Тажибаева Гульжахан Ботабаевна
Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақ ұлттық өнер университетінің
дарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектеп-интернатының
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, дінің, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тамағын, ұлттық ойындарын насихаттап көрсету. Тілге деген, дінге деген ұлттық сезімдерін ояту, қазақ халқының салт-дәстүрлерін бағалап, Ұлыстың ұлы күнін мақтанышпен қарсы алып құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, кесте, сызба, түрлі суреттер, т.б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, технология.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі: А
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, балалар. Наурыз – бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.КЛАМА
1-жүргізуші: Баршаңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын.
Хор. «Наурыз көктем».
2-жүргізуші: Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке-бірлік болсын, — деп
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!
1-оқушы: «Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған,
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!
Көгімде күн өрлетіп,
Төрт түлігін төлдетіп,
Қаймақ сүтін көлдетіп,
Ыризық-құтын селдетіп,
Келді Наурыз – Ұлыс күн!
2-оқушы:Аққар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз!
2-жүргізуші: Марат Кәусардың орындауында «Мереке күйі»
1-жүргізуші: Сұрақ-жауап
Ал балалар, біз сендердің жыл басы туралы білімдеріңді байқап көрейік
- Жыл басының алғашқы күні (Ұлыс күні)
- Жыл басының алғашқы төлі (дүбір аяқ)
- Төрт түліктің алғашқы сүті (уыз)
- Көктемнің алғашқы гүлі (бәйшешек)
- Алғашқы асы (наурыз көже)
- Сый тамағы (ұйқы ашар)
- Жігіттердің қыздарға беретін сыйы (селт еткізер)
- Ұшып келетін құс (наурызек)
- Қазақтың бес қаруы (найза, қылыш, шоқпар, )
- Көктем мезгілінің айлары (наурыз, сәуір, мамыр)
2-жүргізуші: Ой, балалар рахмет, сендердің наурыз тойы туралы білімдерің біздің көңілімізден шықты.
1-жүргізуші: Енді кезекті жас күйшілерімізге берейік.
Күй айтыс
1 жұп. — Мағзаш Бексұлтан мен Ахмет Айбике «Тойбастар»
2 жұп. — Аселбек Аружан мен Ерболат Тамирис «Қызақжелең»
3 жұп. — Нүркенова Асия мен Қамалқан Інжу «Арман»
3-оқушы: Он екі жыл бір мүшелді құраған,
Бұрынғылар «жылың не» деп сұраған.
Әрбір жылдың өзіне тән сыйы бар,
Ниет қойып білу керек мұны адам.
Мұғалім: Биылғы жыл иесі – барыс екен.
Әрбір Жаңа жылдың адамзатқа әкелер өзіндік жаңалығы, сый-сияпаты болады, Қой жылының қадір-қасиеті жайында айта кететін болсақ онда туар жылдың жазы – ыстық, қысы – суық болады. Көктемде кейбір жеміс-жидектерді үсік шалады. Бірақ соған қарамастан халқымыздың дастарханы берекелі боп, ел ішін тоқшылық жайлайды.
Қой жылы туғандардың биыл дүниеге келген ұл балалардың көзі үлкен, мінезі ашық-жарқын, кез-келген кісімен тіл табыса білетін әңгімешіл болады. Жастары ұзақ боп, дәулетті болады. Ал қой жылы туған қыз балалардың бет жүзі аппақ, көзі қарақаттай қара, тұлға бітімі сымбатты болады деген болжам бар екен.
2-жүргізуші: Ізтілеу Нұрайлым «Наурыз келді» әні
1-жүргізуші: Орынбек Айсана скрипкада «Прялка» авторы Антон Рубинштейн
4-оқушы
— Бүгін жер бетіне жақсылық ұялаған күн.
— Бүгін – көк құт көзін ашқан күн:
— Бүгін – Жаңа жылдың жерге түскен күні
— Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.
— Бүгін – Береке мен Бірліктің, Игілік пен Теңдіктің туын көтерген Наурыздың туған күні.
2-жүргізуші: Мың бұралған биші қыздарымызды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Қамалқан Інжу халық әні «Гүлдерайым».
1-жүргізуші: Алтын күні шуақ шашып аспаннан
Жаңа жылым жыр думанмен басталған
Ақ дастархан жайып қазақ төріне
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған, «Наурызым-бабамның сөзі, наурызым — анамның сөзі, ғасырдан-ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші бата сұрайық.
2-жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын.
Мерекелік іс-шарамызды ары қарай ұлттық ойындармен жалғастырамыз. Ол үшін ұл балаларды ортаға шақырамыз
Қазақтың ұлттық ойындары:
Қол күрес: сыныптың ұлдары күштерін сынап көру мақсатында қол күрестіреді.
Шеберлер сайысы: Қыз балалар қазақтың ұлттық оюларын ойып, қағаз бетіне үйлестіріп жапсырады
Хан талапай: Асықпен ойналатын ойын. Ерекше асықты белгілеп сол асықтың иірген кезде түсуіне қарай бір-біріне атамыз. Егер асық шік түссе ханталапай деп айғайлап кім қанша алғысы келеді алады.