Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,
Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейінің
бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары Биманова Загира Минайдаровна
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин
Мектеп жұмысының бүкіл жүйесін бір тұтастыққа біріктіретін мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттырудың маңызды құралы әдістемелік жұмыс болып табылады. Білім беруді модернизациялауға байланысты қазіргі жағдайда әдістемелік жұмыстың рөлі едәуір артады. Педагогке қойылатын талаптарда артады.
Қазіргі заманғы мұғалім өзінің пәндік саласында ғана емес, сонымен қатар заманауи педагогикалық технологияларды игеруі, ақпараттық кеңістікте жұмыс істей білуі, кәсіби және педагогикалық жағдайда жүйелі әрекет ете білуі, шығармашылық қабілеттері, аналитикалық және рефлексиялық мәдениеті болуы керек.
Мектептегі бірыңғай әдістемелік күн педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінің құрамдас бөліктерінің бірімен әдістемелік жұмыстың байланыстырушы буыны болуы тиіс. Ол мұғалімдердің шығармашылық жұмысын қамтамасыз етуге, өздігінен білім алуға және педагогикалық шеберлікті жетілдіруге, сондай-ақ мұғалімдер тобында жинақталған әдістемелік жұмыс тәжірибесін талдауға және жалпылауға арналған.
2021 жылдың 23 қарашасында бастауыш сыныптар бірлестігінде аудандық семинар өткізілді. Семинар бағдарламасы бойынша ашық сабақтар, сондай-ақ сыныптан тыс іс-шараларды қамтыды. Әдістемелік семинардың тақырыбын жүзеге асыру бойынша коучинг-сабақ өткізілді.
Сырдария ауданы мектептерінің әдіскерлері, мұғалімдері шақырылды. Мектеп мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп , өз тәжірибелерімен бөлісіп, семинар мен шеберлік сыныптарын өткізуде нағыз педагогикалық шеберліктерін көрсетті.
Семинар мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәсілдерін меңгеру;
Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар мен дискрипторлар құрастыру;
Қалыптастырушы және бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын критерийлерді тиімді құрастытуға ықпал ету.
Семинар мектеп-лицей педагог- психологі Сайфутдинова Нұршаттың «Көңілі көтерінкі ұстаздың ,еңбегіде жемісті» тренинг өткізуімен басталды. Нұршат тұрлі ойындар ұйымдастырып, соңында әр қатысушыға жүрекше сыйлап 3 топқа бөлді. Әрі қарай қатысушылар бөлінген топтары бойынша кабинеттерге бөлініп сабақтар басталып кетті.
4 ә сыныбында Садуова Гулсараның әдебиеттік оқу пәнінен «Ұлттық ойындарымыз» тақырыбында сабақ өткізілді.Түрлі- түсті асықтарды алу арқылы 4 топқа бөлінді. 4 топ 4 ауылдың атымен аталды. Н. Ильясов ауылы, Асқар Тоқмағанбетов ауылы, Шаған ауылы, Мәлібаев ауылдары атымен аталды. «Есіңе түсір» айдары арқылы сұраққа жауап алынып, бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылды. Мәтіннің авторымен таныстырылды. «Орамал тастау» ойыны оқылып, топтарда талқыланды. 4 топ тақтада ойынды ойнады. «Хан» ойыны 4 топта оқытып, әңгімелетті. Әр топта белгіленген тапсырма бойынша бағаланып отырды. «Пікіріңді айт» айдары бойынша оқушылар сұраққа жауап берді. Мұнан соң бейнебаяннан асық атаулары туралы тыңдады. «Ым-ишара» қимылмен көрсету арқылы сыныпқа дене шынықтыру пәні мұғалімі Марат Ғалымжанұлы шақырылды. Оқушыларды асықпен таныстырып, ортада асықпен ойналды. Оқушылар ым-ишара, қимылмен асық ойынын көрсете алды.
«Өзің жасап көр» айдары бойынша 4 топ өздері ұнатқан бір ойынға таныстырылым жасап, сол ойынға жарнама жасады. 10 балдық бағалау жұмысын жасады. Ойынның атын құрды, ойынның ережесін жасады, пайдаланылған құралдарын жазды, сол ойынға жарнама көрсете алды.
Сабақты қорытындылау мақсатында ұлттық ойындарымыз балаларды неге тәрбиелейтінін, ұлттық ойындар несімен пайдалы екенін өздері айта білді.
Биылғы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, осы Тәуелсіздік бізге нені әпергенін білді. Оқушыларды әр ауыл бойынша медальдармен марапатталды. «Кері байланыс» жасалды.