«Ауру астан, дау қарындастан» деген бар. Егер адам денсаулығына ерекше күтім жасап, тамақты уақытында тұтынса аурудың алдын алады. Сонымен қатар денсаулығы жақсарып, талпынысы арта түседі.
Бүгінде нутрицология ғылымы қарыштап дамып, қаншама жандар емдеріне шипа табуда. Дәрілік заттың көбейіп кеткендігінен қайсысының жөн екенін білмеген халыққа берері мол нутрицологтар қатары артқан. Соның бірі бүгінгі кейіпкеріміз Жақсылықова Айнұр Сағидоллақызы.
Қайырлы күн! Айнұр ханым өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз……
- Сәлеметсіз бе! Қазіргі таңда декреттік демалыстағы анамын. Өмірлік ұстанымдарым бар. Үлгі боларлық ана атанып, елімнің және жолдасым мен балаларымның үмітін ақтау. Оңтүстік Қазақстан облысында Мақтарал ауданында дүниеге келдім. Өмірлік серігімді 2015 жылы кездестіріп, Алланың қалауымен отау құрдық. Екі ұл баланы тәрбиелеп отырмыз. Жолдасым Бахадыр Умирзаков1991 жылы өмірге келген. Сол кісінің қолдауының арқасында, алға дамып келемін.
Өмірлік ұстанымдарым бар деп қалдыңыз.Армандарыңыз орындалып жатыр ма?
- Армансыз адам, қанатсыз құс секілді. Әрбір жұмыр басты пенденің жүрек қалауы мен арманы болады. Біздің өмірдегі ең басты мақсатмымыз ана атану болатын.Аллаға шүкір, ол арманым орындалды. Қазақ халқының толық қыздарының арықтауына жігер беріп жүрмін.Оның өзі менің армандарымның орындалып келе жатқандығын білдіреді.
Баланы қалай тәрбиелеу қажет?
- Ұлдарымды өзіммен тең көремінде, өз тіліммен сөйлеймін. Олардың өмірге деген құлшынысы артады. Бар мейірімімді төгемін.
Толықтықтан қалай арылдыңыз?
- Семіздік – көп ауруларға алып келеді. Сол себепті денсаулығыма байланысты арықтауға күш алып келемін. Өзімнің қатарымнан үлкен көрінетін толық әйел болғым келмеді. Сол себепті арық адамдар жас көрінеді. Сол себепті барлығын жеңіл жасағым келді. Арықтауға деген мотивация іздедім, мақсатыма жеттім. Ең бірінші нәтижем -25 кг болды. Өзіңді жақсы көріп, өзіңді ұнатуың қажет. Көбіне толық және жаңадан босанған әйелдерде депрессия болады. Соның барлығын жеңуге тырыстым. Нәтижеме жетіп, бүгінгі күні марафондар өткізіп, қаншама қыз-келіншектердің алғысын алып келемін.
Блоггерлікке көзқарасыңыз қандай?
- Блогер менің түсінімде, әдемі киімі мен машинасын, жеген тамағын көрсету емес. Өзіңнің аудиторияңа, яғни оқырмандарыңа пайдалы дүние ұсыну. Соны әрі қарай жетілдіру. Егер де менің салам қызықтырса motivator_ainur мына парақшадан таба аласыздар. Рақмет!
Білім айнасы
Қызылорда облысының тілшісі
Маржан Әшірапбай