Бегетаева Расима Анваровна
Нұр-Сұлтан қаласы
№ 60 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
педагог-шебер
Бүгінгі күні жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай ұрпақты қалыптастыру – мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады.
Ал біздің мақсатымыз – алдымызда отырған оқушының өмірге деген дайындығын, қабілетін дамытумен бірге, алған білімдерін сауатты қолдана алу әрекеттерін арттыруға ықпал ету, сондай-ақ оқушыларға оқу сауаттылғын терең игерту – оқушының даму мүмкіндіктерін қалыптастыруға жағдай жасау, шығармашылық дамуына мүмкіндік беру.
Қазақ тілі сабағындағы мұғалім іс-әрекетінің негізгі мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, олардың лингвистикалық капиталын дамыту болып табылады. Оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, талдау, дәлелдеу қабілеттерін дамыту, зейін қоя оқу дағдыландыру мақсатын көздейді.
Жоғарыда көзделген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылған: оқушының жас ерекшелігіне сай мәтін сұрыпталып ұсынылады; тапсырмалар арқылы оқушылар алған мәліметі бойынша өзіндік көзқарасын білдіреді, мәтін табиғатын егжей-тегжейлі таниды; мәтін мазмұны мен көтерілген мәселелерді анықтайды, өз көзқарастарын білдіреді; сұрақтарға жауап береді, мәтін құрылымында берілген негізгі ойларды анықтап, авторлық позицияның берілу жолдары мен тілдік ерекшеліктерін анықтайды.
Оқушылардың қазіргі кезде кітапты түсініп оқу дағдылары төмендей бастады. Осыған орай мәтіннен әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу, негізгі идеяны түсіну, сұрақтарға жауап немесе мәтін бойынша сұрақтар құрастыру арқылы оқушылардың танымдық, зерделілік қабілеттерін арттыру өзекті мәселеге айналуда.
Оқушының лингвистикалық капиталын дамыту үшін жаңа парадигмалық білім беру жүйесінің белсенді әдіс-тәсілдері қолданылды.
Осы мақсатымызды жүзеге асыру үшін «Оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар жинағы» атты авторлық бағдарламам жаңа форматқа сәйкес әзірленді. Бұл құрал 10-сынып оқушыларына арналған мәтін тақырыптарын қамтитын теориялық білімдер, практикалық сұрақтар, функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырмалардан тұрады
Тапсырмалар оқушылардың сабақта сауатты оқу, ой қорытындысын жасау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жинаққа енгізілген мәтіндер мен тапсырмаларды оқушылар білім деңгейіне, мүмкіндігіне қарай пайдалана алады. Ұсынылып отырған авторлық бағдарлама жалпы орта білім беру мектептерінің 10-сынып оқушыларына арналған. Жұмыс ғылымдық, тәрбиелік мәні бар мәтіндер мен функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырмаларынан тұрады. Мәтіндер мен тест тапсырмаларының құрылымы білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін бағалаудың ең жаңа технологияларын есепке ала отырып әзірленген.
Осы авторлық бағдарламадан күтілетін нәтижем — оқушылардың ой-өрісінде ұлттық құндылықтарға негізделген ұлтжанды ұрпақтың болмысы, мәдениетіміз бен әдебиетімізді қастерлей білетін терең түсінік қалыптасады; туған тілін құрметтейтін, ұлттымыздың құнды қасиеттерін қадірлей білетін, тілдің қадір-қасиетін дәріптей білетін, төл тарихымыз бен мәдениетіміздің өрісін дамытып, қастерлей білетін құндылықтардың негізі қалыптасады.