Home » Жаңалықтар » 64.752.247 теңге 80 тиын бір күнде жұмсалады.

64.752.247 теңге 80 тиын бір күнде жұмсалады.

Шымкент қаласында 133 758 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Бұл қала әкімі Әйтеновтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы 1524 қаулысы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 235 бұйрығына негізделген. Шымкент қаласының бастауыш сыныбы мен басқа да санаттағы тегін тамақтануға тиісті топ балаларына арналған.

 

 

 

133 758 баланы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету. 64.752.247 теңге 80 тиын бір күнде жұмсалады деген сөз. Бұл аз қаржы емес. Қалалық басқарма қолма-қол ақша алыс-берісінен айналып өтіп, цифрлы жүйеге көшу жайы қарастырған. Осы тұста электронды «төлем» жүйесі бір жыл ішінде 948.972,000 теңге үнемдеген.
Шымкент қаласының Білім басқармасының басты мақсаты — ашықтық. Баланың тамақ ішкені, ішпегенін, сондай ақ мектепке турникет арқылы кіргенін, шыққанын, автобусқа мінгенін, бір ғана төлем жүйесімен қолданғаны үшін ата-ана үйде отырып біліп отыруына мүмкіндік жасау болатын.
Технология қарыштап дамып, IT заманы аяқ басқаны бүгін емес. Заманға сай заманауи адымдау Шымкент «тренді». Бүгін де, сол ұстанымын дәлелдегендей республикаға үлгі көрсетіп отыр.

«БІЛІМ АЙНАСЫ»
Қуантай Амантайұлы
Шымкент қаласынан

One comment

  1. Жубаныш Шоханкызы

    Оте орынды, дурыс шешим деп билемин.
    Толем карта оте тимди курал.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.