Жолдас Г.С.
Түркістан облысы
Кентау қаласы Абай атындағы
№5 ЖОМ математика
пәні мұғалімі
Тіл-халықтың қазынасы. Атам қазақ айтады «Тіл- тас жарады, тас жармаса бас жарады»-деп айтқан сүбелі сөздері халық аузында. Дана халқымыз бір сөзбен халықты өсіруге де болады, өшіруге де болады -деп айтады. Қаншама нәубәт пен соғыстарда, Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама кездерінде, қуғын-сүргін кездерінде де тілі мен дінін жоғалтпай, халықтың тазалығы мен тектілігін қазіргі күнге жеткізген.
Тіл-халықтың айнасы. Тілдің тазалығын сақтау әрбір адам үшін өте маңызды. Тіл мәселесі әнгіме болғанда- ана деген сөз көкейге келеді. Ана тілі-деп айтады. Әке тілі -деп айтпайды. Бұл жерден біз нені ұғамыз?………
Тіл тағдыры ол анаға байланысты. Халық арасында мынандай сөз бар. «Әйел бұзылса-халық бұзылады» -деген сөз бекер айтылмаған.Яғни ұлттың, тілдің тарихы мен бүгіні мен ертеңінің, бүтіндей болашағының тәрбиесі үйдегі анаға байланысы. Әрбір қыз ұлттың болашағын тәрбиелейтін болашақ ана болғандықтан. Тіл тағдыры ел тағдыры екенін ұмытпауымыз керек. Сол қыздарды бесіктен тәрбиелеп өзінің болашақ тілі мен дәстүрін насихаттап болашақ ұрпаққа жеткізетін ана болатынын санасына сіңіріп өсіруміз керек.
Көкейге келетіні ,күрмеліп,шұбарланып бара жатқан ана тіліміздің аясының тарылып бара жатқаны. Бұл мәселеде көкейге күдік ұялайды. Жасыратыны жоқ, қазақ тілі халық арасында қолданыс аясы тарылып бара жатқанына қарның ашады.Оған куә болып жүрміз. Басқа ұлтты айтпағанда қазақпен қазақ шүйіркелесіп орысша сөйлескенін көргенде көзге жас келетіні жасырын емес.
Ұлт болып қалыптасқаннан бері көрген нәубәтті айтпағада кешегі Ахмет, Сәкен,Бейімбет, Мағжанның кезінде тілін сақтау үшін отбасының қуғынға ұшырайтынын өздерінің жермен жексен болатынын білсе де ұлты үшін бастарын қатерге тігіп мол мұра, баға жетпес байлыққа пара-пар әліппе жазып кетті. Оқу ағартумен айналысып ұйықтап жатқан халықты ояту үшін барын салды. Қараңғы қазақ көгіне шығып күн болғысы келді. Болды да …
Тіл тағдыры қабырғама батады,
Түзеу қиын бір жіберген қатені.
Наны үшін тілін сатқан арсыздар,
Мансап үшін отанын да сатады.
Ағайындар қатты кетсем сөкпеңдер,
Өзегімді өртеп кетті өткендер.
Жер қойнында жатса бір сілкінсін,
Ана тілі үшін жапа шеккендер.