№102 ЖББМ КММ
Ахметов Ерлан Болатбекұлы құқық пәнінің мұғалімі
Парзиева Махабат Керімханқызы әлеуметтік педагог
Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз — өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады». Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 — желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген — арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 — тарау, 53 — баптан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау — біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.
«Бала құқығы — адам құқығы» атты республикалық онкүндік жыл сайын өтілуде. Жалпы, бала құқығын қорғау тек онкүндікте ғана емес, күнделікті өмірде орын алуы тиіс. Бала құқығын қорғау мақсатында мектебімізде оқушыларға “Жол ережесін сақтайық” тақырыбында жол патрульдік полиция қызыметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізді. “Заң Керуен” бағдарламасы аясында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтілді. Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мектебімізде балалардың құқығын қорғау мақсатында «Бала қорғау» QR коды тақтайшасы ілінген, кәмелетке толмаған балалардың заңсыз жұмысқа тартылмауы жайында рейд жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Қамқорлықтағы балалардың да тұрмыс-тіршілігі, жай-күйі біздің жіті бақылауымызда. Балалардың құқығын қорғау біздің басты мақсатымыз.