Өзін- өзі тану пән мұғалімі
Өмірбекова Мамырайгуль Казыбековна
«№2 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты»
Қарағанды қаласы
Қазіргі жаңа технологияны пайдалану кезеңінде еліміздің білім беру жүйесінің ең басты мәселесі білім беру сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу үшін мектептерге заман талабына сай мемелекеттік жаңа білім стандартын енгізу және жаңаша тұрғыда дайындалған оқу жоспары мен орта білімді жаңа оқу технологиялары мен ақпараттандыру сияқты білім беру саласындағы кезек күттірмейтін шаруа екендігі белгілі, соған байланысты:
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан әлеуметтік- экономикалық және саяси жедел жаңару жолында» атты жодауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», — дей отырып, білім беруді әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу үшін жаңа сипаттағы Қазақстанның болашақ жастарын білімді маман етіп тәрбиелеуді бастауыш мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгерген болашақ мамандарға «білім беру жүйесінің жоғары сапасын қалыптастыру, әлемдік білім беру жүйесінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экономиканың дамуындағы интеллектуалды-инновациялық қазіргі кездегі қажеттіліктерге жауап бере алатындай» бағдарламаны жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. [1].
Бүгінгі білім беру жүйесіндегі негізгі мәселе, «рухани жаңғыру» мектеп оқушыларының білімдерін әлемдік деңгейдегі стандартқа сай болатындай етіп тәрбиелеуді ерте балалық шақтан дайындау бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда. Соған байланысты, жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде таным процестері өзінің субьективті және обьективті көріністерімен баланың психикалық танымдық іс-әрекетінің төмендеу себептеріне байланысты оқу-тәрбие ісін жоғары сатыға көтеру қажеттілігінен туындап отыр. Педагогикалық психология ғылымының басқа ғылымдардан айырмашылығы, әлеуметке міндетті түрде пайдалы болумен қатар тұлғаның мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталуда.
Баланың танымдық әрекеті ойлау қабілетінің дамуы қазіргі кезде жетекші орында, себебі танымдық мәселелерді дербес шеше білу, проблемалық ситуациядан өздігінен жол табу жайын сөз еткенде, бұл мәселені Д.Б. Эльконин мен В.В.Давыдов оқыту процесінде оқушылардың ойы қалыптаса ма? деген сұрақ қоя отырып қарастырады[2,3].
Тиісті дәрежеде дербес ойлай алмаушылық оқыту процесінде білім берудің жеміссіз тәсілдерін; мәселен, бастауыш сынып оқушыларына көп жағдайда жалпылаудың формальды логикалық тәсілдерін қолдануда деген. Бастауыш мектептің ұзақ жылдар бойы жүргізген жолы, нақтылы жекеден формальды жалпыға, ұқсастыққа, біртектестілікке көшу жолымен жалпылауды қалыптастыру болды. Сол себепті бейімділікке қалыптастыра отырып, оқушылардың таным процестерін дамытуда ең бірінші түйсінулерді қалыптастырудан басталады, сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз, біз тікелей танып біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана біле аламыз. Баланың ой әрекеті түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді, сондықтан ойлау сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнелеуі. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді, ол сезімдік түсініктердің негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе, елестерде жалпыланған мәліметтер көп болғанымен, оның таным мүмкіндігі ойлауға қарағанда төмен. Сөзбен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған, сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән болып табылады. Бала өзіне таныс емес құбылыстардың сырын көбірек білген сайын оның ойлауы де жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысты көптеген түрлері пайда болды. Ойлау баланың сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау кезінде кезінде қалыптасып дамып отырады. Ойлаудың мазмұнын бейнелейтін тек обьективті шындық қана, себебі балаларға өздерінің мұқтаждықтарын шешу үшін алдына мақсат қою ақылы өз қажетін қанағаттандырады. Ойлау өзіндік ішкі қайшылықтарға толы және ол оның дамуының, іске асуының қозғаушы күші. Бала кез келген күрделілеу мәселені шешерде, біз оның жауабын бірнеше жорамалдар арқылы табамыз.
Бүгінгі бала ертеңгі болашақты жалғастырушы тұлға. Психология ғылымы ешнәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді, сол себепті де жастардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек жалпы білім беретін мекемелер ғана мақсатты түрде ықпал ете алады. Сол себепті де уақытты үнемдей отырып, мектеп оқушыларымен жеке дара жұмыс ұйымдастыру өте тиімді және бұл арада мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы, тіл табысуы да ерекше рөл атқарады. Өйткені ар-намысына кір келтірмей, оған керісінше кеңесші бола отырып, жіберген қателіктерін сыпайы да саналы түрде жеткізе білу кез келген мұғалімнен кез келген шеберлікті талап етеді. Алайда мұғалім оқушының шығармашылық бағытта өз бетімен жұмыс жасауға тек бағыт беруші екенін естен шығармауы керек.
Дамыта оқыту үдерісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделіп, білімді өзі меңгеруі керек. Мұғалімнің әдістемесі оқушыға берілуі керек. Міне, осы тұста туындайтын «Мұғалімнің әдістемесі оқушыға қалай беріледі, оқу әрекеті қалай ұйымдастырылады?» деген сұрақтардың шешімін беру зерттеуіміздің мақсаты болды. В.В.Давыдовтың[2] ілімі бойынша оқу әрекеті- өзіндік құрылымы бар жүйе. Оқу әрекетінің мазмұны мен құрылымы бар жүйе. Оқу әрекетінің мазмұны мен құрылымын бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын үш бөліктен тұрады: оқу-танымдылық қажеттілік, мотив, оқу міндеті: соған сәйкес әрекеттерді қолдану қажет. Оқу-танымдылық қажеттілік дәстүрлі оқытудағыдай сыртқы түрткіні мадақтау, бағалау т.б. әрекеттер арқылы емес, оқушының өзінің іштей талпынуы арқылы білімге қажеттілік тууына жағдай жасалу қажет. Оқу материалы оқушыға «Бұл қалай?» деген рефлексия тудырып, әрі қарай оны танып-білуге түрткі болуы керек. Осы танып-білуге құштарлық, мотив оқу міндетін шешуді мақсат етеді. Оқу міндеті мотивті шешуге бағытталған әрекет,тәсілдерді меңгеруден тұрады, яғни оқушы біртұтас нысан пайда болуын ашады, ойша елестетеді. Оқу міндетін шешу соған сәйкес әрекеттер мен операцияларды орындауды қажет етеді. Оқу әрекетінің бұл үшінші бөлігін орындау мынандай операциялардан тұрады:
-міндетті шарттарын қайта жасау, модельдеу;
-бөлініп алынған қатынастардың модельін қайта жасау;
-жеке міндет жүйесін шешуді құру;
-жалпы тәсілді меңгергенін бағалау.
Жоғарғы сынып оқушыларын оқу әрекетімен шұғылдануға үйретуге ғылыми – теориялық оқулықтың алдына қойылатын мақсаты күрделірек.
Ғылыми оқулықтар тұтас құрылымымен оқушыны өздігінен оқу әрекетімен шұғылдана отырып жұмыс жасауға арналған. Алғашқы бетінің мазмұнынан –ақ оқушыны өздігінен жұмыс жасауға бағыттайды. Мотив үлкен тараудың басында, бұл білімнің не үшін қажеттілігі турлы аннотация түрінде не алғы сөз түрінде беріледі.
Жаңа материалды меңгертудегі оқу әрекетінің міндеттері мынадай жүйемен беріледі:
— Сызбаны оқып үйрену;
— Сызбаны талдап үйрену;
— 1-сызбамен жұмыс;
— 2-сызбамен жұмыс;
— Өздік жұмыс.
Қандай икемділіктерді меңгердің? Өзіне-өзі баға беруі.
Әр міндетті шешудің операциялары алгоритмдік жүйедегі тапсырмалар ретіндегі беріліп, оқушыны мақсатқа жетуге жетелеп отырады. Оқу әрекетінің құрылымымен жазылған жүйені оқулық мазмұны арқылы ғана аңғару қажет екендігін ескере отырып, оқулықтан қарауды ұсыну. Дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдов жасаған жүйесінің әдіс-тәсілдері мен білім алушының[2,3] оқу белсенділігін ұйымдастыру, талдап көмектесіп отыруды көздейді. Дамыта оқытуда оқушының ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталынады. Ол үшін оқушы өзінің бұған дейін білетін амал-тәсілдердің жаңа жағдайды шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратындығында:
- оқу мақсаттарының құрылуы;
- оның шешу жолдарын бірлесе қарастыру;
- шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдов жасаған жүйенің негізгі компоненттері. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Оқытушы сабақ процесінде ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйренеді. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік береді, жауаптар тыңдалады. Әр оқушы жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қортындылап үйренеді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруына мүмкіндік береді. Оқу үдерісінің жақсаруына үлкен әсерін тигізеді, заман талабына сай мемлекеттік білім деңгейін көтерумен бірге кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару, еліміздегі ең маңызды мәселе.
Білім беру саласында баланың психологиялық жеке бас ерекшеліктерін ескеріп отыруы қажет.
Біздің қоғамның болашағы мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және кәсіби деңгейіне тікелей байланысты. Мұғалімнің мына талаптарды жақсы меңгерулері қажет.
- оқытуды демократиялық негізде ұйымдастыра білу;
- жаңаша педагогикалық- психологиялық технологияларды игеру;
- әртүрлі тиімді оқытудың әдіс тәсілдерін меңгеру.
Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп қарым-қатынасқа тез түсіп отырады. Білім беру кезінде мұғалім төмендегі кеңестерді есте сайқтай жүрсе, оқытудың нәтижелі болары анық деп айтуға болады.
- әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып қарым-қатынас орнату;
- қарым- қатынаста педагогикаға жат сөздерді айтпау;
- бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым –қатынас жасау;
- сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау:
- мұғалім мен оқушы арасында сенім қалыптастыру.
Мынандай қабілетті, қасиетті, іскерліктерді өз бойына жинаған мұғалім ғана жоғары білімді шәкірт дайындайтындығы анық:
- Оқушыларға бірінші қаталдық танытып, одан кейін босатсаңыз- олар сізге риза болады;
- Өзіңіздің жылуыңызды кім қажет етсе содан аямаңыз;
- Мұғалім-әрқашан бірқалыпты, нық сенімді, жақсы көңіл-күйде болуға тиісті;
- Өз қателігіңізге ұялмаңыз. Балалар үлкендерге қарағанда қатені үнемі кешіреді.
- Шешім қабылдарда күдіктенсеңіз, асықпаңыз;
- Ойлану сіздің ең басты мақсатыңыз;
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жаңа дамуын қамтамасыз етуі керек.
Яғни, әрбір баланың жек тұлғалық қасиеттерін ашу мүмкіндігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы оның тереңірек ұмтылуына, ізденіс бейімділігіне көмек беру, мүмкіндік туғызу, осылайша оған түпкілікті жаңаша өмір сүруі үшін жаңа рухани күш беру- білім берудің түпкілікті мақсаты.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақ халқына арнаған Жолдауы. 2015ж.
- В.В. Давыдов. Виды общения в обучении.-М.1972ж
- Д.В. Эльконин. Психология обучения младшего школьника.-М.1974ж.