Home » Мақалалар » БІЛІМДІ  ҰРПАҚ – ЕЛІМІЗДІҢ  БОЛАШАҒЫ

БІЛІМДІ  ҰРПАҚ – ЕЛІМІЗДІҢ  БОЛАШАҒЫ

ӘМІРБЕК   ҒАЗИЗА  МАРАТҚЫЗЫ
«Тұран» университеті журналистика  факультетінің
2 курс студенті
Алматы  қаласы

     Білім мен ғылым қазіргі таңда және болашақтағы қоғамды дамытатын негізгі күш болып табылады, яғни қазіргі жастарымыз бәсекеге қабілетті тұлға болуы керек. Ол үшін ең алдымен бәсекеге қабілетті тұлға білімдіжәне сонымен бірге міндетті түрде тәрбиелі де болуы қажет. Осы тұста жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін ғұлама ғалым, ойшыл, философ Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген басты қағиданы ұсынған болатын. Бұл қағиданың қазіргі таңдағы өзектілігі зор.

Тәрбиелеу – адамдардың бойында білімге негізделген түрлі игіліктер мен өнерлерді дамыту деп те атауға болады. Тәрбиелеу – жеке адамның кісілігін қалыптастыру деп көрсетеді әлемнің екінші ұзтазы. Ол тәрбие әрекетінде қатты әдісті, қатаңдық пен жұмсақ әдісті, жұмсақтықты ұштастыра білуді ұсынады, яғни бұл әрекеттер де қазіргі таңда өте өзекті болып табылады.Тәрбиелеу ісі асқан шеберлікті, зор талантты талап етеді. Жас ұрпақты тәрбиелеудің түрлі жолдары мен әдістері көп, соның ішінде ұрпақ тәрбиелеуде халқымыздың рухани байлығына және асыл мұраларына, ұлттық құндылықтарына сүйенген жөн.

Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл — парасаты мол, мәдени — ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән.
рбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан қазақстандық барлық мектептерге бүгінгі жайы, даму бағыты мемлекеттің назарында. Сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу – әр оқушының міндеті. ҚР тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде әлемдік қауымдастыққа кіре отырып, экономикада айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Осы ретте қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты жаңа тарихи кезеңінің болмысына парапар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып, оған өз әсерін тигізеді.

Еліміздегі білім берудің ағымдық жағдайына талдай жасау, осы уақытқа дейін қалыптасқан білім беру жүйесінің ескіргендігін, оны ұйымдастыру және құрылымдық жағынан түбегейлі өзгертудің, білім мазмұнының жаңартудың, қазіргі республика дамуының әлеуметтік — экономикалық және саяси, сол сияқты дамыған елдердің прогрессивті тәжірибесіне отырып, мамандарды даярлай сапасын жетілдірудің қажет екендігін көрсетті. Еліміздің алдағы ұзақ мерзімді дамуындағы басым бағыттардың бірі – білім мен ғылымды дамыту болмақ. Себебі мемлекет басшысы қойып отырған басты талаптарының бірі – өркениеттің шалқар көшінде бәсекелестікке қол жеткізу үшін білім мен ғылымды жаңа өрістерге шығарып, интеллектуалдық серпіліс жасау. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Әл — Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқыған «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: Болашаққа интеллектуалдық секіріс» атты дәрісінде «Бізге ұлттық интеллектінің діңін құру қажет, бізге халық аралық деңгейге бәсекеге түсе алатын адамдар керек» деп атап көрсеткен болатын.

Ұлы Абайдың: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» — деген сөздері бүгінгі күні ұрпақтың әлемдік ғылыммен прогресс заңдылықтарына сәйкес бәсекеге қабілетті болып қалыптастыру үрдісінде де өзекті болып отыр. Қазақстандық білім беру жүйесіндегі реформалар мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесі мен жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесін қамтиды.

Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2030» Стратегиясының негізгі мақсаты болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жана әлеуметтік – экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына Республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруды білім беру жүйесін дамыту манызды рөл атқарады.

Жаңа мақсаттарды шешу үшін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005 — 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 — 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстан балалары» бағдарламасы секілді бірқатар бағдарламалық құжаттар мен нормативті актілер қабылданды.

ҚР Президентінің жас дарынды қазақстандықтарға әлемдегі үздік университеттерде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы еліміздегі адам капиталының дамуына қосылған елеулі үлес болды.
Әрбір жеке тұлғаның болашағы өз мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін — білім», — деп ұлы жазушымыз М. Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім — барша әлем тыныс – тіршілігінің алғашқы іргетасы.

Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі – жастар. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, сол жастардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз. Елбасымыз жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім – ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударатыны, ғылыми прогрессті дамыту үшін көптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айтып, нұсқау беруі – бәрі де еліміздің экономикасының қарыштап дамуындағы бірден – бір өзгеріс екені баршамызға айқын. Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!

7 комментариев

  1. Гульнар

    Дұрыс айтасыз

  2. 👍🏼👍🏼👍🏼

  3. өте керемет мақала!

  4. Тамаша жазылған!

  5. Өте жақсы жазылған!

  6. Тамаша👏🏻

  7. 👏🏻👏🏻❤️

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.