Бисенбай Құдайберген
Ақтөбе облысы
№30 қазақ орта мектебі
Үйретері мол «Айсын радиожурналистика» мектебі
Қазіргі заманда балалардың жарқын болашағы үшін уақытын тиімді өткізу пайдалы. Телефонға телмірмей, алтын уақытты түрлі үйірмелер мен қосымша мектепте барған жөн. Мені анам 6 жасымнан бастап үйірмелерге апарды. Алдымен сурет салу сабағына қатысып жүрдім. Кейін бассайнге барып, тіл үйренуді мақсат тұттым. Көп ұзамай анам «Айсын радиожурналистика» мектебі туралы естіп, сонда қатыс деп кеңес берді. Ер бала болғасын жаныма спорт үйірмелері жақын деп ойлайтынмын. Көпшілік алдында еркін сөйлеп, ойды ашық айту кез-келген салада жетістікке жетелейді. Бастапқы сабақтарда қысылып, ұялып жүрдім. Кейін қызықты ойындар мен ашық сағаттарда сауатты жазу мен жүргізіп оқуды үйрене бастадым. Әдебиетке деген махаббатым оянды. Мектепте басым бөлігі қыз балалар болса да, ұлдардың оқуға құштарлығы күн өткен сайын артуда. Мұнда келіп жүргенде уақытымның зая кетпегенін түсіндім. Мен үшін кішігірім қуаныштарда еркін тілек айту мектептен үйренген алғашқы жетістігім болды. Одан әрі мәнерлеп оқу, өлең жаттау, жаңылтпашты жаңылмай айту, камера алдында сөйлеу, қазақ тілінде паразит сөздерді қолданбауға дағдыландым. Радио журналист терінде «Айсын» балалар радиосынан хабарлар жүргіземін. Енді міне әңгіме жазуға машықтанып келе жатырмын. Табиғи тіл тазалығын сақтап, қазақ тілінде шешен сөйлеуге үйрететін ерекше мектепте білім алып жатқаныма қуаныштымын. Меніңше менің әлі де бағындырар белестерім әлі алда.