқа бөленген,
Өмір қандай тамаша.

Медина:
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл нұрын сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем.
Тәрбиеші:
Балалар, сендер қайда тұрасыңдар?
Балалар: Жарқамыс ауылында.
Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Елбасымыз кім?
Балалар: Қасым-Жомар Кемелұлы
Тәрбиеші: Ал сендер білесіңдер ме Қазақстан
Республикасының рәміздеріне не жатады?
Балалар: Ту, елтаңба, әнұран жатады.

Тәрбиеші: Келесі кезекті балалар тапсырмаға берейік. Мен сендерге 3 топқа 3 түрлі тапсырма беремін.Сендер сол тапсырмаларды бірігіп орындап маған тапсырасыздар.
Тәрбиеші:
— Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына 20 жыл болды. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атайды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді. Осыдан 20 жыл бұрын Алматы қаласында жастар көтерілісі болды. Қайсар батырларымыз Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков Е.Спатаев,С.Мұхамеджанова  ерлік көрсетті. Осындай жастарымыздың арқасында қазіргі кезде бейбіт тыныш өмір сүріп жатырмыз. Еліміз өркендеп жайнауда. Өз елімізге лайықты Конституция заңдары қабылданды. Конституция заңдарында Отанымызды қорғауға, балабақшаға, мектепке баруға, үлкен оқу орындарында білім алуға құқықтарың бар екені туралы жазылған. Осы мемлекетте тұрғандықтан өз елімізді, жерімізді қадірлеп, қастерлеуіміз керек.Осымен бүгінгі ашық оқу іс -әрекеті сабағымыз аяқталды.Сау саламатта болыңыздар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.