Ахметова Сәуле Мұратбекқызы
Самалова Айгерім Мырзағажықызы
Нұр-Сұлтан қаласындағы
Қ.Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL
мектеп-лицейінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Биылғы жылғы мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттау талаптарына біршама өзгерістер енгені баршаға мәлім. Енгізіліп отырған жаңалықтар заман талаптарына сай оқушы бойындағы алған білімін өмірлік дағдыларды қалыптастыру жолында дұрыс қолдана алу, яғни функционалдық сауаттылыққа негізделді. Қазақ тілі пәні бойынша емтихан материалдары білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуге және оқыған мәтіннің мазмұнына ой жүгіртіп, мәтін мазмұнынан өзіндік пайым жасауға баулиды. Алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдана алу үшін мәтін түрлерімен жұмыс жасау арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттырады. Тапсырмалар жүйесінде мәтін түрлерін талдау, мәтіндегі ой реттілігін анықтау, мәтін бөліктермен жұмыс жүргізу, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау, мәтіннің өмірмен байланысын ашу сияқты жұмыс түрлері қарастырылған. Мәтін мазмұны арқылы тест тапсырмаларын орындай отырып, қойылған сұрақтарға сауатты жауап беруге бағытталған.
Осы орайда мектеп мұғалімдері мен бітіруші түлектерге арнап көмекші құрал ретінде тапсырмалар жиынын әзірледік. Мақсатымыз – жыл бойы жаттығып, дағдыланып, оқушы бойына пәндік құзіреттіліктерді қалыптастырып, алдағы сынаққа бітіруші түлектерді жан-жақты әзірлеу. Оқушылар бойына сенім ұялатып, пәндік тұрғыда, психологиялық тұрғыда қолдау көрсетіп, сынақ жұмыстарына дайындау мұғалім жұмысының нәтижелі болатынына кепілдік береді.
Жұмыста қарастырылған тапсырма екі бөлімнен тұрады: 1-бөлім тақырыптарға сәйкес келетін жалпы көлемі 600-650 сөзден аспайтын 2 үзіндіден тұрады. Білім алушылар үзіндіге негізделген 15 сұраққа жауап береді. Оның ішінде 10 сұрақ жауап таңдауы бар; 5 сұрақ қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар. Нақты сұраққа жауап беру мен өз ойын, көзқарасын жеткізе білу, қорытынды жасай алу, лексикалық, грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдана білу дағдысын қамтиды. Екінші бөлімде жаратылыстану-математикалық бағытта білім алушылар 200-250 сөзден тұратын эссе жазады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектеп курсын бітірушілер үшін ұсынылған үш тақырыптың біреуін таңдап, 200-250 сөзден тұратын жазба жұмысын (мақала, эссе, тезис, рецензия) орындайды. Білім алушылар өз ойын дұрыс, көркем етіп жарыққа шығарудың жолы мен жазу дағдысын меңгереді.
Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, көтерілген мәселені талдай алу сияқты дағдыларды меңгертуге берілген тапсырмалардың берері мол.
Логикалық және стильдік түзетулер енгізуге, эссе жазу жолдарын зерделеуге үйретуде көмекші құралдың мазмұны шебер ұйымдастырылған деуге толық негіз бар.
Ауызша көркем сөйлеу мен жазба тілдің мәдениетін жетілдіруді қамтитын тапсырмалар оқушы зердесін дамытуға, өз бетімен іздену сияқты рефлексиялық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталды.
Оқырмандар назарына жұмыс мазмұнынан үзінді ұсынғанды жөн көрдік.
1-нұсқа. 1-бөлім. 1-тапсырма.
Мәтін үзіндісін оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақ жерінде алғаш пайда болған жазу өнері және оның ең алғашқы нұсқалары мерзімдік кезеңделуі жағынан тас дәуірінен бастау алады. Оның нақты дәлелі еңбек құралдарындағы мақсатты түрде ойылған ойықтан бастап, өрнек түрінде түсірілген таңба, белгілерді де айтуға болады. Адам баласының саналы түрде нобайлап сызу, кейіптік пішіндерді тегістік бетіне таңба етіп түсіру еңбегінің жарқын үлгісі ретінде Каспий теңізі жағалауындағы Қосқұдық ескерткішінен көре аламыз. Уақыт өте келе жалғасын тапқан бейнелеу өнері арқылы таңба түсіру, шеку, бейнелерді қашау, бояуларды пайдаланып сурет пен таңба жазу үлгілерін қалдыру ісінің жалғасын қазақ жерінде пайда болған жазу өнері және оның ең алғашқы нұсқалары мерзімдік кезеңделуі жағынан тас дәуірінен бастау алады. Олардың этномәдени жөн-жосығын талдау, болмысын айқындау ісі дүниежүзі ғалымдарының басты мақсаттағы зерттеу нысаны болып келеді.
Біздің заманымызға ұласып жеткен байырғы жазу таңбалары ғұрыптық кешендердің құрылымдық кейбір бөліктерінде, ортағасырлық тас мүсін, бітіктастарда, сандықтас (барықтарда), атақты бекзат тұлғаларға арналған кешенді ескерткіштерде, ескерткіш құрылысына пайдаланылған шикі, қам кесектерде, зооморфтық мүсіндерде, балбал-меңгірлердің тегістікті жерлеріне шекіп те, қашап та салынған. Бұл айтылған жайтқа мысал, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданына қарасты Манат ауылы маңында орналасқан, Аюлы демалыс орнынан 12 шақырым жердегі, Манат таңба жазуынан. Екінші бір үлгісі, осы өлкедегі келесі таңба жазулы ескерткіші – Ақбауырда. Бұл ескерткіштің екеуі де ғалымдар тарапынан зерттеліп, әлі де құпия сыры беймағлұм екендігімен ерекшеленіп отыр. Ал, тасқа таңбаны қашау үлгісі баршаға таныс «Таңбалы тас» атанған кешенді және соңғы жылдары Үлкен Қаратау сілемдерін зерттеу нәтижесінде табылған «тас бағандағы» таңбалар (ОҚО, Түркістан ауданындағы Шалқұлаған өзенінің сол жағалаулық шоқыда орнатылған тас баған), қыш кесектерге басылған (Шірік-Рабат ғұрыптық ескерткіштерінің құрлысына пайдаланылған қам кесектердегі таңбалар, Қызылорда облысы) таңбалық белгілер, мұның барлығы аталмыш жәдігерлердің тарихи болмысын айқындайды.
Ертіс өзенінің оң жағалауынан 1960 жылы сақ дәуірінің б.з.д. V-IV ғасырларға жататын ескерткішінен марал сүйегінен жасалған тұмардан жазу табылған. Оны танымал түрколог ғалым А. Аманжолов оңнан солға қарай «Ақ сықын» — «Ақ марал» деп оқыған [1].
Осы сияқты Есік қаласы маңындағы «Алтын адам» қабірінен шыққан күміс тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңбалы жазу табылды. Бұл жазулар байырғы түркі руно жазбаларына, екіншіден, Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде таралған көне алфавиттік таңбаларға, әсіресе, грек, арамей әріптеріне ұқсас. Оны да А. Аманжолов көне түрк тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған. Есік жазуының мазмұнында: «Аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай!)!» деген мағынаға ие. Зерттеуші пікірінше, бұл сақ дәуірі ескерткішіндегі жазу түрк тілінде жазылған, яғни бұдан 2500 жылдан бұрын түрк тілдес сақ тайпалары таңбалап жазуды білген деген тұжырым жасаған [2].
https://e-history.kz/kz/historical-education/show/12828/ © e-history.kz
1.Зат бетіне ою-өрнек салу деген мағынаны білдіретін сөз
А. Қашау
В. Шеку
С. Таңба салу
- D. Нобайлап сызу [1]
2.Тегістік бетіне таңба түсіру үлгісін еліміздің қай өңірлерден байқай аламыз?
А. Батыс өңірі
В. Оңтүстік-Шығыс өңірі
С. Орталық Қазақстан
- Жерорта теңізі аймағы [1]
- Есік маңынан табылған көне таңбалы жазудағы қандай ой айтылған?
А. Ел іргесі бүтін болып, молшылық болсын.
В. Отаным саған аманат.
С. Дұшпандар тізе бүксін.
- Ерлігім ұрпаққа үлгі болсын. [1]
- 4. «Қашау» сөзінің мағынасы қандай?
А. Қазу
В. Сызу
С. Бейнелеу
- Жону [1]
- Көне жазу таңбаларының жиі кездесетін орындары туралы қай абзацта жазылған?
А. төртінші
В. бірінші
С. үшінші
- екінші [1]
- Мәтін арқылы автор қандай мәселеге назар аударып отыр?
А. Ежелгі жазу үлгілері түркі тілінде жазылған.
В. Қазақ жерінде тарихи орындардың көптеп кездесуі.
С. Көне жазулардың беймәлім құпия-сырларын ашу.
- Алғашқы жазу өнері қазақ жерінде пайда болған. [1]
- Сақ дәуірінде алтын, күміс пен мал сүйегінен жасалып, үзбелі бауға байланып, әшекей ретінде қолданылған бұйым
А. Күміс шынжырлы әшекей
В. Киелі бұйым
С. Таңбалы тас
- Тұмар [1]
- Алтын адам қабірінен табылған таңбалы жазу табылған бұйым
А. Табақ
В. Тостаған
С. Тегене
- Торсық [1]
- Соңғы сөйлемдегі бос орынға қандай сөзді қоюға болады?
А. Жуық уақыт
В. Таяу кезең
С. Шамасында
- D. Астам уақыт [1]
- Зерттеуші мамандар қандай тұжырым жасап отыр?
А. Таңбалы жазулар қыш кесектерге басылған
В. Тастағы таңбалар тарихи болмысты айқындайды.
С. Таңбалы жазулар қам кесектерге жазылған.
- Сақ тайпалары таңбалап жазуды білген. [1]
2-тапсырма. Мәтіндегі мәліметтерді қолданып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.
Әр тапсырманаң балы тік жақшада[ ] берілген. Тіл сапасына қосымша 5 балл беріледі.
Заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы арқылы жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуға бағытталған жоба болатын.
«Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілді.
Елдегі меценеттар мен қамқорлық пен қайырымдылық жасаушы тұлғалардың көпшілігі танымалдылыққа мән бермей жатады. Танымалдылықты артық дүние санайтын көптеген меценат тұлғалар өздерінің мерейлі істері үлкен бір ұрпақты тәрбиелеуге жететіндігін ескермейді. Адамгершілігі мол адамның қарапайым келетіндігі де белгілі. Бұл жобада халық қалаған, аймақ қолдаған тұлғаны жұрттың өзі ұсына білді.
Жоба аясында «Жүз есімді» анықтау мақсатында әр өлкеде қызу талқылаулар мен ұсыныстар болды. Ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалардың санаты көбейе түскенін байқадық. Республикаға танымал адамдармен қатар игі іс тындырған өзге де жайсаң тұлғалар жобаға қатысты.
Қазақстанның жаңа заманғы келбетін қалыптастыруға ұмтылған тұлғалардан өнеге алған жастар да өзін жетістік жолында, елге еңбек сіңіру мақсатында өмірін сарп ететін болады. Елі үшін, жері үшін қандай да бір сауапты іс сіңіріп кетуге ұмтылады. Әрбір адамның мақсаты бұл туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіру, бұл өмірге келуінің де басты миссиясы екендігін сезіне алуы қажет.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/47808/
1.«100 жаңа есім» жобасын ұйымдастырудың артықшылығы туралы мәтінде қандай екі ақпарат берілген?
————————————————————————————————————————————————————————————- ———————[2]
- Жаңа Қазақстанды қалыпастыруда жастар бойынан табылуға тиіс екі басты құндылық деп нені көрсете аласыз?
- ———————————————————————————————————————————————————————————————————
- ———————————————————————————————————————————————————————————————————[2]
1.«100 Жаңа есім» жобасының идеясы неде деп ойлайсыз?
[1] [Барлығы: 5+5=10 балл]2-бөлім. Тапсырма
«Тарих дегеніміз тек өткеннің сабағы ғана емес, ол – болашақтың да көрінісі» тақырыбында аргументтерді сараптап, талқылай отырып эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптар үшін:
Берілген тапсырмалардың ішінен біреуін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Барлық тапсырмалар бірдей деңгейде.
Тиісті шаршыға қанат белгісін (✓ ) қойыңыз
1 2 3
- Расул Ғамзатовтың «Егер менің тілім ертең өлсе, мен бүгін өлуге дайынмын» деген сөзіне өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдеп, дамытып жазыңыз. Сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет. [20 балл]
- «Оқуға құштар ұлтты қалай қалыптастыра аламыз?» Қазіргі замандағы кітап оқуға сұраныспен байланыстырып жергілікті басылым бетіне жариялайтын мақала мәтінін жазыңыз. Сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет. [20 балл]
3.«Еңбек нарығына сай мамандық таңдау маңызды» тақырыбына көпшілік алдында сөйлейтін сөздің мәтінін жазыңыз. Сөз саны 200-250 сөз болуы қажет. [20 балл]