Home » Мақалалар » Таңдауымыз – жаңа Қазақстан

Таңдауымыз – жаңа Қазақстан

Есімова О.А., Құмарғалиева С.Ш.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

         2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасының  кезектен тыс президент сайлауы  өтеді. Бұл Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері өткізілген жетінші президенттік сайлау және 1999 жылдан бері қатарынан алтыншы кезектен тыс сайлау болмақ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдауында президенттікке тек бір рет сайлануды және президенттік мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұлғайтуды ұсынды.

Cаяси додаға қатысуға «AMANAT» партиясынан бөлек басқа да саяси бірлестіктер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты бір ауыздан ұсынды.

Президентіміздің кісінің істеп жатқан еңбегң орасан зор деп ойлаймыз. Жаңа Қазақстан гүлденуіне  барлық бағытта жұмыс істеліп жатыр , жастарды қолдап , бағыт бағдар көрсетіп жатыр. Президентіміздің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Ғылым комитеті ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурс өткізіп жатыр Конкурстың басты мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарына алғашқы әзірлемелер (наработки) жинай алу мүмкіндігін беру.

Біз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасын кафедрамызда талқылап, оның кандидатурасын бірауыздан қолдаймыз. Қасым-Жомарт Тоқаевтың  келешек ұрпақтың білім алуына баса назар аудартқаны және ғылымды дамытуға басым көңіл аудартылғаны жоғары білім саласындағы педагогикалық қызметкерлер мен ғалымдарды қуантты.   Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі екені айқындалып көрсетілді. Білім алушылар ғылым саласында өз ісденістерін алаңсыз зерттеу жүргізілуін жалғастыратына сенеміз. Сайлау алдында біздің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алғаш рет QS рейтингісі бойынша Орталық Азиядағы ең үздік жоғары оқу орындары тізіміне еніп, 44-ші орынға ие болды. Сондай-ақ, «QS Asia University Rankings 2023: Орталық Азия» рейтингісінде бірінші орында тұр. Бұл бізді қуантады, өз қара шаңырағымызды мақтан тұтамыз. Жаңа Қазақстанның дамуына қосып жатқан үлесіміз деп ойлаймыз.

Біздің таңдауымыз – Жаңа Қазақстан. Біздің таңдауымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.