Home » Жаңалықтар » Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: «Білім беру саласына 243 млрд. теңге инвестиция тартылды»

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ: «Білім беру саласына 243 млрд. теңге инвестиция тартылды»

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының портфелі әртүрлі. Ол туралы Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Бүгінгі күні білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің 558 жобасы іске асырылуда.

Тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 243 млрд. теңгені құрайды.

«МЖӘ жобаларының негізгі үлесі мектепке дейінгі салада ұсынылған. 70 жоба мектеп асханаларын басқару мен 26 жоба колледждерді сенімгерлік басқаруға беруді көздесе, 14 жоба спорт зал салу, компьютерлік техниканы жеткізу мен оған қызмет көрсетуден тұрады», — деді Білім және ғылым министрі Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, жекеменшік мектептер мен жатақханалар ашу бойынша жобалар іске қосылуда. Жобалардың жалпы саны — 226.

Өңірлер арасындағы көшбасшылар қатарында Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласы тұр. Батыс Қазақстан, Жамбыл және Атырау облыстарында жұмыс қарқыны өте төмен, аталған облыстарда бірде-бір мемлекеттік- жекеменшік әріптестік жобасы іске асырылмаған.

Жалпы, Қазақстанның білім беру саласындағы МЖӘ тетіктерін іске асыру тәжірибесіне озық деген баға беруге болады.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.