Бастауыш сынып мұғалімі
Төлеген Майрагул
Тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім. (Қайталау)
Мақсаты:
- Білімділік: Негізгі және туынды зат есім туралы білімдерін кеңейту.
Сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық тапсырмалар арқылы
оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілін ұштау.
3. Тәрбиелік: Шапшаңдыққа және уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдістері: сұрақ — жауап, ойын, көрнекілік.
Сабақтың формасы: топтық.
Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар бүгінгі сабағымыз топтық жұмыс болады. Топтық жұмыс болған соң міндетті түрде оның «Алтын ережесі» болады. Олай болса «Алтын ережемізді» қайталап алайық.
- Уақытты үнемдеу
- Ынтымақтаса жұмыс жасау
- Шынай бағалау
- Өз ойларын ашық айту
- Өзгенің пікірін құрметтеу
- Топтағы тепе – теңдікті сақтау
- Белсенділік таныту
- Әрқашан адал, әділ болу! ( 1 мин)
- Өте жақсы, балалар! Әр тапсырма соңында әр топ бір – бірлеріңізді бағалайсыздар. Сол үшін бір – бірлеріңізді мұқият тыңдап отырыңыздар.
- Ендеше балалар, осы сабағымызға дейін өткен ержелерімізді еске түсіріп алайық.
- Сұрақтар қою: (5-6 мин)
- Суретте нені көріп тұрсыздар? (4 жыл мезгілін)
- Осы 4 жыл мезгіліне арнап, өлең шығарған кім?
- Абай атамыз кім болған?
- Қандай өлеңдерін білесіздер?
- Биыл Абай атамызға неше жыл?
- Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеді. Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім деген екен. Біріншісі — Абайды оқығандар, екіншісі — Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер — Абайды оқымағандар».
- — Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?
- — Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның шығармаларымен танысып жатырсыздар.
Бүгінгі заман адамы «сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуі керек. Оның бастысы, біздер үшін- әдептілік.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң – арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан,- деп Абай атамыз айтқандай, кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтаны боласыңдар.
- Жақсы балалар, олай болса өткен тақырып бойынша сіздерге сұрақ:
- Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздер зат есім деп аталады)
- Зат есімнің сұрақтарын ата. (кім? кімдер? не? нелер?)
- Зат есімнің қандай түрлері бар? (жалқы есім, жалпы есім)
- Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақ қойылады? (кім? кімдер?)
- Жан-жануарларға, заттарға қандай сұрақ қойылады? (не? нелер?)
- Жалқы есімдер деген не? кісі аттары, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар, бас әріппен)
- Жалпы есімдер деген не?
- Зат есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
- Негізгі зат есім дегеніміз не?
- Туынды зат есім дегеніміз не?
- Жақсы, енді бәріміз экранға қарайық. Сұрақтарға дұрыс жауап бердік пе соны тексерейік ( Видео : негізгі және туынды зат есім) 1минут 45 секундта сөндіру
- Өте жақсы балалар, бәріміз ережелерді ұмытпаған екенбіз. Күнде өткен ережелерді қайталап жүріңдер! (аймектептен тапсырмалар кетеді)
- Енді сіздерге топтық тапсырма. Әр топтан 1 көшбасшы шығып, қолшатырдан 1 қағазды таңдап алады. Таңдаған тапсырманы топпен ақылдасып, бірге орындайсыздар.
- 1 топ:
- 2 топ :
- 3 топ:
- 4 топ:
- Сіздерге уақыт – 3 мин
- Жақсы балалар! Алдар көсе ертегісін бәріміз білеміз бе?
- Олай болса, экранға назар аударайық. (1,17 секунд) осы ертегіні топпен талқылап, әрі қарай өз ойларыңызбен жалғастырасыздар. Сонымен қатар, сөйлемдеріңізде негізгі туынды зат есімдер болуы тиіс. 3 мин
- Жарайсыздар! Бір – бірімізді тыңдадық. Енді түс бойынша бағалайық
- Сергіту сәті (2 мин)
- Жақсы балалар, оқулығымыздың 24 бетін ашайық. (слайд )
- Бәріміз 35 жаттығуға қарайық . «Өнерлі бала» мәтіннің мазмұны бойынша келесі ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықтаймыз. – 1 мин.
«ОЙЛАН, ЖҰПТАС, БӨЛІС»
- Оқулықтан тыс тапсырмалар:
- Келесі тапсырмалар, топтық жұмыс болмақ. Әр топтан 1 оқушы шығып, тапсырманы таңдап алады. Тапсырманы топпен ақылдасып, орындауға – 5мин
- 1 топ:
- 2 топ :
- 3 топ:
- 4 топ:
- Сөзжұмбақ шешу білеміз бе?
- Барлықтарыңызға 3 мин уақыт беріледі. Болған топ белгі береді.
- Қорытынды: Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып бүгінгі сабаққа қаншалықты деңгейде қатысып отырғандарыңызды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаңыздар!
- Балалар, кәзір дамыған заман. Барлығымыз ғаламторда отырамыз. Олай болса, бүгінгі сабағымыздан алған әсерлеріңізді маған «Ватсап» желісіне жазсаңыздар болады. 4- 5 оқушыға оқыту.
- ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ: Ережелерді қайталау. Негізгі және туынды зат есімі бар шағын мәтін құрау.