Дені сау ұрпақ — жарқын болашақ!
«Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту» дирекциясы баспасөз қызметі, жоспарға сәйкес, нашақорлықтың алдын алу бойынша жасөпірімдер мен жастардың психологиялық белсенді заттектерді тұтынуын жою мақсатында, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын арнайы Республикалық ғылыми-танымдық «BILIM AINASY” газеті мен “bilimainasy.kz” сайтында жариялайды.
Мақсат — мектеп оқушылары мен жастардың, сондай-ақ, ата-аналар мен білім беру ұйымдары қызметкерлері көп шоғырланған ортада, «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселесі» бойынша үгіт-насихат жүргізу.
Нашақорлық — ең бірінші кезекте, адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер.
Сондықтан, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселесі айқын халықаралық сипатқа ие және бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де аса маңызды.
Есірткінің құзырына көп жағдайда мектеп оқушылары ілінеді. Осы тұрғыда ата-аналар балалардың тәрбиесіне жіті мән беру қажет. Балалар барлық проблемаларын алдымен ата-аналарына еркін айта алатындай арада жақындықты орнату керек.
Кейінгі салмақ, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектеп психологтары балаларды нашақорлықтан сақтау үшін нәтижелі жұмыстар атқару қажет.
Жоғарыда атап өткендей, балалар мен жасөспірімдердің девианттық тәртіп формалары тәрізді нашақорлықтың негізгі себептерінің арасында бірінші орындардың бірі отбасындағы келеңсіз көріністер, ата-аналардың спирттік ішімдіктерге немесе нашақорлыққа салынуы, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жанұя мүшелері арасында көтеріңкі көңіл-күй қатынастарының болмауы, жанұяда әкенің немесе шешенің болмауы, психоактивті заттарға оңай қол жеткізу, жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мен қолы бос болмауының нақты бағдарламасының жоқтығы сияқты әлеуміттік факторлар үлесінде. Жиі жағдайларда есірткілер қоғамдық орындарда: мектептерде, дискотекаларда, кафелерде, көшелерде, саябақтарда, есірткілерді таратушылар мен сатушылардың пәтерлерінде алынады.
Кез келген есірткілерді қолданудың белгілері:
•терісінің ағаруы;
• ұйқысының бұзылуы (мүлдем ұйықтамау немесе тым ұзақ ұйықтау)
• тәбеттің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу)
• сөйлеу мәнерінің өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз)
• көздің қарашығы көлемінің өзгеруі (көз қарашығының кенеттен үлкеюі немесе түйреуіш басының көлеміндей тарылуы)
• баланың терісінен және киімдерінен өзгеше иістің шығуы
• қозғалу координациясының бұзылуы.
Бала тәртібінде келесі өзгерістер байқалады:
• жан жағындағы оқиғаларға бейтараптық;
• үйде болмау, мектептегі сабақтарға бармау, оқу үлгерімінің төмендеуі;
• есте сақтау қабылетінің төмендеуі;
• сынағанды көтере алмау;
• себепсіз кенеттен баланың көңіл-күйінің ауытқулары;
• ақша сұрау, ақшаның жоқтығына көнбеу;
• үйден бағалы заттар, киім мен ақшаның жоғалуы;
• белгісіз адамдармен жиі телефон арқылы сөйлесу;
Кейбір «дәлелдер»:
денесінің кез келген жерінде, әсіресе білегінде тамырға жасалған инъекциялардың «көгерген» іздерінің болуы;
• белгісіз сұйықтар құйылған құтылардың, таблеткалардың, резеңке бұраулардың, инелердің, капсулалардың, шприцтердің болуы.
Қоғамдық дерттің алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы 2022 жылғы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен бекітілген 2022-2025 жылдарға арналған «Нұр-Сұлтан – есірткісіз қала» кешенді іс-шаралар жоспарының орындалуы және тиісті жұмыс шараларын қабылдау сіз бен біздер үшін ортақ міндет.
«Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту» дирекциясы баспасөз қызметі.
«Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту»
дирекциясы баспасөз хатшысы Жансая Мұстафина