Home » Ашық сабақтар » Жау-жау, жаңбыр

Жау-жау, жаңбыр

Жусупбекова Гульсум Шабданқызы
Нұр-Сұлтан  қаласындағы
Арт-терапия басым бағыттағы
№45 «Самұрық» балабақшасының
Тәрбиешісі

Білім беру  саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Жау-жау, жаңбыр.

Мақсаты: а) Жаңбырдың жаууын бейнелеуге; бұлттарды және сызықтарды қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру; балаларды табғиғат құбылыстарын бақылай отырып өз сезімдерін іс-әрекетте бере білуге үйрету.

ә)  Күз мезгіліне тән құбылысқа қызығушылығын арттыра отырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

б) Есте сақтау қабілетін, сөздік қоры мен ұсақ қол маторикасын дамыту.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету. Сұрақ-жауап, тосын сәт «Жаңбыр дыбысы», слайд көрсету. Саусақ, қол жаттығуы. Өлең.

Көрнекі құралдар: Сурет – құрал жабдықтары бейнеленген үлгі сурет, әрбір балаға ақ қағаз, көгілдір түсті гуаш, сүрткіштер, таяқшалар, қылқаламдар, көк түсті құм, желім, шарада су, гупка.

Шаттық шеңбері:

Тырс-тырс, тырс-тырс,

Жаңбыр көп жауады.

Тамшылар тамады,

Тырс-тырс, тырс-тырс,

Сабақтың барысы: Педагог балалардың назарын слайдқа аударады.

Балалар  бейне тақтаға  көңілімізді бөлейік

  • Балалар, мына суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
  • Күз мезгілі.
  • Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
  • Жапырақтар жерде жатыр.
  • Жапырақтар сап-сары.
  • Далада жаңбыр жауып тұр.
  • Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін күн салқын, жаңбыр жауып тұр. Аспанды бұлт торлаған. Күн бұлттанса, жаңбыр жауады. Балалар, жауын түрлері 3-топқа бөлінеді.

  1. Ақ жаңбыр – қатпарлы бұлттардан жауады, аппақ болып, бірнеше сағаттан,

бірнеше тәулікке дейін созылады.

  1. Нөсер жаңбырбудақ бұлттардан қатты жауып, тез аяқталады. Найзағай ойнап жауатын жауын.
  2. Сіркіре жаңбыркөшпелі бұлттардан ақырын жауады, тамшылары кішкентай.

Ал балалар мына тақтадағы суретке көңіл бөлейік.

  • Мына суретке қараңдаршы, бұл не?
  • Бұлт.
  • Бұлттың түсі  қандай?
  • Бұлттың түсі көк.
  • Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі? Қане тыңдап көрейік.
  • -Тырс-тырс.

(Балалар ақырын жауған және қатты жауған тамшының дыбысын тыңдайды.)

  • Қалай тамып тұр екен?

-Тырс –тырс деп тамып тұр.

Қатты найзағай дыбысы естіліп, бұлт ортаға кіреді.

Ақпын, сұрмын, қарамын,

Аспанда қалқып жүремін.

Ашулансам мен егер,

Жерге нөсер төгемін.

Тәрбиеші: Балалар, бізге кім келді?

Бұлт.

Сәлеметсің бе, бұлт?

Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар.

— Бұлт, сен бізге неге келдің?

Мен барлық бақша балаларына тапсырма таратып жүрмін. Енді мен, басқа бақшадағы балалардың тапсырмасын апарайын.

— Сау болыңдар, балалар.

— Сау болыңыз, бұлт.

Тәрбиеші: Балалар бұлттың тапсырмасын орындайық.

1-тапсырма: Д/о «Дұрыс қайтала».

1)Үстел үстін саусақтарымен тырсылдатып, жаңбыр дыбысын бейнелеңдер.

(Тәрбиеші көрсетеді, балалар қайталайды).

2) Екі алақандарыңды тізелеріңе қойып, шапалақтап көрсетіңдер.

(Тәрбиеші көрсетеді, балалар қайталайды).

3) Аяқтарыңды тарсылдатып, дыбыс шығарыңдар.

(Тәрбиеші көрсетеді, балалар қайталайды).

2-тапсырма: Жұмбақ  

Тырс-тырс тамады,

Сайға қарай ағады (жаңбыр).

Тәрбиеші: Балалар жаңбыр туралы қандай тақпақ білесіңдер?

  1. Кап-кап, кап-кап,

Жауды жаңбыр тамшылап.

Айналаның бәрі де,

Шыға келді жалтырап.

  1. Кап-кап, кап-кап,

Жауды жаңбыр тамшылап,

Қызыл сары жапырақ,

Ұшты желменен ойнап.

Тәрбиеші:Тамаша қандай жақсы өлең шумақтары.

Қ/о «Күн мен жаңбыр»                                                                                   

Мақсаты: Балаларды  берілген белгі бойынша шапшаңдыққа, жылдамдыққа, зейінін аударуға және ұйымшыл болуға үйрету. Есту қабілетін дамыту.

Тәрбиеші: Балалар, енді біз сендермен жаңбырдың суретін салайық.

а) Қылқаламды гуашқа батырып, бұлттың суретін қағаздың үстіңгі жағына саламыз.

ә) Бұлттың ішіне желім жағып, үстіне көк құмды себеміз.

б) Таяқшамен бұлттан төмен қарай тамшыларды, үзік сызықтар арқылы саламыз (педагог балаларға көрсетеді).

Тәрбиеші балалардың қағаз бетіне бұлтты және тамшыларды шашырата салуын бақылайды (Балалардың  қолдарын сүлгіге сүртуін ескерту).

Жұмыстарына басшылық жасап, жақсы орындаған суреттерді мақтап, марапаттау.

Тәжірибе: жауын түрлерін көрсету.

Мақсаты: Балаларды жауын түрлерін ажырата білуіге үйрету.

Қортынды: Балалар,  бүгін біз сендермен не туралы айттық?

Ненің суретін салдық? Жаңбырдың  қандай түрлерін үйрендік? Жаңбыр қалай жауады?

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.