Home » Жаңалықтар » Қазақ тілі күні

Қазақ тілі күні

Қадірлі достар, 2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының бастамасымен Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінің тұсауы кесілген болатын. Қазақ күнтізбесінде 15 қазан – Қазақ тілі күні болып белгіленген. Бұл күні қазақ тілінің іргеленуіне үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин туған. Осы орайда ақын Наурызбай Жарбосынұлы жұртшылыққа өз құттықтауын арнаған екен. Қабыл алыңыздар.
ҚАЗАҚ ТІЛІ КҮНІ
Қазақтың тілі күні,
Қазақтың қасиетті үні күні.
Ана тілі арқылы айқындалар —
Халықтың ұлылығы.
Осы күнді қастерле,
береке тұт,
Түгел қазақ тойласын
мереке ғып.
Қазақ тілі күнін біз ұлықтайық,
Ұрпаққа
өнеге ғып.
Қазақия көгінде бойлау керек,
Бұл күнді ұлан-асыр той деу керек.
Осы күні Қазақ елі, бүкіл халқы
Қазақша сөйлеу керек.
Қазақ тілі шарықтар
сонда ғана,
Ана тілін асқақ тұт,
арға бала.
Атаулы күндерден еш кем түспейді,
Бұл күнді
зор бағала.
Өркенін жайып бойда ғұрып-əдет,
Өз тілің, дəстүріңді
ұмытпа тек.
Қазақ елін,
қазақ тілін
сүйер болсаң-
Қазақ тілі күнін де ұлықтап өт.

One comment

  1. Салеметсіздерме Казак тілі күнін Ахмет Байтұрчыновтың туған күніне ауыстырмадыма? Біз биыл 5 қыркүйек күні өткіздік

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.