Гибадилова Динара Жумабековна
№89 «Қыз Жібек» балабақшасы
Қазақ тілі мұғалімі
Тақырыбы: Жомарт күз
Балабақшадағы даярлық орыс тобының қазақ тілі пәнінен ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Қазақ тілі (қайталау)
Тақырыбы: «Жомарт күз»
Түрі: сайыс
Мақсаты: Күз туралы білімдерін дамыту. Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, күз мезгілінің сюжетті суреттері, көкөніс — жеміс суреттер.
Әдіс – тәсілдер: саусақ жаттығуы, түсіндіру, сұрақ — жауап, әңгімелесу, ойын, қайталау, сөздік жұмыс, рефлексия.
Белингвалдық сыңары: Күз-осень, жеміс-фрукты, көкөніс-овощи.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
- Сәлеметсіздер ме, балалар. Слайд №1
Сәлемдесу шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап, атқан күнге!
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді ойыннан бастағым келіп тұр: Ойынның атауы «Сенде не бар?». Оқу қызметіміз «Жомарт күз» деп аталады, сондықтан біз көкөністер мен жемістер туралы әңгімелесеміз. Жерде жатқан суреттерді таңдап алып, бір-бірімізге сұрақ қоямыз. (Шаңберде тұрып сұрақ қояды) Мысалы: Менде Алма, Ал Сенде Не Бар? деп жалғастырамыз.
-Жарайсыңдар, балалар, жемістерді таңдаған балалар бірінші үстелге, ал көкөністерді таңдаған балалар екінші үстелге отырып, осылай екі топқа бөлініп отырамыз. Екі топ бір-бірімен жарысады. Бірінші «Жемістер» тобы, Екінші «Көкөністер» тобы.
Сайысымызды бастамас бұрын, саусақтарымызды көрсетіп, саусақ жаттығуын жасайық:
Слайд №2
Бала-бала балапан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарың әйбәт,
Былай-былай ойнап. 2 рет
Балалар, сайысымызды бастаймыз. Слайд №3 Жауапты дұрыс айтқан балаға осындай фишка беремін, қолымызды көтеріп жауап береміз. Қандай топ көп фишкалар жинаса, сол топ жеңімпаз болып атанады.
Балалар, бізге бүгін Максим өлең дайындап келіпті, назар аударайық.
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан – алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жадырап.
Күн шуақта маужырап,
Жатыр енді жалтырап.
Кім айтады, осы өлең не туралы? Дұрыс, күз туралы. «Күз» деген сөзде неше дыбыс бар, ал неше буын?
Тіл ұстарту жаттығуы:
Үз-Үз-Үз — Алтын күз
Ақ-Ақ-Ақ – Түсті жапырақ
Ән-Ән-Ән – Пісті дән
І. «Даналық ағашы» ойыны. Слайд №4 Күзде жемістер мен көкөністер піседі. Балалар, бұл алма ағашындағы да алма пісті, алмаларды жинап, сол алмадағы санды атап сұрақтарға жауап беріңдер. Алманы себетке саламыз.
1. Ауа – райында қандай өзгерістер болады? Суық болады, жаңбыр жауады, жапырақтар түседі
- Күзде жапырақтардың түсі қандай болады. Сары, қызыл, жасыл
- Күз айларын ата
4. Бау-бақшалардан нелерді жинаймыз? Көкөністер мен жемістер. Жарайсыңдар, балалар!
ІІ. Таңғаларлық сәт: (есік қағылып топқа Бағбан ата кіріп келеді) -, сәлеметсіз бе Бағбан ата. — Қайдан келдіңіз?
Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен бағбан атамын, биылғы егін мен күздік жиын терінге риза болып, қуанып келем. Мына неше түрлі жемістер мен көкөністерді жеп өскен балалардың денсаулығы мықты болатынына мен сенемін. Бірақ, қарандаршы, балалар, мына көкөністер мен жемістер барлығы шашылып қалып, араласып кетіпті сендер осы бөліктерден көкөністер мен жемістерді жинауға көмектесесіңдер ме? (Балалар қағаздан жасалған бөліктерден көкөністер мен жемістерді дұрыс жинайды, және атайды, сипаттайды) Жарайсыңдар, балалар, маған өте жақсы көмектестіңдер, мен енді барып қалған жемістерімді жинап қысқа дайындаламын. Сау болыңдар, балалар!
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар, (Жоғары қолдарын көтеріп, солға, оңға иіледі)
Алдымнан жел еседі (Қолдарымен беттерін желпиді)
Кіп-кішкентай ағаштар, (Қолдарын біртіндеп түсіріп, ақырындап отырады)
Биік болып өседі, (Біртіндеп тұра бастайды)
ІІІ. Дидактикалық ойын: Слайд №5-9 «Төртіншісі артық» тақтадан суреттерді көрсету. Балалар мұқият қарап, артық көкөніс немесе жемісті атайды.
ІV. Слайд №10 Келесі тапсырмада осы жолдан өту керек, бірақ жай емес «Көкөністер» тобы жасыл шеңберге басып бір қадам жасап көкөністің түрін — қияр деп айтады, сары шеңберге басып қызанақ деп айтады.
Ал «Жемістер» тобы жемістердің түрін атайды, Жасылға – алмұрт, сарыға – алхоры. Барлығын дұрыс, ереже бойынша басамыз және атаймыз. Қорытындылау: — Балалар, бүгін біз не туралы айттық?
Жарайсыңдар, балалар, бүгін сендер оқу қызметіне жақсы және белсене қатыстыңдар! Рахмет сендерге!
Рефлексия: Екі түрлі қолшатырды алу.
— Егерде көңіл-күйлерің жақсы болса түрлі –түсті қолшатырдың астына жиналыңдар, көңіл-күйіміз болмай тұрса жасыл түсті қолшатырдың астына жиналыңдар
Күтілетін нәтижелер:
Жаңғыртады: Балалар күз мезгілінің ерекшелігін ажыратып сұраққа жауап береді.
Түсінеді: Жемістер мен көкөністерді ажыратып, екі тілде айта алады.
Қолданады: Оқу қызмет барысында алған білім білік дағдыларды қолдана алады
Қазақ тілі мұғалімі: Гибадилова Динара Жумабековна