Қазақстанда 2022 жылды Мемлекет басшысы балалар жылы деп жариялады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында өскелең ұрпаққа ерекше назар аударуға шақырып, балалардың әл – ауқаты — мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі екенін атап өтті.
Балалар жылы аясында елімізде іс-шаралар сәтті жүзеге асырылуда. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған «Мен және менің полицейім» республикалық акциясы бар.
А.ж. 11 сәуірінде Ақмола облысы полиция департаментінде «ашық есік күні» өтті, ал департамент мұражайы Ақмола милициясының, одан кейін полицияның тарихи өткенімен танысқысы келетін Қазақстанның жас азаматтары үшін өз есігін айқара ашты.
Келушілердің назарына облыс аумағында құқықтық тәртіп органдарының қалыптасу тарихы ұсынылды. Бүгінгі күні мұражайда халықтық милициядан бастап тәртіп сақшыларының қазіргі заманғы салтанатты формасының нысанды киім-кешегінің «желісі» қайта жасалған, қару-жарақ коллекциясы, міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған экспозиция жиналған.
Музей қонақтарын әсіресе, Ақмола милициясының қызметкері Қайролла Жақұдинұлы Жақұдиннің ерлігіне арналған бұрыш қызықтырды. Балаларға 1961 жылы жерлесі болып келетін Қайролла Жақұдинұлы басқа экипаж мүшелерімен бірге атом сүңгуір қайығының бортында Атлант мұхитында болған апаттың алдын алғаны туралы айтып берілді.
Оқушылар Қ.Жакулиннің және басқа ақмолалық батыр-полицейлердің өмірбаянымен тығыз танысты. Балаларды департамент мұражайының ауқымды экспонаттары, кезең-кезеңге бөлінген залдар, ұқыпты орналастырылған фотосуреттер, кітаптар, құжаттар және техникалық құралдар таң қалдырды.
Сол күні Ақмола полицейлері жоғары сынып оқушыларын ведомство қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, өңірдегі жасөспірімдер қылмысының жай-күйі және осы бағытта жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары туралы айтып берді.
Полицейлер оқушыларға ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясында оқудың артықшылықтары, оқуға түсу тәртібі және болашақ курсанттарға қойылатын талаптар туралы айтып берді. Балаларға Қарағанды академиясының қызметі туралы және ақмолалық полиция қызметкері Данияр Аманжолдың ерлігі туралы бейнероликтер көрсетілді.
ЖПП ПД 5-ші взвод командирі капитан Данияр Аманжол оқушыларға өзінің ерлік іс-әрекеті, бес бала мен әйел адамды өрттен құтқару тарихы және алған наградалары туралы айтып берді. Жасаған ерлігі үшін ержүрек полицей Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Ерлігі үшін» медаліне ие болды, ал 2016 жылдың желтоқсанында Данияр Ақмола облысы ПД ардагерлер кеңесі тағайындаған «Абырой, Намыс, Ерлік» қоғамдық сыйлығының бірінші иегері атанды.
Жоғары сынып оқушылары полицейлердің қиын күндері және бұл мамандықтың қаншалықты қауіпті екендігі туралы көп нәрсе білді. Тәртіп сақшылары оқушыларды әрқашан алға қойған мақсаттарына жетуге және еліміздің лайықты азаматтары болуға шақырды.
«…Біз кездесуден жарқын эмоциялар мен әсер алдық, полиция қызметі туралы көптеген қызықты нәрселерді білдік, тіпті болашақта қандай мамандық иесі болатынымызды шештік…»,- деп балалар іс-шара соңында өз әсерлерімен бөлісті.
Естеріңізге сала кетсек, «Мен және менің полицейім» республикалық акциясы Ақмола облысының аумағында 11-15 сәуір аралығында өтуде.
Айгерим Уртенбаева