Home » Мақалалар » Берік отбасы – есірткіден алыс

Берік отбасы – есірткіден алыс

Отбасының беріктігі түсіністік пен кешірімділік, ауызбіршіліктен

құралады. Біз  өмірдегі бақытты жанұямыз. Себебі, біздің берік те, ұйымшыл отбасымыз бар. Ал, отбасында тату, бірлігі жоқ адамдар, жастар өздеріне қолдау іздеп жүріп жаман іс — әрекеттерге не жаман жолға түседі.

Есірткімен күрес – бүкіл әлемді жайлаған мәселе. «Нашақорлық» — грек сөзі,  «ессіздік», «ақ өлім» деген мағынаны білдіретінін бәріміз білеміз. Жасты да кәріні де аямаған бұл кеселмен күреске еліміздің құқық қорғау ұйымдары аянып қалып жатқан жоқ.

Қазір түрлі жазылмайтын аурулар, мәселен, ауыз қуысы, өкпенің рагы осының бәрі темекі, насыбайдың арқасында болып жатыр. Осы насыбай мен темекіге қызыққан, әуестенген балалардың зардабы, ертеңгі күні есірткіге әуес болуы мүмкін. Басқа елдермен байланысқанның арқасында келіп жатқан осы дерт ел болашағы үшін де, жастардың болашағы үшін де үлкен қауіп төндіріп отыр. Сондықтан да біз мемлекетіміздің есірткіге қарсы күресті күшейту сая-сатын қолдай отырып, төмендегі үндеуімізді жолдаймыз:

— Темекі шегуді тоқтатыңыз, салауатты өмір салтын ұстанып, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстайық!

Отанымда бейбітшілік орнасын,

Салауатты өмір салтын қолдасын

Әр отбасы дұрыс жолды таңдасақ,

Жарқын болар есірткісіз болашақ!

Әрбір Қазақстан жастарын, есірткіден аулақ болуға шақырамыз!

#есірткігеқарсы, #противнаркотиков 
Амановтар отбасы,
Қармақшы ауданы,
Байқоңыр қаласы,

№274 мектеп

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.