Астана қаласы
Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицей
Бастауыш сынып мұғалімі:
Мусрепова Айгуль Карабаевна
Білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға
және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейі болып табылады.
Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуметті деңгейіне тікелей байланысты. Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты.
«Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру» (2014) ЭЫДҰ есебінде сыныпта жүргізілген бағалаудың жиілігін арттыру, маңыздылығын, сапасын жетілдіруге бағытталған шаралар реті ұсынылған. Сондай-ақ, критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, жоғары ойлау деңгей дағдыларына қатысты бағалау критерийлерін анықтау, мұғалімдерді даярлау, білім берудің әр кезеңінде ұлттық стандартталған тестілеу өткізу, мәліметтерді сенімді жинақтау, тиімді жүйе құру және т.б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімді қолдану қажеттілігі ескертіледі.
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады. Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
- Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру;
- Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру;
- Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру;
- Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;
- Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру;
- Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларына (талдау, жинақтау, бағалау) жетуін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінің қорын құру;
- Объективті, үздіксіз және нақты:
— білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы;
— мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
— ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы;
— басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы
туралы ақпаратты беру;
- Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және
ақпараттар ұсыну үшін қолдану;
- Әр білім алушының, жеке мектептің, барлық аудан, облыс және
мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу
бағдарламасын меңгеру мониторингін қолдану;
- Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін талдау
жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау.
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.
Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың қай сабақта және қандай формада (бақылау жұмысы, тәжірибелік немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сауал, эссе және т.б.) өткізілетінін мұғалім өз бетінше анықтайды.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруды мұғалім оқу бағдарламасындағы өтілген материалдың күрделілік деңгейі мен мазмұнын есепке ала отырып, жүзеге асырады. Тапсырмалар оқу мақсаттары, бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес болуы тиіс. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау өткізудің тапсырмалар үлгілері, ұсыныс түрінде берілген ата-аналарды ақпараттандыратын рубрика ұсынылған.
Сапалы бағалаудан бөлек жақсы құралдардың болуы бағалау рәсімдерінде дұрыс белгіленген және өткізілген нұсқаулыққа да қатысты екенін есте сақтаған жөн. Білім алушылар оқу мақсаттарын жақсы түсінуі және олардан не, қандай мерзім талап етілетінін білуі тиіс. Аталған кезеңде мұғалім білім алушылар «жақсы жұмыс» қандай болатынын және бөлім\ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қалай өткізілетінін түсінуі үшін бағаланған жұмыстар үлгілерін қолдануына да болады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген бағалау критерийлері ережесіне сәйкес өткізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:
- жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлімдер бойынша;
- әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;
- тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым бойынша анықталады.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге
арналған нұсқау
Білім алушылар орындарына жайғасып, тоқсандық жиынтық бағалау жұмысын орындауға дайын болған кезде мұғалім төмендегілерді орындауы қажет:
- Тапсырманы білім алушы отырған партаның үстіне бетін төмен қаратып қояды, бетті аударып қарамауын өтінеді.
- Білім алушыларға бағалауды өткізу ережелерін сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
- Бағалауды өткізу кезінде білім алушылардың бір-бірімен сөйлесуіне, көмек сұрауына, біреуге көмектесуіне болмайтыны туралы ескертіледі.
- Білім алушылардың тапсырманы орындауға қажетті құралдарының бар екеніне көз жеткізеді.
- Білім алушылардан тапсырма парағының бетін аударып, өзі туралы мәліметті толтыруын сұрайды: білім алушының тегі, аты және сыныбы (мектебі).
- Жұмысты орындауға берілген уақытты хабарлайды. Бағалау жүргізіліп жатқан кезде білім алушылардың бір-бірімен сөйлеспеу керектігін ескертеді.
- Білім алушылардың нұсқауды түсінгеніне көз жеткізеді, сұрақ туындаған жағдайда жиынтық бағалау жұмысы басталмас бұрын жауап береді.
- Тақтаға жиынтық бағалау жұмысының басталу және аяқталу уақытын жазады, білім алушылар хабардар болу үшін қосымша дауыстап айтады.
- Бағалау жүріп жатқан кезде білім алушылардың жұмысты өз бетінше орындап жатқанына көз жеткізеді. Олар бірі-бірімен сөйлеспеуі қажет, бір-бірінен көшіруіне болмайды.
- Білім алушылардың тапсырманы орындау кезінде көмек болатын қосымша құралдарды қолданбағанына көз жеткізеді, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар (егер аталған заттар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясында қарастырылмаған болса).
- Бағалау өтіп жатқан кезде мұғалім нұсқауға немесе жұмысты орындау уақытына қатысты сұрақтарға жауап береді. Мұғалімнің білім алушылардың жазуына, сұрақты өзгертіп айтуға көмектесуіне немесе ақпарат беруіне болмайды. Білім алушылардың келген, келмегенін белгілеп алу қажет. Білім алушылардың жас ерекшелігіне қарай анықталған уақыт аралығы, яғни жұмысты орындауға неше уақыт қалғаны туралы ақпарат беру маңызды.
Бағалау жұмысын аяқтауға 5 минут қалғанын білім алушыларға ескерту қажет.
Егер кейбір білім алушылар жиынтық бағалау жұмысын белгіленген уақыттан бұрын орындайтын болса, мұғалім оларға өз жауаптарын қайта қарап шығуын өтінеді. Жиынтық бағалау жұмысын орындау уақыты аяқталған соң мұғалім білім алушылардан жұмысты орындауды тоқтатуын және қалам/қарындаштарын үстел үстіне қоюын өтінеді. Барлық жұмыс жиналып біткенше білім алушылардың бір-бірімен сөйлеспеуі және тыныш отыруы өте маңызды.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Қорытындылай келе, сабаққа күнделікті критерий құрып, онымен оқушыларды таныстырып отырсақ, оқушылар өзін-өзі бағалауды үйренеді, сол сияқты өзгені де бағалауды үйренеді. Олар өз білімінің деңгейін саралап, алға ұмтылады, жақсы жетістікке жетуге тырысады.