Абай атындагы Жамбыл гуманитарлық
жоғары колледжінің оқытушысы Алданова М.
Көп ұлтты жастардың өздерін Қазақстан тарихына, өткен буыннын манызды өмірлік кұндылықтарымен сәйкестендіруіне үйрету керек, жастарға нақты өмірлік бағыт беру керек. Бұл сөз бізге тікелей қатысты деп білеміз. Иә, халқымыздың барлық топтарының әлеуметтік жағдайлары және қажеттіліктері өзгеріп жатқан шактарда жастарды музыка өнеріне тәрбиелеуге ден койып, болашақ еліміздің өнер майталмандары етіп тәрбиелеу, ойлаған асыл армандарына жеткізу — ол біздің тікелей міндетіміз. Осы арада жастар өз ұлтының патриоты болуы, халқының мәдениеті мен тарихына жанашыр бола отырып, үздік оқу басты арманға айналуы керектігін ұмытпауы қажет. Сондықтанда мектеп қабырғасында бүгінгі таңда өнерге деген тәрбиені қай бағытта жүзеге асыру керектігі бұрынғыдан да маңызды мәселе болуы тиіс.
Өнер арқылы адам өзінің шын мәніндегі өз ішкі көңіл-күйін білдіреді. Олай болса, қазіргі таңда оқу орындарында онердің басты бір мақсаты — ол адам баласының барлық әрекетіндегі өнер арқылы патриоттык сезімталдыққа жастарды тәрбиелеу.
Әуенді сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен қабылдайды. Өйткені «музыка-жүрек тілі», яғни сезім, қобалжу, көңіл- күйдің тілі деп ұққан жөн.
Жалпы білім беретін мектептегі тәрбие салаларының бірі — музыкалық тәрбие. Оқушылардың өнерге қүштарлығы мен қаблетін дамытуда музыкалық тәрбиенің жүйелі жолға қойылып, дұрыс ұйымдастыруынының маңызы айырықша. Өнерде тәрбие құралдары (музыка-дыбыс, суретте-бояу, әдебиетте-сөз) жасалған көркем бейне аркылы оқушылардың кеңейтіп, өмір шындығын, әсемдікті сезіне білу қаблетін дамытуға жағдай жасайды.
Музыка пәнінің негізгі мақсаты шәкіртке ұлттық өнердің құндылығын таныту. Окушыларды музыкалық-эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу оларды көркем шыгармашылық , әлеуметтік маңызды және қоршаған әлемді игеруге, тануға бағытталган істерге тарту арқылы өткізу керек. Тек өнер ғана адамның шындыққа тарихи қалыптасқан эстетикалық қарым- катынас тәжірибесін ашады, қорытындылайды. Бұл музыка-эстетикалық тәрбие беруде ешнәрсемен алмастыруға болмайды. Өнердің эстетикалық тәрбие беруге катысуы, оның міндетті қызметтерінің бірі болып табылады.
Әр халықтың эстетикалық дүние танымы, көркемдік өзіне тән өнер туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақ тәрбиссінде, туған халқымыздын ұлттық өнерін, оның нәзік те көркем сырын ұғындыру мектепке дейінгі тәрбиеде баланы әсемдікті сүйсіне білуге баулу құралы скені сөзсіз. Сондықтан, мектепте өнерге деген қызығушылықты қалыптастыруда халық өнері мен мәдениетінің сан-алуан түрлері жайында қарапайым түсініктер беру көзделеді.
Әл — Фараби өзінің «Музыка туралы үлкен трактатында» музыка ғылымының мәселелерін зерттейді (музыкалық дыбыстардың құрылысынан музыка мен поэзияның байланысына дейін). Музыканың жақсы жақтары мен оның тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып көрсетеді. Музыканың әр түрлі жанрын жетілдіруде пайда болатын адам дарындылығының дәрежелерін талдайды. Әлеуметтік өмірдің шындығына тән кереметтілік тұрмыстык құбылыстардың шындығын көрсете білуде екенін дәлелдейді. Қазақстан мәдениетінің бірінші өзіне тән ерекшілігі халықтың қолданбалы өнерде, той-думандарда, қолөнер кәсіпшілігіне және т.б. өз көрінісін тапты.
Музыкалық тәрбие — эстетикалық тәрбие көзі. Музыка-адамның өмір бойы серігі. Музыканы жат көретін адамдарда бола қоймас, ол әркімге де керек дүние. Музыка тіліне әрбір тыңдаушы қанығады. Мектеп оқушыларына музыкалы-эстетикалық тәрбие беруде, сонымен қатар олардың музыкалық қаблетін арттыруда ән айту мен оны ұйымдастыру жұмысын дұрыс жолға қоя білу аса маңызды.
Мектепте музыкалық тәрбие берудің басты міндеті — окушыларды музыканы дұрыс тыңдап, түсінуге және оны әсерлі орындай білуге баулу. Орындаушылық шеберлікті шыңдау ән-хор дағдыларын жүйелі түрде жолға қоя білумен тығыз байланысты. Сабақта ән салу дағдыларын негізінен жаттығулар айтқандай үйренеміз де, ал ән үйрену кезінде оларды пысықтап қайталау арқылы есте қалдыруды көздейміз. Мектепте барлық пәндер сияқты, музыка пәні де оқушыларды азаматтық рухта тәрбиелеп, олардың дүниетанымын дамытып, ой-өрісін кеңейтуді, сонымен қатар музыка саласында білімін жетілдіруді мақсат етеді. Алайда музыка жай пән емес, өнер пәні болғандықтан оның өзіндік ерекшеліктері және атқаратын міндеттері өте көп. Атап айтқанда оқушылардың дүниетанымы, өмірге деген көз қарасы, музыкалық шығармаларды тыңдау немесе орындау кезінде алған әсерлену сезімі деген ұғым әр сабақтың ең өзекті мәселесі болып отыруы шарт. Олай болса, оқытушының сабақта қолданылған барлық әдістері осы түйінді мәселені ашуға бағытталуы тиіс. Ал ән айту, музыка тыңдалу дағдыларын үйрену музыканың сұлулыгын, әсем сазын терең түсініп, одан эстетикалық әсер, нәр алу жолдарын жеңілдетеді.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердің оқулықтарының тәжірибесіне, әдет- ғұрыптарына, салт-дәстүріне, рухани қазынасына, саяси-әлеуметтік, экономикалық ерекшеліктеріне ыңғайланып жасалуда. Бұны біз ұрпақтарымызға, қасиеттерімізді сіңірудің кажеттілігінен туындаған жағдай деп түсінуіміз керек. Яғни, ұрпағымызға ұлттық тәрбие беру қажет. М.Жұмабаев бұл мәселе жөнінде былай деп ой түйеді: «Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жылдары бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп қолданылып келе жатқан болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеленетін баланы сол ұлттық тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті».
Қазақ мәдениетіндегі маңызды салаларының бірі-музыка. Музыка-ой мен сезім бірлігі арқылы әлемнің тұтастай көрінісін жасайтын адам әрекетінің бір түрі. Халық өз салты мен дәстүрін, мәдениетін қазірге дейін жеткізе білген. Осы ғасырлар бойы жиған-тергенін асыл рухани қазыныларын, жас ұрпақтың бойына сіңіріп, дүниетанымын қалыптастыруда музыкалық өнер арқылы тәрбиелеу өзекті мәселелрдің бірі. Музыканы сүйген қауым адам баласына тән ізгі қасиетті, шынайы достық пен махабатты, әсем мінез-қылықты қастерлейді. Қазақтың әні мен күйін естіп өскен адамды биік мұраттарға жетелейді. Оның көп жақты сырын игеру, түсіну, қабылдау тым ерте, яғни сәби шағынан басталуы тиіс. Сонау Эллада дәуірінде ақылмен Аристотель адамның жан-жақты мәдени және рухани дамуына ерекше мән беріп, әсіресе, өнер, соның ішінде музыка адамдарды тәрбиелеудің негізгі құралы деп таныған.
«Біз қазір музыка саласында өзіміздің халқымыздың дәстүрінен, дүниежүзілік классикалық үлгіден айырылмай, ілгерілей беруіміз қажет, дейді ғалымдар Ә.Нысанбаев пен Т.Әбжановтар, — өйткені музыка халқымыздың адамгершілік пен парасаттылық қасиетке
жетудің жолы дейді»
Мектепте музыка сабагы окушыларды әсемдік әлемінің таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани ләззат, әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға, ізгілікті мұрат — мақсаттарға жетелеп, өнегелі істерге баулиды. Осы маңызды міндеттерді орындау үшін баланың бойындағы каблетті дамыту керек.Ал жалпы музыкалық каблетті дамыту үшін музыка пәнінің мұғалімі «сегіз қырлы, бір сырлы» болуы қажет. Ол — әнші, музыкант, актер, әдебиетші, тарихшы — қысқасы ғылымнын әр саласынан хабардар болганда ғана, бүгінгі күн талабына сай ұстаз бола алады.