Home » Мақалалар » Мектепте өткен туған күн

Мектепте өткен туған күн

Бейсенбаева Акерке Ерланқызы
Түркістан облысы, Кентау қаласы
Хантағы елді мекені.
Абай атындығы №5 ЖОМ
мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі:

«Мектепте өткен туған күн»
Эссе
Бала мен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынас

Мен Бейсенбаева Ақерке Ерланқызы Абай атындағы № 5 ЖОМ  тәрбиеші болып жұмыс жасағаныма еш өкінбеймін. Менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, яғни тәрбиешілердің бұлжытпас борышымыз. Бала тәрбиесі оның ішінде  мектепалды даярлық сыныптарды  тәрбиелеу үлкен мәртебе. «Адамды тәрбиелеу — демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу». А. С. Макаренко. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз деп айта аламын. Мектепалды даярлық сынып  ұйымдарындағы  жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау,  жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыра білуіміз керек. Міне осындай жұмыс жүйесінің арқасында  менің мектебімде қалыптасқаны туралы нақты мақтанышпен  айта аламын.
Мектепалды даярлық сыныптарынды  жұмысқа жетекшілік ететін бірден — бір адам,
ол — тәрбиеші. Тәрбиешілер өз жұмысын ғылыми негізде теориялық тұрғыда сауатты жүргізе білсе, онда практикада жүйелілік, бірізділік қалыптасып, нәтижесі табысты болмақ дегім келеді. Тәрбиешінің өмірден алған тәжірибесі, қабілеті, адамгершілігі, қарапайымдылығы, мінез — құлқы әлдеқайда жоғары деңгейде болуы тиіс. Тәрбиеші – жүрегі жақсылық пен жаңалыққа толы ұлы тұлға. Сол бойындағы барлық білім мен білікті, тәрбиені баланың жүрегіне жеткізу үлкен қасиет. Тәрбиеші тәрбиесін шын қабылдаған бала болашақта сөзсіз ұлы тұлғаға айналады.

Ұлы Абай атамыз:
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға!» — деп жырлап кеткендей, әрбір ұстаз бұлақ түбінен асыл тас іздегендей балаға мән мен мағынаға толы білімді үйретуі керек. Бүлдіршіндерді тәрбиелеуде, тәрбиешілердің осындай тіршіліктен шаршамай, талмай еңбек етіп, кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік сіңіріп, өз — өзіне деген сенімділікке тәрбиелеуде тәрбиешілер шешуші рөл атқарады.
Басында маған өте қиын болды. Көп ұзамай тәрбиеленіп  жақан оқушыларымыздың  барлығы  өзімнің туған балаларымдай болып кетті. Әр күні оқушыларымның сүйкімді жүздерін  көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуаныштарын  жасыра  алмай ашық жарқын жүздерімен еркелей біледі. Бір үйдің үміті, шырағы, көз қуанышы, аяулысы, ардақтысы, ақылдысы, еркесі, бұзығы, қызығы десемде артық етпес. Оқушыларыммен мен бірге жүрсем болды, балаша қуанып, өмірге балаша қарағым келіп кетеді.
Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық сондықтан  киелі болғаны шығар.
Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің дәндерін қондыру — менің жұмысымның мәні деп ойлаймын.
Балалармен жұмыс жасау мен үшін үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын маған айтады . Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қатты сенім артады.. Менің бақытты болуым, осы оқушыларымның сенімінің арқасында. Менің балаға деген ыстық ықыласымды бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білемін. Жұмысым күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сезінемін. Өйткені балармен өткізген әр бір  күнімді ой елегімнен  өткізсем , олардың ақжарқын, ақкөңіл  жүректерін, тәп-тәтті қылықтарын,өзіме деген  үмітке толы көздерінің  бақытты , қуанышты күндерімізді есіме алсам шаршағанымнан құлан таза айғып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне» бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан, мейірімділік пен жылы жүз болуы керек .

Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, мектепалды даярлық сынып  оқушыларымыздың өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді. Ал құс көктемде ұя салып, күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ал тәрбиеші ше? Күздің қоңыраулатқан күніне де, қыстың қаһарына да, көктемнің лайсаңына қарамай табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды. Бір қарағанда, тәрбиеші тірлігі диқан мен құс сияқты болғанымен, табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты. Бірақ нәтижесі бірден көзге көріне қоймайды. Көп жылдар өте, кезінде алдында бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп, еліміздің мақтанышына айналса — міне, нәтиже.
Мен балаларды жанымдай жақсы көремін. Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты және шынайылықты  айтады.
Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы.
Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза десеңші.Әр бала өзінше бір әлем. Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл. Менің мойнымдағы міндеттім де, мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге, қалтарыс — бұлтарысы көп өмірге даярлап, қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеуде емес пе?!
Жасыратыны жоқ, осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне көңілі толмай қиындығын айтатындары көп, ал мамандығын өзгертетіндер өте сирек келеді. Оның себебі, сүйкімді балалардың киелі ортасы тәрбиешіні нәзік жіппен өзіне байланыстырып қоятындай.
Мен Мектепалды даярлық сыныбында  сегізінші  жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас оқушыларыма  арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.Күнде ертеңгісін мектепте жас бүлдіршін оқушыларымды қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалады. Балалармен өткізге  әрбір бағалы уақытым мені  бір жаңа  әлемге жетелегендей болып көрінеді.
Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқап жүрмін. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін.
Мектепке таңертең  бара жатқанымда  ойыма  бүгінгі  күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу қызметін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен?-деп ойларымды  жинақтап толықтырып оқушыларыммен бүгігі күнімді өткізуді жоспарлаймын.
Әрине әрбір оқу қызметіме жауапкершілікпен қарап, әр уақытта дайындалып келемін . Әрбір оқу қызметіме жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, өзім сол тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай боламын. Әр күннің сәтті шығуы, әрине өзіме байланысты. Жас өспірімдерді тәрбиелеуде ерекше қабілет пен асқан біліктілік, балаға деген сүйіспеншілік қажет. Өзімнің  педагогикалық тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр жұмысымды тартымды, сәтті шығуы  үшін тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу қызметіне аударту, баламен оқу қызметіне тыс әрбір қарым — қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр.
Мен өзім  Абай атындағы №5 жалпы орта  мектебінде  Мектепалды даярлық  0 «Ә» сыныбында  тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Жақында менің тәрбиеленушім Бабайбек Нұрсұлтанның туған күні аталып өтілді, «Бала анасының бауыр еті»- демекші онда анасы арнайы сайқы мазақ (аниматор) шақырып баласының көңілін көтерген болатын. Басқа балалардың да езулеріне күлкі ұялап, бір сергіп қалған болатын.  Балалар үйлеріне қайтар уақытта ата-аналарына бүгінгі болған туған күн қызықты болғанын, және оған сайқы мазақ (аниматор) келіп балалармен қызықты ойын өткізгені туралы сәттерімен бөлісті.
Осы кезде ата-ананың мақсаты – балаларға жақсы көңіл — күй сыйлай отырып, саналы тәрбие беру деп ойлаймын өзім . Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші сезінемін. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын ояту болып табылады. Тәрбие – отбасынан басталатындықтан қашанда тәрбиеленушінің ата – анасымен , жанұясымен жеке танысып, үнемі қарым қатынаста болуым үшін  өзіме басты мақсат қойғанмын.Тәрбиеленіп жатырған  кішкентай бүлдіршіндерімнің ата-анасымен  тәрбие барысында тығыз байланыста боламын.
Кез — келген бала – дарынды немесе дарынсыз болсын, жылдам немесе ақырын қимылдасын – бәрібір өзіне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалайды. Сондықтан да әр баланың жанын түсініп, мақтап, қолпаштап, көмек көрсету арқылы қызметімде тек қана жақсы жетістікке қол жеткізетініме сенімім мол. Мектеп қабырғасында  дұрыс тәлім — тәрбие бере алсақ, болашақта  саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Мен бірнеше бала тәрбиелеп жатырмын,олар өсе келе ,бірнеше мамандық иесі болып шығатындарына сенімім мол . Болашақ заңгерлерді — әділдікке үйрету, дәрігерлерді — жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды — нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу қажет. Тәрбиеші жұмысы – оңай жұмыс емес. Бірақ абыройлы, сыйлы. Жақсы тәрбиешіні балалар ешқашан ұмытпайды.
Оған мысал, көктемде мен биылғы оқу жылына 1 сыныпқа оқушыларымды шығарып салған  кезімде, оқушыларымның алдындағы мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі  ретінде менің тәрбиеленушілерім  маған ұялы телефондарынан жыламсырап сіз қашан мектепке  келесіз, сіз келмесеніз мен мектепке  бармаймын дегенде, менің жүрегім қақ айырылғандай болды.
Сонда мен өзімнің қандай тәрбиеші екенімді түсіндім. Олармен кездесе қалсам, маған ұмтылған сағынышқа толы жанарларын көремін. Сол кезде  мектептегі қызықты қылықтары, бұзықтықтары есіме түседі. Бәрін ұмытпайды екенмін. Тіптен қуанғаннан көзіме жас келеді. Үйіме келіп отбасыма қуанып балаларымды көрдім,-деп олардың қызықты қылықтарын есіме ала отырамын.
«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз бекер айтпаған. Баланың ой — өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық әріптестер.
«Білерім — бір тоғыз, білмейтінім — тоқсан тоғыз» демекші, білген сайын білмейтінін көп екенін ұға түсініп жүрмін. Сондықтан да шығар белестерім әлі алда деп ойлаймын. Білімімді кеңейтіп, тәжірибе жинау әлі де алдымда. Білімді ешқашан өзін білгіш қып көрсетуге тырыспайды. 5-6  жастағы бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті.
Менің өмірдегі ұстанымым:
1. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, педагогтармен тең жағдайда сырласу;
2. Тәрбиешінің мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау;
3. Өз мамандығымды сүйем және мақтан тұту.
Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып және де  мектебіміздегі тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерімізді жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауымызға  қолымыздан келгенше  бір-бірімізге көмектесуге үнемі қол ұшымызды береміз. «Адамның адамшылдығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»деген Абай сөзін өмірлік қағида еткен әрбір тәрбиеші, ұстаздар үлкен құрметке лайықты деп үлкен сеніммен айта аламын.

3 комментария

  1. Джакупова Мария

    dzakupovamaria2@gmail.com

  2. Керемет ? талабыңа нұр жаусын еңбегің жана берсін ?

  3. Осындай білімді білікті ұстаздар көбейе берсін

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.