Тлеубергенова Айгуль
әл-Фараби атындағы
№ 14 мектеп-гимназиясының
Педагог-ұйымдастырушысы,
Кентау қаласы әл-Фараби атындағы 14 мектеп-гимназиясында 13 қыркүйек күні Мектепішілік Өзін- өзі басқару ұйымының 2022-2023 оқу жылының жоспарына сәйкес балалармен жасөспірімдердің және үлкендердің жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыттаған, оқушылардың қызығушылықтарын, құқықтарын қорғайтын, өз бетімен ерікті, қоғам бірлестік мақсатында мектеп президентінің сайлауы өткізілді. Сайлауға мектепішілік президенттігіне 10сынып оқушылары арасынан 7 үміткерлер өз насихаттарын жүргізіп, өз үгіт насихатымен көп дауыс жинап мектеп президенті болып 10А сынып оқушысы Әбдіәшім Ардақ жеңіске жетті. 17.09.2022 ж күні Өзін-өзі басқару ұйымының мектеп президентін ұлықтау рәсімі өткізілді. Мектеп директоры Г. Жумагельдиева сайланған фракция мүшелеріне билет-бейджиктерін табыстап, алдағы жаңа оқу жылындағы жұмыстарды адал да, қарқынды атқаруға сәттілік тіледі.