Home » Мақалалар » БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНА САЙ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ  

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНА САЙ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ  

Қуандыкова Аружан Бақытжанқызы
Алматы облысы, Қарасай ауданы,
«Абай ауылындағы орта мектебі» КММ
Биология пәнінің мұғалімі

Түйіндеме

Қазіргі кезде білім беру саласы түбегейлі өзгеруде. Жаңартылған білім беру мазмұнының аясында мұғалім білім беру процесінде өзгеше рөл атқарады. Мұғалім білім берудің жаңа парадигмасында оқушылардың тәуелсіз танымдық белсенділігін ұйымдастырушы, жалпы оқу дағдыларын қалыптастырушы, құзіретті кеңесші және ассистент ретінде көрінеді. Бұл рөл мұғалімнің біліктілігінің жоғары деңгейлі болуын талап етеді.

Кіріспе

Қазіргi тaңда әлемде дaмыған eлдер қатaрында өзiндік тaңбасы бaр еліміз үшiн бүгiнгі күн aғымының талaптарына сaй өзiндік көзқaрасы, сaяси түсiнігі бaр, білiмді әрi жоғaры бiлікті, тaнымдық жәнe шығaрмaшылық қaбілеті жоғaры жaс ұрпaқ тәрбиeлeу қажеттігі туындап отырғаны сөзсіз. Сондай -ақ оқушының oй – өрісін көтеру, шығaрмашылық қабілетін дамыту, алған білімін күнделікті өмірде  қолдана білуге баулу, әртүрлі қойылған мақсатқа сәйкес , оқушыны сол пәнге деген қызығушылығын арттыруға негізделген  платформаларды пайдaланып, өзінің білiмін тереңдетуге үйрету мәселелері басты назарға алынып отыр. Мемлекеттік стандартта орта білім беретін мектептерде әрбір шәкіртті жеке тұлға ретінде карап, олардың өз сұраныстарына, мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерін қолдану керектігі көзделген. Бұл жағдайда оқыту технологиясын өзгертуді, оқушыларды өз бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне көп көңіл бөлу басты назaрда ұсталатыны айқын. Білiм берудің негізгі сатысында биологияны оқытудың мақсаты – тілдің қызметін жүйелі меңгерген, кoммуникативтік біліктілігі дамыған, алған білімдерін өмірде колдана алатын, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, бәсекеге қабілетті дара тұлғa даярлауға мүмкіндік туғызу. Бiлім алушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырып одан әрі дамыту үшін қазіргі таңда әр түрлі оқыту технoлогиялары мен платформалар қолданылуда [1, 30 б.].

Негізгі бөлім

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының ажырамас құрамдас бөлігі – білім беру саласындағы цифрландыру процессі. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар биология пәнінің оқу барысында интернетте жұмыс жасай алуы, интерактивті тақтаны, электронды оқулықты, виртуальды зертханаларды, компьютерді қолдануға, модельдеуге және ақпараттық әдістемелік материалдар қолданауды басты назарда. Сонымен, ақпараттық технологияны қолданып, биология сабағын ұтымды жүргізу оқытушыдан терең білімдікті, оқу үдерісін шеберлікпен ұйымдатыруды талап етеді. Мұндай сабақ материалдары әр алуан ғылымдағы өзара байланыстарды оқушылардың зерделенуіне, оқушылардың білімін арттыруға мүмкіндік береді.

Біздің зерттеулеріміздің мақсатымыз – биология сабағында аралас оқыту форматында ақпараттық коммуникативтік технологияны қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту, эстетикалық, функционалдық, ақпараттық сауаттылығын арттыру. Білімді меңгерту және оны оқыту-күрделі іс. Биология пәнін оқытудағы кешегісін, бүгінгісін, ертеңгісін саралап,тек пәнді оқытып қоймай оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген өзекті тақырыпты алып,мәселенің шешілу жолы АКТ қолдану өте тиімді деп ойлаймын. Оқыту технологиялары мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?» «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.

Биологияны оқытудың тиімді жолдары оқытудың әртүрлі әдістері арқылы анықталады. Қазіргі таңда көптеген жаңа технолгияларымен қатар соңғы кездері биология сабақтарында ақпараттық коммуникативтік технологияларды жиі қолданамын. Осы қолданып жүрген жаңа технологияларымыз – білім беру кезінде ақпаратты даярлап, оны оқушыға беру. Биология сабағында қолданылатын ақпараттық комуникативтік технологиялардың бірі – интерактивтік тақта. Интерактивті тақтада жұмыс жасау кезінде алдымен мұғалімнің басқаруымен, содан соң бала өз бетімен құрылған жоспарға сүйене отырып жұмыс жасауға тырысады.

МozaBook – интерактивті презентациялық бағдарлама, оның көмегімен қызықты сабақтарды оңай өткізуге болады. MozaBook бағдарламасында сіз бірнеше рет шертіп, соның ішінде бағдарлама ұсыныстарының негізінде цифрлық оқулықтарды көрсете аласыз және оларды цифрлық мазмұнмен (бейне, аудио, 3D-модельдер, тапсырмалар) толықтыра аласыз. Мен сабақтарымда осы платформаны кеңінен қолданамын және өте тиімді. Мысалы: 10 сыныптың биология сабағында «Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы» тақырыбында интерактивті тақта арқылы оқушыларға MOZAIK EDUCATION платформасы арқылы  3D үлгідегі видео көре алады және төменде көрсетілген суретте көрсетілгендей Электродтарды тиісті орнына қойып ЭКГ-ны өмірмен байланыстыра отырып сабаққа деген қызығушылығын арттыра білдім.

Бүгінгі күннің мәліметтерін кеңейтілген көлемде ұсынатын, танымалдығы жағынан бірінші орында тұрған Google жүйесін тек ақпарат іздеу мақсатында ғана емес, оның көпқырлылығын да айта кеткен жөн. Жүйенің ішінде Google презентация, Google Форма, Jamboard  тақтасысияқты мектеп қабырғасында сабақ өту барысында колдануға болатын платформалар бар.Білім алушыларға Google жүйeсіндегі бірнеше платформаны сабақ өту барысында қолдандым. Google жүйесіндегі платформаларды қолданып сабақ жүргіздім.Бұл әдіс шығармашылық қабілетін қалыптастырып қана қоймай ойлау дағдысымен қатар функционалды сауатты болуға дағдыландырады.Сабақ өту барысында «Екі жақты күнделік», «Фраер», «Флеш карталар»,Сәйкестендіру», «Пирамида»,  сияқты интербелсенді әдіс тәсілдерді Google презентация платформасы арқылы балаларға ұсынып, тапсырма орындаттым. «Асқорыту үдерісі және ферменттердің рөлі» тақырыбында «Флеш карталар», «Фраер» әдістерін  Google презентация платформасын бойынша тапсырма орындады.Бірінші тапсырма “Флеш карталар” әдісі бойынша орындалды. Балалар өздеріне берілген сілтеме арқылы платформаға өтіп,ұялы телефондарында көрсетілген флеш карталардағы ас қорыту мүшесінің құрылысы мен қызметі туралы өздері білетін деректерді енгізеді (2-сурет). Бұл әдіс арқылы бала белгілі бір мәселеге сырттай қарай отырып,оқиғаның сюжеті арқылы баланың өз ойын не пікірін білдіруге машықтанады.

Сондай -ақ Google  жүйесінің косымша платформасы Jamboard тақтасында да оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға арналған әр түрлі қызықты тапсырмаларды ұсынуға мүмкіндік бар.

9“Ә” сыныбында «Дезоксирибоза нуклейн қышқылын модельдеу» тақырыбында Jamboard тақтасы арқылы балалар модельдеу жұмысын орындады.Балаларға арнайы дескриптор,әр қадамға сай

балл берілді.Оқушылар дескриптор бойынша ДНҚ дағы азоттық негіздерді,фосфор қышқылы мен қантты негіздерді ажыратып,олардың арасындағы байланысты анықтап қос тізбекті модельді жазықтықта құрастырды (3 – сурет).

Әр сыныптың жас ерекшеліктеріне сай әр түрлі платформадағы тапсырмаларды орындатып, яғни жоғары да көрсетілгендерден бөлек 7 сынып оқушыларына Learning apps, Wordwall, Quizizz секілді заман талабына сай бағдарламалар арқылы оқу мақсаттарына сай және үй тапсырмаларын сұрау барысында осы тәсілдер арқылы кері байланыс алу арқылы оқушыларды өз пәніме деген қызығушылықтарын және биологияның сан қырлы қызықты тақырыптарын өз беттерінше ізденіп, талқыға салып жүргені мені қуантады (4 – сурет).

Сабақтың соңғы бөлімі кері байланыс кезеңінде оқушылар сабақты қалай түсінгенін анықтау үшін Google форма арқылы сабақты бекіту мақсатында сабақ тақырыбына сәйкес 10-15 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын аламын. Тест тапсырмаларын алудағы мақсатым ол балалардың білімін талдауға, жинақтауға және есте сақтау қабілетін жақсартуға мүмкіндік жайды. Тапсырма нәтижесінде оқушылардың жіберген қателіктерін анықтап, олқылықтармен жұмыс жасау үшін тиімді. Бірақ аталған платформаларды пайдалану оқушының зейін жоғалтып алмас үшін  сабақтың өн бойында емес белгілі бір бөлігінде қолданған жөн. Жалпы биологияны оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды белсендіру білім мазмұнын тереңдетеді, қоғамдық әлеуметтік өмір мен ғылым-білімді ұштастыра келіп шәкірттің дүниетанымын кеңейтеді, өзінше ой-пікір түйіндеуге үйретеді [3, 89 б.].

Қорытынды

Биология – XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да жаңа инновациялық, ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты. Қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлу керек. Қорытындылай келе айтарымыз, біз жүргізген іс-тәжірибеден ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолданып өткізген сабақтардың, оқушы бойына білімнің нәрі болып сіңетініне, сонымен қатар оқушының келесі сабаққа деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізетініне сенімдіміз. Білім алушыларда шығармашылық қабілетті дамыту біріншіден, ұстаз бен оқушының бірлескен әрекеті арқылы іске асса, екіншіден, олардың әрқайсысы жеке тұлға ретінде түрліше әсерге бөленеді. ХХІ ғасырдың жан – жақты зердері, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді ел болып, таңдаулы елдер  қатарына ену басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүние жүзілік деңгейге сай болуы керек. Өз бойымызға жасап жатқан ісіміз бен шәкіртімізге деген сүйіспеншілікті біріктірсек, кемел ұстаз болу қиын емес. Сөзімнің соңында саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтетіндігін айтқым келеді. Ал еңбегіміздің жемісі оқушының сауатты және шығармашыл, жан- жақты білімді жеке тұлға болып қалыптасуы деп білемін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Бордовская Н.В., “Современные образовательные технологии”, Кнорус, – 269 с. – 2011.
  2. “2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы”, әдістемелік нұсқау хат, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, – Астана, – 2017.
  3. Алшынбаева А., Құнантаева Қ. “Бәсекеге қабілетті қоғамның негізгі – сапалы білім”, Бастауыш мектеп журналы, – №1, – 2017.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.