Home » Жаңалықтар » Назарбаев Зияткерлік мектептері Абай облысы ұстаздарына әдістемелік көмек көрсетуде 

Назарбаев Зияткерлік мектептері Абай облысы ұстаздарына әдістемелік көмек көрсетуде 

Назарбаев Зияткерлік мектептері Абай облысы ұстаздарына әдістемелік көмек көрсетуде 

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектеп: жеке тұлғаны тәрбиелеу» атты облыстық семинар –практикум басталды. 2 күнге жалғасатын шараға Абай облысының білім басқармасы, қалалар мен аудандық білім бөлімдері мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кітапханашылар қатысады. Негізгі мақсат – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жүйесіндегі тәжірибелерді тарату.

— Назарбаев Зияткерлік мектептері жеке тұлғаны тәрбиелеу бағытында түрлі бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырып келе жатыр. Солардың ішінде «100 ән», «100 күй», «100 кітап», «Берік отбасы», «Туған елге тағзым», «Даналық бейсенбі» сынды жобалар мен «Шаңырақ» қауымдастығының атқарып отырған жұмыстары әр оқушыны ел мен жерді сүюге, ұлттық өнер мен құндылықтарды бағалауға, үлкенге құрметпен қарауға тәрбиелейді. Бүгінгі семинар-практикумда ұзақ жылдар бойы жинаған осы тәжірибемізбен жаңадан құрылған Абай облысының ұстаздарына бөлісеміз. Екі жақты тығыз қарым-қатынастың арқасында еліміздің келешегі жастарымызға сапалы білім ғана беріп қоймай, саналы тәрбие беретін болсақ, біздің ұтарымыз көп. Шараға қатысқан әр ұстаз өзіне қажетті, пайдалы ақпаратты меңгеріп, тәжірибеде пайдаланатынына сенімдімін,-дейді Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ.

Семинар-практикум барысында білім ошағымыз бен Павлодар, Өскемен қалаларындағы Зияткерлік мектеп ұстаздарының түрлі тақырыптарда түрлі пәндермен кіріктірілген сабақтары өтеді.

— Біз тәрбие саласындағы түрлі жобаларымызды қала мектептеріне бұған дейін таныстырып, екіжақты бірлескен жұмыстар жасап жүрміз. Олармен жыл бойы бірнеше мәрте кездесіп, тәжірибе алмасамыз. Енді тәжірибе тарату аумағын кеңейтіп, ауыл мектептеріне де білгенімізбен бөлісуді қолға алдық. Семинар-парктикумге қатысуға 220-дан астам ұстаздар ниет білдірді. Біз бұл семинармен ғана тоқтап қалмаймыз. Жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі жүргізіледі, -дейді Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Лариса Абылқасымова.

     Семинар-практикумге қатысушылардың бірі Дархан Мамытханов. Үржар ауданы, Мақаншы ауылынан келген жас ұстаз бұл бас қосудың пайдалы екенін алға тартты.

— Әр күні жаңалыққа толы бүгінгі қоғамда бала тәрбиесі ерекше назар аударуды қажет етеді. Осы ретте мектептің де рөлі ерекше. Қазір оқушыны ертеден келе жатқан дәстүрлі оқытып, тәрбиелеу мүмкін емес. Жаңаша көзқарас, жаңа бағыт керек. Міне осы бағытты бүгінгі семинар-тренингтен көріп отырмын.   Оқушыны азаматтық көзқарасы қалыптасқан, ұлтжанды, патриот болып өсуіне ықпал ететін түрлі жобаларды үйреніп, өз мектебімізде қолданысқа енгізуді жоспарлап отырмын,-дейді Әсет Найманбай орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дархан Мамытханов.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинар-практикум ауыл мектебі ұстаздарының тәжірибе алмасып, тәрбие саласындағы білімдерін молайтуға септігі тиетін үлкен алаңға айналды.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

 

 

Методическая поддержка от учителей НИШ Семея

В Назарбаев Интеллектуальной школе физико-математического направления г. Семей стартовал областной семинар-практикум «Школа: воспитание личности». В мероприятии, которое продлится 2 дня, примут участие специалисты управления образования области Абай, отделов образования городов и районов, заместители директоров школ по воспитательной работе,учителя и библиотекари. Основная цель — распространение опыта воспитательной системы Назарбаев Интеллектуальных школ.

— Назарбаев Интеллектуальные школы реализуют различные программы и проекты по воспитанию личности. Такие проекты, как «100 песен», «100 кюев», «100 книг», «Крепкая семья», «Туған елге тағзым», «Умный четверг» и работа ассоциации «Шанырак» воспитывают у каждого учащегося любовь к стране и родной земле, уважение к национальному искусству и ценностям, уважительное отношение к старшему поколению. Этим опытом, накопленным за долгие годы на сегодняшнем семинаре-практикуме, мы делимся с учителями области. Благодаря тесному двустороннему взаимодействию, имеем возможность дать не только качественное образование, но и воспитание. Уверен, что каждый учитель, принявший участие в мероприятии, усвоит и примет необходимую, полезную информацию, — говорит заместитель директора Департамента по развитию Назарбаев Интеллектуальных школ АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» Аида Агадил.

В ходе семинара-практикума были проведены интегрированные занятия учителей Интеллектуальных школ Павлодара и Усть-Каменогорска с определенными предметами различной тематики.

— Мы уже презентовали различные проекты в сфере воспитания школам города и проводим совместную работу, встречаемся несколько раз в течение года, обмениваемся опытом. Теперь мы расширили географию и будем сотрудничать с сельскими школами. Более 220 педагогов изъявили желание принять участие в семинаре-парктикуме. Мы не останавливаемся только на этом семинаре. Работа будет продолжена, — говорит заместитель директора Назарбаев Интеллектуальной школы физико-математического направления г. Семей Лариса Абылкасымова.

Один из участников семинара-практикума Дархан Мамытханов. Молодой учитель из села Маканчи Урджарского района отметил, что подобные мероприятия познавательны и полезны.

— В современном обществе, где каждый день наполнен новизной, воспитание детей требует особого внимания. При этом важная роль принадлежит школе. Сейчас невозможно обучить и воспитать ученика по-старому, нужны новые подходы и направления. Вот это направление я вижу на сегодняшнем семинаре-тренинге. Я планирую внедрить в нашей школе различные проекты, которые будут способствовать росту учащихся как граждан, патриотов, — говорит заместитель директора по воспитательной работе средней школы имени Асета Найманбая Дархан Мамытханов.

Семинар-практикум стал большой площадкой для обмена опытом и расширения знаний в области обучения и воспитания учителей сельских школ.

Пресс-служба НИШ ФМН г.Семей

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.