Шымкент қаласы
ЖШС «Ару бэби» бөбекжай бақшасы
«Балдаурен» ересек тобының ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті
Тәрбиеші: Сейдазымова Айгерім Налібайқызы
Ұйымдастырылған іс-әрекеті: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, құстардың тіршілігі, пайдасы туралы баяндау. Құстарға қамқор болуға және құстардың ортақ қасеттері мен айырмашылықтарын ажыратуға үйрету. Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, сұрақ – жауап арқылы балалардың тіл байлығын дамыту. Балаларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа дағдыландыру.
Алдын – ала жүргізілген жұмыстар: Жыл мезгілі туралы әңгіме.
Көрнекі құралдар: құстардың суреттері, құстардың ойыншықтары мен макет, құстардың жемі.
Техникалық құрал: құстардың дауысы жазылған үн таспа.
Әрекет кезеңдері;
Әуен жүріп тұрады «Табиғат дауысы» , «Құстардың үні»
Тәрбиеші: Саламатсыңдар ма, балалар! Бәріміз орнымыздан тұрып келген апайлармен амандасайық.
Балалар: Саламатсыздар ма!
- Құстардың дауысы жазылған үнтаспа қойылады.
- Балалар, бұл ненің дауысы? (Бұл құстардың сайраған дауысы)
- Балдаурен, сендерді құстардың атымен еркелетуге болатынын білесіңдер ме? (Жооқ)
- Ендеше мен сендерді құстардың атымен еркелетіп көрейін.
- Аққуым. Көгершінім. Қарлығашым. Балапаным.
Бүгінгі біздің ҰІӘ тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Тәрбиеші:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)
- Күзде ауа-райы қандай болады? (жел тұрып, жаңбыр жауады)
- Күз мезгілінде неше ай бар? (3ай)
- Күз айларын атап беріңдерші? (Қыркүйек, қазан, қараша)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қазір күздің соңғы айы – қараша айы екен. Қараша айында күн суып, қыстың жақын екенін есімізге салатын ай екен. Табиғат біздің жер анамыз. Онда түрлі тіршілік иелері өмір сүреді. Олардың әр қайсысының өз ерекшелігі бар. Солардың бірі құстар. Құстардың көптеген түрлері бар. Мен сендерді құстардың түрлерімен таныстырып өтейін. Алдымен бейне сюжет тамашалайық. (бейне көрініс қойылады)
- Көрдіңдер ме балалар, құстардың көптеген түрлері бар екен. Өмір сүру ерекшеліктері де әртүрлі екен.
- Балалар, құстарды екіге бөлуге болады. Үй құстары және дала құстары.
- Үй құстарына; тауық, әтеш, үйрек, қаз, күркетауық кіреді екен.
- Дала құстарына; бүркіт, лашын, аққу, шағала т.б. және олардың жұмыртқалары кішкентай болады.
Балалар, құстар туралы тақпақ білесіңдер ме?
Сағадат:
Ой балалар, балалар,
Құстарда да ана бар
Құстарда да бала бар
Құс ұясын бұзбайық
Обалына қалмайық
Аяла:
Шыр-шыр еткен торғайды
Қорғамасақ болмайды.
Кіп – кішкентай торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
Асылхан:
Таспен атып торғайды
Ұя бұзған оңбайды
Құс өкпелеп кетеді.
Бақшамызға қонбайды.
Ендеше ойын ойнайық. Танымдық ойын «Құстарды қоректендір»
Сергіту сәті:
Қарлығаш болып ұшайық,
Кәне қанат қағайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Балалар, біз құстардың қалай дыбыс шығаратынын білеміз бе? Әр құстың өзіне сай дыбысы болады.
Кәне барлығымыз экранға назар аударайық.
- Бірінші құсымыз бүркіт – шаңқылдайды. Шаңқ-шаңқ
- Екінші құсымыз қаз. Қаз қаңқылдайды. Қаңқ – қаңқ
- Үшінші құсымыз үйрек. Ол барқылдайды. Барқ – барқ
- Төртінші құсымыз күркетауық. Ол – күркілдейді. Күрк – күрк.
- Бесінші құсымыз тауық. Тауық — қытқыттайды. Қыт – қыт.
- Алтыншы құсымыз әтеш. Әтеш шақырады. Ку – ка – ре – ку.
- Жарайсыңдар балалар.
Тосын сәт: құс ұясын орналастыру. Құстарды ұяға қондырып жем себу.
Кәне балалар, біз құстарға тиым салынған сөздерді айтып берейікші.
- Құс ұясын бұзба.
- Ағашты сындырма
- Құстардың жұмыртқасын жарма
- Құстарды атпа.
Шығармашылық жұмыс: «Құстар»
Қорытынды:
- Балалар, құстар нешеге бөлінеді?
- Дала құстарының жұмытқасы қандай болады?
- Үй құстарына қандай құстарды жатқызамыз?
Жарайсыңдар, балалар, ендеше бүгінгі ашық ұйымдастырылған іс-әрекетімізді аяқтайық.
Өте керемет
🔥👍👍👍👍👍
👍👍👍👍👍
Сейдазым Айгерим сиз кереметсиз
아 кушты
керемет👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍
Тек қана алға
💥 Бағындырар биігің көп болсын
Өте жақсы жасалған тәрбие сабақ жасаған жұмыстарың 👍🏻
Еңбегің жансын, мықты ұстаз болуыңа тілектеспін!
Жарайсың керемет,ісің өрге бассын☺️еңбегің нәтижелі болсын👍
Өте жақсы 👍👍
Еңбегің жемісті болсын
Керемет!!!!👍👍👍