Home » Мақалалар » «Жиынтық бағалау-оқушы білімінің негізгі көрсеткіші»

«Жиынтық бағалау-оқушы білімінің негізгі көрсеткіші»

Астана қаласы Шәкәрім атындағы
№56 мектеп-лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі
Жоламанова Ельмира Кабышевна

Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған  жаңа білім беру жүйесі құрылуда. Білім беру мазмұны жаңа ақпарат алмасу, ғылым мен нарық
практикасындағы проблеманы шығармашылық түрде білім беру процесінде жеке тұлғаға бағытталған дағдылармен байытылуда. Педагогиалық технологиялар, жалпы білім беру деңгейіне барабар ғылымның рөлі артып келеді. Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану — заман талабы.Өзекті болып отырған сын тұрғысынан ойлау технологиялық әдістері   арқылы оқушыларыға қазақ тілі пәнінен терең ғылыми-теориялық білімдерін кеңейтуге, ойлау, дағдыларын сауатты қалыптастыруға, пәндік құзіреттіліктерін жетілдіруге, шығармашылық жұмыстар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын  арттыруға ықпал етеді.

Білім беру жаңа мазмұн, өзгеше жағдай, өзгеше қарым-қатынас, өзгеше тәртіп, өзгеше педагогикалық менталитет қалыптасуда.  Білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты. Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты.

Тіл білімін негізін салушы А. Байтұрсынов «Тіл білімі ереже жаттау түрінде үйретілмей, сөздің тұлға, мағына, қисын жағын тану түрде үйрету керек» деген екен. Мұғалімге жаңа тақырыпты оқушыларға саналы түрде меңгертуде және оны қаншалықты меңгергендерін анықтау үшін дидактикалық материалдар, тірек схемалар, ойындар, жаттығулар  арқылы білудің маңызы зор.

Қазақ тілі пәнінен оқушылардың білім-біліктерін бағдарлы, сатылы меңгертуге жағдай жасау  арқылы сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерлікті меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу қажет. Бүгінгі таңдағы оқушының білім сапасын оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне  пайдалана білуімен өлшенеді.

Жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау-бұл оқу процесінің нәтижелері аяқталғаннан кейін зерттелетін процесс.Оның негізгі мақсаты-оқушылардың қаншалықты білім алғандығын тексеру,сондықтан ол ақпарат жинауға және бағалаудың сенімді әдістерін жасауға бағытталған.

Жиынтық бағалау бөлім/ ортақ тақырыптар және тоқсан бойынша оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың алған білімдері мен жинаған дағдыларының нәтижесін бағалай отырып, қалыптастырушы бағалау нәтижелерін толықтырады. Осы орайда айта кетсем,3-4 сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен  бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау бойынша өзімнің әдістемелік құралымды жасадым.

Бұл әдістемелік көмекші құрал «Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары» және бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламаларында қойылған талаптарға сәйкес жасалды.Оқушыларға қажет арнайы біліммен, терминдермен, түсініктермен, тапсырмаларды орындау және ұйымдастыру әдістерімен таныстыру, іскерлікке тәрбиелеу керектігі де баса айтылған

Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша жиынтық бағалау тапсымаларының жинағы ұсынылады. Жинақтың мазмұнында оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру, тілдік бөлшектердің жалпы тіл  жүйесіндегі орнын, маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуіне қажетті біліктілік-дағдыларын қалыптастыруға, оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау түсіну әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыруға негізделген.

Қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін  түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, қарым-қатынастың біліктілігі дамыған, сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерлікті меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;

Әрбір тілдік бөлшектердің жалпы тіл  жүйесіндегі орнын, маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуіне қажетті біліктілік-дағдыларын қалыптастыру;

Оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау түсіну әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру т.б.

Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қазақ тілінен оқушыларға білімді тиянақтап, жүйелі түрде қайталап отыратын жиынтық бағалау тапсырмалары қажеттіліктен туындады.

Жиынтық бағалау тапсырмаларын жинақтауда төмендегідей міндеттер негізге алынды;

-ойлау қабілетін дамыту;

-теориялық білімді тәжірибеде, сабақ барысында оқушының қызығушылығын арттыру;

-өз бетімен сабақ үстінде іздену жұмысын атқарып, тірек схемалар арқылы жаңа тақырыпты меңгеру.

 

Қазақ тілі пәнінен оқушылардың білім-біліктерін бағдарлы, сатылы меңгертуге жағдай жасау  арқылы сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерлікті меңгерген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу қажет. Бүгінгі таңдағы оқушының білім сапасын оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне  пайдалана білуімен өлшенеді .

Сонымен қатар сабақ үрдісіндегі қолданылатын әдістердің бірқатары, сабақтың мазмұнын ашатын ойындардың түрлері топтық жұмыстардың түрлері, тақырыпқа сай суреттер, өзіндік жұмыстар, сызба кескіндемелер, сюжетті суреттер,таблицалар жинақталған.

Аталған әдістемелік көмекші құралдың оқушыларға қазақ тілінің грамматикалық заңдылықтарын өз бетімен оқып – үйренуге, қайталауға білімін тиянақтауға пайдасы болады. Оқушыларға қажет арнайы біліммен, терминдермен, түсініктермен, тапсырмаларды орындау және ұйымдастыру әдістерімен таныстыру, іскерлікке тәрбиелеу керектігі де баса айтылған.

Мектеп оқушыларының қазақ тілі пәнінен шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау  өзекті мәселелердің  бірі екендігіне тоқталып жан-жақты талданған.

Сонымен қатар оқушыларды көркем сөйлеуі, шебер сөйлеуі, шешен сөйлеуін қалыптастыруда ұлттық құндылықтарды дәріптеген. Жинақтың жинақталу мақсаттары мазмұнына сай, өмірмен байланысты етіп жасадым. Жинақ бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.