Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп бекер айтпаған. Бүгінгі таңда білім берудің сапасы – бұл тек мектеп пәндерін игеру, емтихан нәтижелері ғана емес. Білім беру адам ресурстарын қалыптастыратын жүйе, сондықтан да бұл экономикалық мәселеге жатады. Елдер өзара тек тауар мен ресурстарға ғана бәсекелеспейді, білім беру деңгейі де ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің маңызды құрама бөлшегі болып табылады.
Біз үнемі өзгеріп, дамып жатқан әлемде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан уақытпен бірге қадам басу үшін жұмысты жетілдіріп, үнемі өзгеріс енгізіп, дамып отыру қажет. Олар бағдарлама бойынша алған білімдерін жүзеге асырып, мектеп өміріне елеулі өзгерістер енгізуде. Сабақтарын түрлендіріп өткізіп, оқушыларға дайын білім беріп қоймай, оларды үнемі ізденіске жетелеп, шыңдай түсуде.
Бүгінгі күні ғылымның, техниканың, мәдениеттің жедел дамуымен байланысты мұғалімнің педагогикалық процесті басқаруында шығармашыл бола түспек. Әр мұғалім зерттеуші бола білуі, яғни мұғалімде зерттеу жүмысының даярлығы болуы керек. Тек сонда ғана мұғалімнің ғылыми жөне әдістемелік деңгейіне қол жеткізуге болады.
Мұғалімнің кәсіби деңгейінің үнемі жетілдірілуі, еңбегінің жоғарылауы, оның педагогика ғылымдарының қазіргі жетістіктерін қаншалықты меңгергеніне байланысты болмақ.
Оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми негіздерін және оны жетілдірудің шараларын қазіргі заман талаптарына сай белгілеп беру қызмет етіп жүрген ғалымдардың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі – рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық — әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын — еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес..
Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды.Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.
Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі: мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады. Ең бірінші кезекте мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.
Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті — өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі — тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. Қорыта келгенде, Ж.Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер”, — дегендей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Шығармашыл мұғалім – біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алу, яғни, ұлы ақын Абай Құнанбаев айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой иірімі ұрандарыңызға айналып, адамзат құндылығы — бі лім екенін көрсету жолында еш аянбаңыздар демекпіз.
Г.С.Аманова ,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ЖОБ ПҚ БАИ,
Тараз қ.