Капишева Асель Кабдулмажитовна
Ақмола облысы Көкшетау қаласы
«Еркемай» балабақшасының тәрбиешісі
Тәуелсіздік мерекесі барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.
Егеменді еліміздің ертеңі – білімді ұрпақ қолында.Терең білім саналы тәрбие негізінде бойға сіңетіні белгілі. Сондықтан біздің балабақшада ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ жастарды тәрбиелеуге негізделген ұлттық тәрбие білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.Сана-сезімі қалыптасқан, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу, ана тілі болып қалатынын негіздеу; қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеу рухында балалардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің жоғары парасатты ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу біздің мақсатымыз.
Қазіргі кезде «жастар – еліміздің болашағы» деген қанатты сөзді жиі айтамыз. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек ұлымызды рухты, қызымызды ғұрыпты етіп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелейік дегім келеді.