Home » Мақалалар » Алғысым шексіз бабаларыма

Алғысым шексіз бабаларыма

Божимова Роза Ерназаровна
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы
Ш. Смағұлов атындағы
Алматы облыстық дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
физика-математика
мектеп-интернатының
11а сынып тәрбиешісі

     Қазақ батырлары, елімізге тиесілі ұлан байтақ жерімізді қорғап, оны қастерлеп бүгінгі ұрпақ қолына табыстады. Егемендіктің бесігінде тербеліп, ашық аспан астында, бейбіт заманда ғұмыр кешіп келеміз. Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден  алып, «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны тамыры тереңде жатқан тармхымыздан белгілі.

      Еркіндікті сүйіп, көшпенді және қонақжайлықтың озық үлгісін көрсеткен. Қай заманда болсын батырлық қанында бар, ал адамгершілік қасиеті бойынан ада болмаған, қазағымның басынан небір нәубет жылдар өтті. Түбіміз  сонау бағзы замандағы сақтардан басталып, ғұн мен қаңлы, қыпшақ, Ақ Орда мен Қазақ хандығының жалғасы — бүгінгі босағасы берік тәуелсіз Қазақстан.

Қазақ халқының және оның тәуелсіздігі үшін, ел мен жерді қасық қаны қалғанша қорғаған ата-бабалар рухына тағзым етеміз. Олардың ерен ерлігі мен ұрпақ санасынан өшпейтіндей орын алған қайсарлығы жөнінде жырлар мен дастандар да жетерлік. Қазақ елінің еркіндігі, тәуелсіздігі үшін тарихта ерекше орын алатын көтерілістер: Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер болды. Біздің тарихымызда көшпенді халықтың жүріп өткен жолында “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қынадай қырылған. Одан соң 1930-1933 жылдардағы ашаршылық жылдарының суреттері бар. Оларды көрген сәтте өне бойыңда салқын қан жүріп өткендей күй кешесің. Тарихымыздан белгілі ашаршылық жылдарындағы жантүршігерлік жағдайларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сонымен қатар қазақ халқының келешегі үшін бас көтерген Алашорда үкіметін құрамын деген қазақтың ағартушылары мен саясаткерлерін ұмыту мүмкін емес.

Сол жылдары әрбір қазақты қудалаған орыс отарлары ойларына келгенін жасады. Ел тізгінін ұстаған азаматтардан 1938 жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең байтақ далада өмір сүруі, тарих бетінен ұлт болып жойылып кету қаупі төніп тұрған еді. Сол жылдары репрессия құрбаны болып, ел үшін жанын қиған қазақ ғалымдарының атын, ерлігін ұмыту мүмкін емес. Біздің тарихымызда ел арасында батыр атанып, мәңгілікке есімін ұрпақ ұмытпайтын батырларымыз бар. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса, Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен.

Сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген бабаларымыздың есімдері алтын әріппен тарихта қалды. Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді. Алматы алаңында жиылған жастарымыздың ішкі рухы мен елім деген адал жүректерінің арқасында осындай еркін қазақ болып күн кешіп жатырмыз. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи күнде, 1991 жылдың 16-желтоқсан күні жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан келді. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындықтарға жолықса да тастай берік төзімділіктің арқасында, жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты… Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлан-ғайыр атамекен жеріміз, отарлық жоя алмаған тіліміз, мәдениетіміз тек қана қазақтың рухының бекемдігімен сақталды. Мәңгілік ел болу бабаларыңның бабалары армандаған, аңсаған асыл мұратты балаларының балалары ардақ тұтатындай мемлекет орнату дегенді, енді ешқашан бөгденің бодандығына түспейтін, халықтығын, ұлттығын, елдігін, мемлекеттілігін әрқашан әспеттейтін, үлгілі үрдістерін мақтан етіп, бар заманда да ұлы мен қызының бағы басында тұратын тәуелсіз елміз.

Біз қазақ елі тәуелсіздікпен бірге мәңгілік елдің Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық. Мәңгілік Ел — болашақтың жобасы, сондықтан ол ұрпақтар сабақтастығы мен жалғасатыны мәлім. Ұлы Дала елінің ғаламат тарихы мен қайталанбас құндылықтары туралы салиқалы ойлар айтып, ұрпаққа ұлағат болатындай игі істер атқару — бүгінгі ұрпаққа міндет, келешек ұрпаққа — аманат. Ендігі ұрпақ — Мәңгілік қазақтың перзенті.            

     Қазақ елінің ұлттық идеясы — Мәңгілік ел! Көз қарашығымздай сақтау мәңгі мұратымыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.