Home » Мақалалар » Математика сабақтарында пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту технологиясын пайдалану

Математика сабақтарында пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту технологиясын пайдалану

Байменова Райхан Ержановна
Түркістан облысы
Кентау қаласы  
Кентау көпсалалы колледжінің
математика пәнінің оқытушысы, 
магистр

Кілттік сөздер: мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, жаңартылған білім беру мазмұны, критериалды бағалау, табыс.

Ключевые слова: развитие профессиональных компетенций учителей, обновленное содержание образования, критериальное оценивание, успех.

Keywords: development of professional competence of teachers, renewed maintenance of education, criterion evaluation, success

Түйіндеме. Мaқaлaдa көптілді білім беруді тaбысты жүзeгe aсыру үшін жaғдaй жaсaу және дaмыту мәселелері aшылады. Бұл мақалада көптілді білім беру жағдайында заманауи технологиялар мен әдістемелер мәселесіне және оқу үрдісінде математика мен ағылшын тілін біріктіру мүмкіндіктеріне аса маңызды көңіл бөледі.

Резюме. В стaтьe рaскрывaются вoпрoсы сoздания и развития услoвий для успeшнoй рeализации пoлиязычнoгo oбразoвaния. При этoм важнейшую рoль автор отводит вопросу современные технологии и методики в условиях пoлиязычнoгo oбразoвании и вoзмoжнoсти интeгрaции математики и aнглийскoгo языкa в учeбнoм прoцecce.

Summary. The article deals with the creation and development of conditions for the successful implementation of multilingual education. At the same time, the author assigns the most important role to the issue of modern technologies and methods in the conditions of multilingual education and the possibility of integrating math and English in the educational process.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Осыған орай, алдыңғы қатарлы идеялар мен педагогикалық технологияларды практикалық тұрғыдан жаңарту жəне оларды ғылыми тұрғыда негіздеу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педагогикалық технологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, сондай-ақ тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылықпен бірге жаратылыстану пәндерін үш тілде оқыту талап етілуде. Себебі білімдегі жаңашылдықтар мен жаңа технологиялардың бәрі де ағылшын тілінде жүргізіледі. Әсіресе, ғылыми технологияға негізделген кітаптар мен жобалар да ағылшын тілінде жарық көруде.

Дaмығaн 30 eлдiң қaтарына қосылу мақсатында жүргізіліп отырған «Үш тілде білім алу» саясаты, расында да, елдің ертеңі үшін басты нәрсе. Бұның мақсаты – көп ұлтты елімізде ұлтаралық татулықты сақтау, ұлттық мемлекеттік бір тұтастықты қaлыптacтыpу, қaзaқстaндық патриотизмдi негiз ете отырып, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үш тілде білім алу — елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуының бірінші баспалдағы. Бiздің елімізде «Үш тiлде бiлім aлу» саясатынан бөлек, еліміздегі әрбір ұлыс өз тілдерін еркін меңгеріп, өз тілдеріндe сөйлей aлады. Бірақ, үш тұғырдың қатарына төртінші, я болмаса бесінші болып орналаса алмайды. Әрбір ұлттың өзінің aна тiлдерінде еpкін сөйлеуі қазақстандық демократияның aйқын көрiнiсi

Үш тiлді меңгеру арқылы ғана Қазақстан тілдік саясаттың оң нәтижесін көре алады. Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте жұмыс бабында қолданылатын тілге, басшының сөйлеу тіліне айналуы үшін билік аянбай еңбек етіп келеді

Н. Назарбаев «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз» дей келе: «Қазақ тілі — біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек» деп атап көрсетті

Прага университетінің профессоры Lenka Tejkalova Prochazkova өзінің «Математика үшін Математика, Математика үшін тіл» мақаласында CLIL математиканы тереңірек зерттеуге қалай ықпал ететінін және мәселенің мәнін ашуға мүмкіндік беретінін мысалдармен нақты көрсетеді, сонымен қатар математиканы шет тілінде немесе екінші тілде оқу студенттерге мазмұнды әр түрлі тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді; жаңа лексика қосымша ассоциацияларды жасайды, екінші тілде сабақ беру үшін қажет жаңа әдістер пәнге белсенді қызығушылық тудыруы және оның мәнін терең түсінуі мүмкін [6, 18 бет].

Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту контексінде ең маңызды тіл – ағылшын тілі болып саналады, сондықтан да кіріктіріп оқытудың негізін ағылшын тілі сабақтары алады. Ағылшын тілін оқыту үрдісіне кіріктіруді енгізу – ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған.

Жалпы білім беретін жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп мұғалімдері үшін, орта білім беру мазмұнын жаңарту негіздерінің бірі, үштілді білім беруде заманауи CLIL әдісін белсенді қолдану өте тиімді.

СLIL — Content and language integrated learning. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Aғылшын тiлін жaрaтылыстану бағытындағы пәндермен кіріктіріп оқыту арқылы білім алушыларды білім алуға қызығушылықтарын арттыруға, оларды ғылыми тіл дағдыларын дамытуға, математикалық шамаларды, терминдерді ана тілінде ғана емес, ағылшын тіліндегі баламасын қолдануға және олардың ағылшын тілінде сауатты түрде «Үштілділік» ұлттық жоба аясында білімін дамытуға болады.

Сонымен бұл әдіс білім алушылардың тілдік қарым-қатынас кажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасайды, сонымен қатар бір уақытта екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, алайда негізгі назар тілге де, тілдік емес пәнге де аударылу мүмкін. Сондай-ақ ағылшын тілін жаратылыстану бағыты пәндерімен кіріктіріп оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдеріне тоқталатын болсақ:

  1. Білім алушылар арасында диктанттар жүргізу;
  2. Диалогтік немесе монологтік түрде оқушыларды бір-бірімен тілдесуін дамыту бойынша жаттығулар орындау;
  3. Жаңа мәтіндер арқылы білім алушылармен жұмыстар жасау:
  4. Сөздер мен сөйлемдерді жаздыру арқылы бір-бірімен өзара тексерулер жүргізу;
  5. Қолданылған мәліметтің көлемін арттырып отыру;
  6. Білім алушыларды әртүрлі терминдерді жатқа айтуға дағдыландыру.

Осыған орай жаратылыстану пәндерінің ішінде математика пәнін ағылшын тілінде оқытудың маңыздылығын айта кетер болсақ, ең алдымен білім алушылардың математикалық терминдерге байланысты сөздік қорын кеңейте отырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, өмірде болып жатқан әрбір математикалық құбылыстарды ағылшын тілінде жеткізе білуге дағдылануға үлкен мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар, еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып, нығайған шақта ағылшын тілін еркін меңгере, кез келген салада ағылшын тілін қолдана отырып қарым-қатынасты жүргізе алатын жас ұрпақты тәрбиелеу әрбір педагог ұстаздардың айқын мақсатының бірі.

Кіріктірілген сабақтарды ағылшын тілін толық меңгерген, дайындығы жоғары дәрежеде болса, жаратылыстану пәндерінің мұғалімдерінің өзі де өткізе алады. Ағылшын тілін жетік меңгерген «Математика (химия, биология, информатика, физика ) мұғалімі – білім алушылар» тілдесуінен туындаған қызығушылықтың әсерінен оқу материалын қабылдау, бақылау белсенділігі артады, сезімдік және логикалық ойлау жанданады, қиялдың жұмыс істеуі қарқыны ұлғаяды.

Жаратылыстану пәндерінің ішіндегі математика, геометрия пәні мен ағылшын тілі пәнін байланыстыра оқыту барысында өтілетін «Аудан. Үшбұрыштың ауданы. Площадь. Площадь треугольника. Area.Area of triangle.» атты тақырыпта өтетін сабақта төмендегідей тапсырмалар жүйесін қолдануға болады

1-тапсырма. Бeрілeн сөздеp мен сөйлемдерді аудармасы бойынша сәйкестендіріңіз.

Қазақша нұсқасыАғылшын нұсқасыОрысша нұсқасы
Baseof triangleГипотенузаГипотенуза
hypotenuseТең бүйірлі үшбұрышРавносторонний  треугольник
Right triangleБиіктікВысота
HeightТік бұрышты үшбұрышПрямоугольный треугольник
Equilateral triangleҮшбұрыштың табаныОснавание треугольника

2-тапсырма. Берілген сөйлемдердің ақиқат немесе жалған екенің анықтаңыз.

TrueFalse
1. The area of a triangle is half the product of any two sides and the sine

of the angle between these two sides.

2. The area of a triangle is the product of half its perimeter and its inradius.  
3. The area of a triangle is equal to the ratio of the product of the sides

to 2 times its circumradius

  
4.In a right triangle, the product of the legs is equal to the product

of the hypotenuse and the length of the altitude to the hypotenuse

  
5. The angles of right triangle is equal to  
6.if the base lengths and heights of two triangles are the same then their areas are different. 

Студенттердің ынтасын арттыру үшін интернет-ресурстардың, компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Платформадағы танымдық тапсырмалар Quizlet.com онда студенттер әртүрлі тақырыптар бойынша терминологияны өз бетінше түзете алады. Тапсырмалар сараланған және жоғары деңгейдегі психикалық операцияларды дамытуға бағытталған

Алдыңғы білімді жандандыру үшін (warm up) сабақты сабақ тақырыбы бойынша студенттерге белгілі фактілерден бастаңыз. Студенттер белгілі бір фактілерді білуі мүмкін, бірақ оларды екінші немесе үшінші тілдерде сипаттауда қиындықтар туындауы мүмкін.

Бұл жағдайда ана тілінде миға шабуыл жасау керек, содан кейін студенттерге өз идеяларын екінші немесе үшінші тілге аударуға мүмкіндік беру керек.

Олардың мақсаты — студенттерге әдеттегі сабақтан CLIL сабағына ауысуға көмектесу

Білім алушыларға арналған «Scrabble» ойыны.

Кез келген сөзді жазыңыз. Тапсырма — осы сөздің әр әріпінен басталатын және сабақтың тақырыбына қатысты сөздерді ойлап табу.

Test of triangles equality

Right angle (or triangle)

Isosceles triangle

Acute angle

Number

Geometric figure

Line

Equilateraltriangle.

Қорытындылай келе «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында: «Үш тілді меңгеру – біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», — деген болатын. Елбасымыздың осындай қанатты сөздерінің астарында үлкен сенімнің бар екенін аңғарамыз. Бұл сенімді орындау үшін жасөспірімдер мен жас ұрпаққа үлкен жол көрсетуіміз керек, сондықтан біз жаратылысану пәндерін соның ішінде атап айтар болсақ математика сабақтарын ағылшын тілінде байланыстыра оқыту арқылы сабақ барысында қосымша берілетін терминдер сөздігімен білім алушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қорын қалыптастыруға және бәсекеге қабілетті болардай білімін толықтыруға өз көмегін тигізері сөзсіз.

Пайдаланған әдебиеттер.

  1. Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм бeрeтiн мeктeптeрi педагогтерінің біліктілігінaрттыру курстарының бaғдaрлaмacы.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген ҚазақстанРеспубликасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  3. ЕлбасыН.Ә. Нaзаpбaeвтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары» жолдауы –2012 жылы, 14 желтоқсан.
  4. Анализ и плaнирование урoкaинoстранного языка в oбщеoбразовательной шкoлe. http://bibliofond.ru/view.aspx?id=464865
  5. Типовая учебная программа по предмету «математика» для 7-9 классов уровня основного среднего образования. http://nao.kz/
  6. Бaбич И.М. «Дидaктические материaлы нaaнглийском языкe» №3, 2015 г.

7. Сілтемелер: www.cpm.kz, www.nis.edu.kz, www.ustaz.kz, www.moodle.nci. kz, quizlet.com

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.