Алипбаева Гульсум Азимжановна
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
№56 «Береке» балабақша меңгерушісі
«Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»
К.А Покровский.
Ойын арқылы балалар көп нәрсені үйреніп тез ұғынып сол ойынға қорытынды жасапта үйренеді. Баланы жақсы тану, жақсы түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддессін бейнелесе күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп, бүгінгі ойын бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес. Сондықтан да педагог бала ойынына ерекше мән береді .
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, демек ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек.
Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.
Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең,алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ойын адамның мінез – құлқын өз басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс – әрекеттің бір түрі.
Осындай ойындардың барлық түрі біздің балабақшада бала тілін дамыту мақсатында жүзеге асырылып отырады. Атап айтатын болсам, интеллектуалды логикалық ойындарға ересек, мектепалды даярлық топ балаларының қызығушылығы өте жоғары.
Білім беруді жаңғырту орталығы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының инновациялық жобаларды іске асыру және балабақшада тәжірибе жүргізу мақсатында 2019 жылғы қыркүйек айында «Интеллектуалды логикалық ойындардың бала тілін дамытудағы маңызы» атты эксперименталды алаң ашылды. Тәжірибе алаңының жүзеге асуына «Интеллетум» қосымша білім орталығының бас директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Игенбаева Бижан Құрманғалиқызының қолдауы, педагогтардың білімін жетілдіруде үздіксіз әріптестік байланыс орнатты. Осы тәжірибе алаңы тақырыбы аясында балабақшамызда жыл сайын мектеп жасына дейінгі балалардың білік дағдыларын қалыптастыру мақсатында топтар арасында дөңгелек үстел сайыс түрлері: «Тапқыр болсаң талас жоқ», «Балабақша көшбасшысы», «Ең үздік» және т.б сұхбат алаңы сынды іс-шаралар жоспар бойынша үздіксіз жүргізілуде.
Жүргізілген жұмыстардың басты мақсаты: «Ойлау, жаңаша ойлау, көрнекі ойлау, яғни стратегиялық ойындар арқылы жаңаша ойлауын арттыру.
«Интеллектум» ойындары балалардың өзіне деген сенімін арттырып, ашық та зерек болып өсуіне ықпал етеді балаларды визуалды қабылдау, яғни заттың түсін, пішінін, мөлшерін, көлемін, бағытын үйренеді. Сондай-ақ салыстырмалы түрдегі үлкен-кіші, алыс-жақын, аз-көп ұғымдарын, ұқсас бөлшектерді айыру, үш өлшемді фигураларды анықтау, пішіндерден кескін құрау, ортақ бөліктерді көре білу қасиетін жақсартады. Ой қиялдарын шарықтата отырып, өз нұсқасын жасауға дағдыланады.
Интеллектум — елімізде енді ғана дамып келе жатқан инновациялық сала.
ХХІ ғасыр – жаңа технологияның, ғылым-білімнің ғасыры. Мұны мойындамасқа шара жоқ. «Береке» балабақшасы «Интеллектум» атты мектепке дейінгі логика ойындарына көп көңіл бөлуде. Заман талабына сай, интеллектуалды ұрпақ қалыптастыру мақсатында «Береке» балабақшасында «Интеллектум» кабинеті ашылды. Кабинет барлық керекті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Балабақшада жоспар бойынша «Интеллектум» технологиясын енгізу мақсатында педагогтарға арналған семинар өткізілді.
Алдымызға қойған мақсатымыз: баланың көрнекі ойлауын, үш өлшемде (3D) логикасын, зияткерлік қабілетін, көздің координациясын, психомоторикасын, есте сақтау қабілетін дамыту. Жаңашылдығын айтсақ, бұл технология Нобель сыйлығына иеленген ойындар жүйесі болып табылады.
«Көркем өрнек» интеллектуалды ойыны, тәрбиеші Байжанова Гүлжанат
«Ең үздік!» интеллектуалды сайыс тәрбиеші Мустафаева Венера Ахметовна
Қалалық интеллектуальды ойындар көрмесі
«Сиқырлы бөлшектер» ортаңғы топ тәрбиеленушілері
Ойын– балалардың негізгі іс – әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы байқалады.) Түрлі психологиялық сезім әрекетіне сүңгиді.Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегіндей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Балалардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру – тәрбиешінің негізі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.
Интеллектум ойындары — баланың ой-өрісін дамытып, тез шешім қабылдауға, шапшаңдыққа баулиды, арнайы ойындар көмегімен жүргізіледі. Бүгінде әлемнің 17 елінен 32 ойын түрі таңдалған. Тәжірибе көрсеткендей, интеллектісі осылай дамыған балалар болашақта білікті стратег, табысты кәсіпкер болып шығады.
Осы ойындарды бала бойына сіңіру үшін педагогтер арнайы курстан өтіп, білімдерін жетілдіріп келді.
Интеллектуалды логикалық ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, түстерді дұрыс пайдалануға әсер етеді.
Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай кезде баланың қызығушылығы төмендейді. Қандай да болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген дұрыс. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуді үйренеді. Ата — аналар мен тәрбиешілер баланың тілін дамыту мен тәрбиелеуде ойын түрлерінің маңызы зор екенін ұмытпаулары қажет.
Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып — біледі. Көрген — білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады. Тіл — баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы барысында ой — өрісін, ақыл — парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.
Интеллектуалды логикалық ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, түстерді дұрыс пайдалануға әсер етеді.
Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай кезде баланың қызығушылығы төмендейді. Қандай да болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген дұрыс. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуді үйренеді. Ата — аналар мен тәрбиешілер баланың тілін дамыту мен тәрбиелеуде ойын түрлерінің маңызы зор екенін ұмытпаулары қажет.
Ойын қызметі — белсенді әрі мақсатты үрдіс. Бұл қызмет түрі серіктестің болуын талап етеді. Онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің басты мақсаты — бүлдіршіндердің диалогтық қарым — қатынасы болып табылады. Балалар өз құрбыларымен сөйлесу арқылы тілін дамытады.
Ойынның мәні — баланың дербес әрекеті мен төңірегіндегі өзгерістерді танып — білуіне жол ашу. Ойын халықтық педагогиканың ең бір көне және тиімді құралдарының біріне жатады. Бала ойын арқылы өзінің өмірден байқағандарын жүзеге асырып, айналасындағы адамдардың іс — қимылдарына еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады.
Ойынның тәрбиелік маңызы: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды, ұлттық ойындар, оның ішінде ата — бабаларымыздың баға жетпес құнды қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретеді, сөздік қорын байыта түседі.
Ойын балалардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.
Сондықтан балабақшадағы балалар оқу қызыметінде ойынды өте көп қажет етеді.
Ойындарды қолданудың тиімділігі :
- жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге
жетуге болады;
- шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;
- Оқу қызметін жандандырып, өткізу.
- баланың өз – өзіне деген сенімділігі пайда болады;
- логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Интеллектуалды логикалық ойындардың мақсаты:
1. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру;
2. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;
3. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды тиянақтау және бекіту;
4. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қайталау және пысықтау;
5. Бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды тексеру.
Интеллектуалды логикалық ойынның міндеті:
1. Баланың қызығушылығын туғызу;
2. Баланың белсенділігін арттыру.
Балабақшадағы тәрбиелеу — оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс — әрекет кезіндегі тілдік қарым — қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, мектепке дейінгі әр түрлі топтардағы балалардың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдалану осы бағыттағы атқарылатын игі іс — шаралардың нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймын.