Клышева Динара Кунтасовна
Ақкөл қаласы
Ж.Бектұров атындағы №3 ЖООБМ
бастауыш сынып мұғалімі
Әрбір оқушының танымдық, шығармашылық қабілетінің ресурс ретінде дамытылуы үшін мұғалімнің өзі де шығармашылық жұмыспен айналысуы тиіс. Білім алуым, дамуым аяқталды деген педагог алға баспайды, бір орында тоқтап тұрады. Күнде жаңа білім берумен, өзіміз де жаңа білім алуымыз керек.
Оқушылардың таным белсенділіктерінің арттыру жолдары болып табылады :
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс — әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:
1) жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек.
2) жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.
3) жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек, яғни жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, білімді тексеруде, сондай — ақ қайталауда да қолданылады.
Кітап – алтын қазына
Кәусәр :
- Сәлем , Айлин! Не істеп отырсың?
- Мен кітап оқып отырмын. Маған осы кітап қатты ұнайды. Жануарлар туралы әңгімелер. Сенің қандай сүйікті кітабың бар?
- Маған ертегілерді оқыған ұнайды. Ертегілерде ғажайыптар болады. Менің сиқырлы таяқшам болса ғой!
Осылай кітап әлеміне жолымыз басталды. Әліппені алғаш рет қолдарына алған оқушыларым білім әлеміне жол басып, дыбыстар мен әріптер елімен танысты. Соның арқасында білімдерін кеңейтіп, ақылдары арта бастады. Әрбір оқушым кітап оқып, «Мен оқымыстымын» деп айтатын болды.