Home » Ашық сабақтар » Мен  оқыған бір  кітап 

Мен  оқыған бір  кітап 

Абдрахманова Пернекуль Шаршенбиевна
Астана қаласы
№60 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мақсаты:  Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Әрбір тұлғаның  кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту. Оқырманның кітапқа деген ерекше көзқарасын қалыптастыру.

Әрбір   тұлғаның  ой-өрісін кеңейтіп, білім алудағы кітаптың маңыздылығын айқындау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Оқыған кітаптың қызықты, мағыналы түйінін анықтау. Кітапхананың белсенді, үздік  оқырмандарын   анықтау

Оқушыларды білім құралы кітаптың маңызымен таныстыру. Оның алғашқы шығу тарихымен және алғашқы баспагерлермен, еліміздің баспаларымен таныстыра отырып, сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой-өрістерін дамыту. Оқушыларды білімділікке, адамгершілікке, кітапты бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Байқаудың барысы:

Жүргізуші:Қайырлы күн, ұстаздар және оқушылар!

Жасымда білім бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл мақұрым қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?- деп Ұлы Абай атамыз өзінің білім дариясына кешірек қол сермеп қалғанын өкінішпен айтады. Бұнда ақын: Білім алуға бала кезіңнен ден қойсаңдар, өкінбейсіңдер, балғын шақта алған білімдерің, оқыған кітаптарың мәңгі бақи естеріңде қалады дегенді меңзейді.

— Ал, балалар, бізге білім берер негізгі құрал не?

— Әрине, кітап. Кітапты оқи отырып адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы- құрдастарыңмен жақсы болуға қандай да бір жақсылық істеуге құлшындыратын да осы – кітап. Біз кітаптың маңызын жақсы білеміз. Бүгінгі байқауымыз да «Білімге құштар мектеп» атты жобаның аясында өтпек,                            7-сыныптардың арасында «Мен оқыған бір кітап» атты сайысымызда оқылған кітаптардың презентациясын тамашалап, өз бағасын береміз.

Сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайысымызды бастамас бұрын әсем әуенді күйімізді тыңдасаңыздар деп едім.

Күй «Ерке сылқым» Орындаушы: Карасева Каусар

Жүргізуші:  Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз:

7 «А» сынып оқушысы: Серікжанқызы Жансая

7 «Б» сынып оқушысы: Мишаткин Александр

7 «В» сынып оқушысы: Даулетбеков Амир

7 «Г» сынып оқушысы: Стаценко София

7 «Д» сынып оқушысы: Ким Владлена

Ж.Саинның

Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің,

Оқисың кейде жатып ап,

Көтеріп күйін көңілді,

Айдыны шалқар кейде бір,

Кітаптан тұнған көл дерсің,

Ауадай қажет бейне бұл,

Жүргізуші: Татпасаң нәрін шөлдерсің!- деген өлең жолдарын жолдай   отырып, кезекті оқушымызды шақырамыз:

7 «Е» сынып оқушысы: Соколов Михаил

7 «З» сынып оқушысы: Альбекова Рауана

7 «Ж» сынып оқушысы: Молдагаипова Меруерт

7 «И/Т1» сынып оқушысы: Жаскайратова Зере

7 «И/Т2» сынып оқушысы: Джайлау Агния

 Күй «Көрұғлы». Орындаушы: Темирбаева Садия

Жүргізуші:Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.Олай  болса  келесі  кезекте

Жүргізуші: Достар, кітап  туралы  жазған  ұлы  ғұлама  ақын, жазушыларымыздың  қандай  нақыл  сөздерін  білесіңдер.

Жүргізуші: Ой  сергіту. Полиглот ойыны.

  1. Жасымда ғылым (наука, сайнс) бар деп ескермедім. (Абай)
  2. Желсіз түнде (ночь, найт) жарық ай (луна, мун)

3.Кітап-(книга, бук)б ілім  бұлағы  (Мақал)

  1. Талаптан да, білім (знание, ноуледж) мен өнер (искусство,
    арт) үйрен. (Шәкәрім)
  2. Сапар мен парта (парта,…) А.Сопыбеков
  3. Білім берген, күлімдеген ұстазым (учитель, тейча) А.Сопыбеков
  4. Кітап — қазына, оқы-оқы, (читай-читай,…) ойыңа тоқы Майлықожа

Жүргізуші: «Адам ұрпағымен мың жасайды» — дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз — оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,- деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі — білімді ұрпақ..

Жүргізуші: Сөз кезегі қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының жетекшісі Байдаулетова Замзагүл Махметоваға беріледі    

Қорытынды. Қазақстанның әрбір азаматы білімді, мәдениетті, өнерлі болуы керек. Ол үшін терең білім қажет. Ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқудың маңызы зор.

Жүргізуші: Кітап – шебер ұстаз. Ол – тілсіз мұғалім. Сонымен бүгінгі сабағымыздың кейіпкері – кітап. Ол – бүкіл адамзаттың ұстазы.

Жүргізуші: Қош  сау  болыңыздар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.