Home » Мақалалар » Референдум елімізге өзгеріс әкелді

Референдум елімізге өзгеріс әкелді

Шадыбеков Аян Нұрболатұлы
Жамбыл облысы Тараз қаласы
№57 орта мектебінің 11 сынып оқушысы

         Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында «Жаңа Қазақстан» дейтін ұран күн тәртібінен түспей жүр. Неге? Себебі қоғамдық белсенді азаматтар үкімет пен халықты байланыстыру мақсатында заң, құжат жүзінде сөйлеу үшін нақты қадамдар жасауда. Менің ойымша, болып өткен референдум алдымен билік үшін емес, халық үшін маңызды болды. Өйткені, Ата Заңымыздың бірқатар баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Елімізге өзгеріс әкелген республикалық Референдумда өзгерістерді қолдайсың ба «иә», «жоқ» деген екі сұрақ болғаны белгілі.

Жалпы, бұл референдумды халыққа түсінікті тілмен жеткізу үшін әр түрлі әлеуметтік желілер арқылы бейнероликтерге қыр-сырлы пікірлер жазылды. Түсіндіру жұмыстары бойынша әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері де пайдаланылды. Иә, түсінбей жатқан адамдардың болғаны жасырын емес, бірақ осы бір мемлекеттік өзгеріске көпшілік қауым бей-жай қарамай, референдумға асыға барды, азаматтық парызын тапжылмай орындап, үлгі болғандар жетерлік.

Өзімнің отбасым республикалық маңызы бар мәселеге жауапкершілікпен қарап, өз дауыстарын берді. Осы орайда отбасымды үлгі тұтамын. Kazislam.kz сайтының 17 маусымдағы ақпараты бойыншам ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумның алдын ала қорытындысын жария етті.

«Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 986 293 немесе референдумға қатысушы азаматтар санының 68,06 пайызын құрады. Осылайша референдум өтті деп есептеуге болады», – деді ол.

Референдумға қатысуға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайызын құрайды. Ал бұл 6 163 863 адам. Бұл 17 өңірдің әрқайсысында абсолютті көпшілікті құрап отыр. Осылайша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кемінде үштен екісінде қолдау қажеттігі туралы Конституциялық заң талабы сақталды.

Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың жалпы саны дауыс беруге қатысқандардың 18,66 пайызы немесе 1 490 475 адамды құраған.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.