Бахытжан Е. Ғ.,
Аргимбаева А. М.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Президентіміздің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Ғылым комитеті ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурс өткізді. Конкурстың басты мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарына алғашқы әзірлемелер (наработки) жинай алу мүмкіндігін беру.
Жас ғалым жобасы Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың 10 басым бағыттары бойынша жүзеге асады. Жыл басынан бері конкурс 4 рет жарияланды.
Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің зерттеу университеті болғанында атап кетуге болады. Осыған байланысты университетіміздің жас ғалымдарының алдына үлкен жауапкершілік тұр, сондықтан осы жобаға белсенді қатысуда. Химия және химиялық технология факультетінің жас ғалымдары да атсалысты . Атап айта кететін болсақ аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының оқытушылары жас ғалымдар Рахымбай Гүлмира (Молекулалық биоимпринт полимерінің (MBIP) электрохимиялық синтез әдісі арқылы қатты электродтардың модификациясы), Авчукир Хайса (иондық сұйықтықтардан наноқұрылымды катализаторларды электрохимиялық тұндыру: электрод кинетикасы, жаңа әдістер және қолдану перспективалары), Нечипуренко Виталий (Шұбаркөл кен орнының көмірінен алынған арнайы кокс негізінде белсендірілген көмір алу технологиясын әзірлеу) және Бахытжан Елдана (Болат бетіне антикоррозиялық қасиеттері жоғары полимерлік нанокомпозиттік қаптамаларды электрохимиялық синтездеу), ғылымның әртүрлі бағыттары бойынша конкурска қатысып, үш жылдық гранттық қаржыландыру жеңіп алды. Жоба аясында кафедрамыздың оқытушылары шетелдік консультанттардан кеңес алып, тағылымдамаларда өте алады. Сонымен қатар зерттеу нәтижесінде халықаралық WoS, Scopus базаларына енетін журналдарда өздерінің ғылыми нәтижелелерімен бөлісе алады. Ғылыми жұмыстан бөлек, постдокторанттар педогикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында, кемінде әр семестр бойынша университетте 3 кредит көлемінде сабақ беруі тиіс. Конкурстың бұндай талаптары жас ғалымдардың ғылыми қызметімен қатар, педагогикалыық қызметін қатар алып жүруге мүмкіндік береді. Жас ғалымдар әліде талай жетістіктерге жетіп университетіміздің деңгейін жоғарлатады деп ойлаймыз
Біз өзіміздің жас ғалымдарымыздан үлкен үміт күтеміз және мақтан тұтамыз!