Дүние есігін алғаш ашқан әр сәби отбасында ата-әжесінің, әке-анасының және бауырларының махаббаты мен жылулығына бөленіп өседі. Әр отбасында берілетін тәрбие түрліше болады. Өздерінің қалыптасқан отбасылық құндылықтары арқылы тәрбиеленеді. Ал білім мен тәрбие беретін балабақшада жаңашылдық пен заманауилықты ұштастыра отырып, елін сүйетін, адамгершілігі қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеуге үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Мақаламызға арқау болып отырған Алматы қаласы Түрксіб ауданында орналасқан, куаттылығы 145орындық,
КМҚК «№118 Бөбекжай-балабақшасы».
Балабақшада 6-топ жұмыс жасайды.
Бір кіші «Бүлдірген» тобы, екі ортаңғы «Ақбота», «Гүлдер», ересек «Ақкөгершін » және екі мектепалды «Айгөлек», «Қарлығаш топтары». Балабақша меңгерушісі-Алмабаева Райхан Капашевна, әдіскер-Оспанова Гульнар Сагидолдақызы, медбике-Арипова Айнур Акрамқызы. Балабақшада білімді, білікті мамандар жұмыс атқарады.
1-педагог-зерттеуші, 10 педагог-модератор, жоғары санатты- 2 және дене нұсқаушысы жұмыс жасайды.
Балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс, егіншілер егінін баптап өсірген сияқты үлкен жауапкершілікті талап ететін еңбек. Жасыратыны жоқ балабақшада жұмыс жасаудың өз қиындықтары бар. Себебі қазіргі таңда әр бала әр үйдің еркесі, дегендерін жасата білетін болып өсіп келеді. Балабақшаның әр маманы өздерінің тәжірибесінің, парасаттылығының арқасында тіл табысып, бірлесіп жұмыстарын атқарып отырады екен. Сондай-ақ балабақша қабырғасында әртүрлі іс-шаралар өтеді. Өзіміз де сол шаралардың біразы қонақ болып, таңдай қағып қайттық.
КМҚК «№118 Бөбекжай-балабақшасы» табалдырғын аттаған әрбір бүлдіршіннің қадамына ертеңге деген нық сенім, патриоттық сезімді ұялатып,
ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа деп айта аламыз.
Егеменді еліміздің мәңгілік ел болып, мәңгі жасауы өз тұғырынан түспеуі болашақ ұрпағымыздың қолында. Болашақ ұрпақты талапқа
сай ел мақтанышы етіп тәрбиелеуде балабақшаның рөлі зор. Сондықтан да балабақшаны «Балабақша – бақыт баспалдағы » деп атаудың өзі шынайлықты көрсетеді.
КМҚК «№118 Бөбекжай-балабақша» меңгерушісі мен ұжымына толағай табыстар тілейміз!
«BILIM AINASY»
Ақерке Амангелдіқызы