Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы
ШЖҚ №79 мектеп-лицейі
Тақырыбы: «Саздан туған сазсырнай»
Секция: Тарих, өлкетану, этномәдениеттану
Орындаушы: Сейтжанова Сезім 4 Қ сыныбы
Жетекшісі: №79 мектеп-лицейінің музыка пән мұғалімі
Бегимбетов Марат Бейсембайұлы
Мазмұны
Кіріспе… ………………………………………………………………………………………….
1.Үрмелі аспаптардың шығу генезисі және дамуы. …………………………..5-6 бет
- Сазсырнай аспабының шығу тарихы…………………………………………….7-бет
- Сазсырнай аспабы туралы аңыз әңгіме…………………………………………..8-бет
- Сазсырнай қоңыр үнге толы аспап ………………………………………………..9-бет
- «Көне аспаптар күмбірі». Болат Сарыбаев-қазақтың ұлы өнертанушысы ……………………………………………………………………………………………10-11 бет
- Сазсырнай аспабының жасалу ерекшеліктері ………………………………..12-бет
Қорытынды ………………………………………………………………………………………13-бет.
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………………………13-бет
ШЖҚ №79 мектеп-лицейінің 4 Қ сынып оқушысы Сейтжанова Сезімнің
ғылыми –зерттеу жобасына пікір.
Ғылыми жобаның тақырыбы: «Саздан туған сазсырнай»
Сезім өзінің ғылыми жобасында сазсырнай аспабы туралы,оның шығу тарихы туралы және жасалу ерекшеліктері туралы толық мағлұмат жинаған. Аспаптың түрлерін зерттеген. Мәліметтерді, деректерді өз жасына лайық таба білген. Деректермен және іс-тәжірибе жүзінде дәлелдеген.
Оқушы бұл жобаны жазу барысында кеңінен дайындалғанын байқатты.
Ғылыми-жоба жетекшісі: Музыка пәнінің мұғалімі М.Б.Бегимбетов
ШЖҚ №79 мектеп-лицейінің 4 Қ сынып оқушысы Сейтжанова Сезімнің
ғылыми –зерттеу жобасына аңдатпа.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезеңдегі экономикалық-әлеуметтік саяси өзгерістермен байланысты, еліміздің болашағына белсенді атсалысатын, өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, дәстүрімен, өнерімен терең танысқан зерделі ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселеге айналды. Музыка құндылығын сақтау және оны ұрпаққа жеткізу, балаларды ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау -жалпы білім беретін мектептің негізгі мақсаты болып отыр. Оқушылар тәрбиесiнде қазақтың ұлттық музыка өнерінің алатын орны зор. Оқушылардың ұлттық музыка өнерiмен айналысуы, жеке тұлғаның эстетикалық талғамын және эмоционалдық мүмкiндiгiн көтередi. Сондықтан бүгінгі таңда ұлттық музыка өнерінің түрлерін (ән, күй, терме, жыр, айтыс, толғау, т.б.) олардың әрқайсысының жалпы ерекшеліктерін жаңаша технологияға салу — бүгінгі күн талабы. Осы қойылған талаптарға сай, музыкалық білімді жүйелі түрде дамыту барысында ұлттық сана иірімдерін айқындай түсу және оны тереңірек меңгеру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында да Отанымыздың тарихи маңыздылығын және отан тарихын паш ету арқылы әлемге Қазақстанды танытамыз деген көсемдік көзқарасын білдірген еді. Елбасы өз сөзінде: «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек. Қазақстан тамыры терең жайылған ұлы тарихы бар ел екенін көрсете және дәлелдей отырып, дүниежүзілік аренада біз елімізді рухани қабат арқылы паш етеміз» деп атап көрсетті. Ал «Мәдени мұра» бағдарламасы осы бір тарихи мақсатқа жетудегі алғашқы нақты қадам.
Ғасырлар бойы тарих қойнауында көміліп қалған көне дәстүрлі музыкалық аспаптарды қалпына келтіріп, өшкен дәстүрді қайта тірілту, сөйтіп бабалардың музыкалық әуезді үнін жаңғырту.
Жұмыстың мақсаты: Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары жайында танымды кеңейту. Балалардың көне музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту.
Жұмыстың міндеттері: Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:
- Сазсырнай аспабының шығу тарихымен таныстыру;
- Сазсырнай аспабының жасалу ерекшеліктері;
- Балалардың өнерге,аспапқа деген қызығушылығын ояту;
- Әнді,күйді,музыкалық шығармаларды тыңдап сүюге тәрбиелеу.
- Оқулықтардан дәлелдерді пайдалану;
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің негізі: Оқытудың заманауи әдістері, білім беру үрдісіндегі әрекеттік және құзыреттілік тәсілдерін меңгереді.
Зерттеудің болжамы: Ғасырлар қойнауынан тауып алған көне сазсырнай аспабының халқына ақтарар сыры , орындар күйі , сыйлар қуанышы сарқылған жоқ.
Зерттеу пәні: Музыка.
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында жинақтау, талдау, зерттеу әдістерін пайдалану.
Зерттеудің объектісі: Сазсырнай аспабының мол мүмкіндігін ашу.
Жобаның ұсыну формасы: Зерттеушілік
1.Үрмелі аспаптардың шығу генезисі мен және дамуы.
Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелер саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі.
Осындай мақсаттағы кең көлемді бағдарламалық жоспарлар өз кезегінде оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге де үлкен өзгерістер енгізіп, мектеп мұғалімдері қызметінің ауқымын арттырып, олардың ұстаздық шеберлік деңгейінің аса жоғары болуын талап етеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде музыкалық педагогика саласы бойынша жаңа бағдарламалар жасалып, оқулықтар жазылды. Сондай-ақ адам өмірі мен бүкіл тіршілігінің музыка әлемімен тығыз байланыстылығы жайында да философиялық ой түйінделеді.
Жаңа оқулық бағдарламасы бойынша музыкаға тәрбиелеуде музыкалық шығармаларды тыңдату арқылы балалардың еркін қиялына қанат бітіріп қарапайым әуендік фразаларды инпровизациялау мүмкіндігіне, өзіндік шығармашылық әрекет жасауына ықпал етіп, оның қызығушылық ынта-жігерін арттыруына жағдай тудырып, жетелеп отыру. Осы ұстамға сүйене отырып, халқымыздың музыкалық ұлт аспаптарының қызметін жобама арқау еттім.
Әлем халықтарының музыкасы мен аспаптары тақырбы кең көлемде қамтылған. Жалпы әлем халықтарының музыкасы мен музыкалық аспаптары, мәдениеті жайында танысу – біріншіден, оқушылардың тұсінік ауқымын кеңейтсе, екіншіден, әр халықтың музыкалық мәдениетіне зер салу арқылы барлығына ортақ ұқсастығы мен айырмашылығына барлай ой жүгіртіп әлемдік ауқымда жан-жақты түжырым жасап өсуіне көмектеседі. Дәстұрлі ән айту өнерімен дәстүрлі аспаптық музыка және күйшілік өнер қазақтың халықтық музыка мәдениетінің қос қанаты іспеттес.
Қазақ халқы музыка аспаптарын жетілдіру 60-70 жылдарда ерекше қарқын ала бастады. Бұл жолда өнер зерттеуші ғылым кандидаты Болат Сарыбаев еселі еңбек етті. Ол бұрын халықтың музыкалық өнерінде болып, кейіннен жоғалған жиырмадан астам ұлттық музыка аспаптарында ойнау ерекшеліктерін табу істерімен де аналысты. Сөйтіп белгісіз болып келген аспаптар: «Шертер», «Сазсырнай», «Асатаяқ», «Жетіген», «Нарқобыз», «Шаң қобыз», «Сазсырнай» секілді аспаптарды қайта өңдеп, халық музыкасы санынан берік орын алды. Осының нәтижесінде фольклорлы? – этнографиялық «Ғасырлар ұні», «Шертер», «Жетіген» ансамбльдері, «Отырар сазы» оркестрі өмірге келді.
Ғасырлар бойы тарих қойнауында көміліп қалған көне дәстүрлі музыкалық аспаптарды қалпына келтіріп, өшкен дәстүрді қайта тірілту, сөйтіп бабалардың музыкалық әуезді үнін жаңғырту өткен ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан бастау алады. Бұл көптеген ұлттардың мәдени- рухани өміріне үлкен серпіліс алып келген ерекше кезең болатын. Кеңестер Одағы көлемінде қолға алынған осындай ауқамды жұмыспен қатар кең қанат жайып, ұлттық болмысы мен өзіндік ерекшелігін жоғалта бастаған қазақ халқының көптеген музыкалық аспаптары қалпына келтіріліп екінші тынысы ашылды. Отызға жуық қалпына келтірілген халық аспаптарының ішінен саздан, балшықтан, әктастан т.б. жасалған окарина тектес үрлемелі аспаптардың үні ерекше естіле бастады. Солардың ішінде сазсырнайдың өзіндік үнімен халыққа танылған, қазақ деген халықтың әні мен күйін дүние жүзіне таратқан кезі кеңестік кезеңнің соңғы онжылдығы және еліміздің тәуелсіздік кезеңімен сәйкес келеді. Дыбысы әуезділігімен, қоюлығымен және құлаққа жағымдылығымен тыңдаушысына берер эмоциялық аспаптар ішінде өзіндік орнымен ерекшеленеді.
Халқымыздың музыкалық аспаптарының ішінде үрмелі аспаптар тобына жататын сазсырнайдың тарихы да әрі де жатыр.Халық шығармашылығында кең көлемде қолданыста болған бұл аспап бертін келе тарихтың қойнауына көміліп қалған болатын.
- Сазсырнай аспабының шығу тарихы.
Халқымыздың музыкалық аспаптарының ішінде үрмелі аспаптар тобына жататын сазсырнайдың тарихы да әрі де жатыр.Халық шығармашылығында кең көлемде қолданыста болған бұл аспап бертін келе тарихтың қойнауына көміліп қалған болатын.Ұзақ уақыт музыка мамандарының назарынан тыс қалып келген жекелеген саз аспаптарының сахнаға жолы өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап қолға алына бастады.Сазсырнай Отырар қаласынан қазған кезде табылған.Жергілікті қариялар оны Фарабидің сазсырнайы деп атаған.Аспап ерекше сапалы саздан алдымен тұтас құйылып,содан кейін күйдірілген.Осы аспаптың құрылысына зеттеу жүргізген ғалым Болат Сарыбаевтың еңбегі зор нәтиже берді. Б.Сарыбаев терең зеттей келе осы аспаптың өзіндік құпиясын ашты.Осы үлгі бойынша сазсырнайдың бірнеше түрін жасады.Үздік шыққан бірнеше түрлерін жетілдіріп тәжірибеге енгізді. Ұлттық оркестірлеріміз бен ансамбльдеріміз өзіндік дыбыс үнімен ерекшеленетін жаңа аспап түрімен толықтырылды. Сонымен бірге сазсырнай аспабына тән музыкалық шығармалар іріктеліп,оның орындаушылары көбейді,оны жасаушы шеберлер де жетерлік.Бүгін де бұл аспап қазақ ұлт аспаптар оркестірлері мен ансамбльдердің толыққанды мүшесі.
- Аңыз әңгіме
Ерте ,ерте,ертеде баяғы бір заманда Асан деген бала болыпты. Ол күнде өзінің ауылының қойларын бағады екен. Сөйтіп жүріп күн көріпті. Бір күні қойды өзен жағасына жаяды. Сол күні күн ыстық болады. Асан қатты шөлдеп , торсығына құйып алып шыққан суын ішеді. Бір кезде қолынан торсығы түсіп кетеді де суы жерге төгіледі. Ол жердің топырағы сазды екен. Асан жерге отыра қалып су араласқан сазды қолмен ұстап уқалап ұзақ уақыт отырады. Қолы талған соң оны тастың үстіне қойып , кептіреді де қалтасына салады. Сөйтіп отырғанда қойды ауылға апаратын уақыт болады. Қойды ауылға айдап келеді де тамағын ішеді. . Кешкісін достарымен өзен жағалауында отырғанда қалтасынан бірдеме қолына батқандай болады. Қараса манағы сазбалшық екен. Оны досы Асқар көріп, қызығып кетеді.
- Асан мынау не? Өзі қаздың жұмыртқасына ұқсайды екен деді таңырқап.
- Өзімде білмеймін. Мана қой бағып жүріп сазды уқалап көріп едім осындай сопақша көлемді болып шықты. Асқар қане маған көмектесші . мен бұдан бір ерекше аспап шығарғым келіп отыр.
- Асан айтты :
- Олай болса бұны отқа қыздырайық. Әкемнен көргендерім бар. Ол кейбір аспаптарды отқа қыздырып жасайды. Сонда ол аспап мықты болады дейді.
- Сөйтіп Асан мен Асқар сазды отқа қыздырады. Қыздырып болған соң әр жерінен тесіктер жасайды, ол әдемірек болу үшін жиектеріне ою салады. Екеуі түні бойы еңбектеніп таң ата ұйықтап қалады. Таңертен Асқар ұйқыдан тұрып қараса Асан балшықтан жасалған әдемі аспапты үрлеп тартып отыр екен. Әр үрлеген сайын әсем әуендер шығады. Сөйтіп оны барлық ауыл адамдары көріп таңданады. Өз жасаған туындысына Асан «саздан туған сазсырнай» деген атау береді. Себебі ол саздан жасалғандықтан. Осылайша сазсырнай дүниеге келген екен.
4.«Сазсырнай қоңыр үнге толы аспап» Сазсырнай — қазақтың ұлттық үрмелі аспабы , оның пайда болған мерзімі дәл белгіленбесе де, қалай не мақсатпен пайда болғаны белгілі. Баласының тәлім тәрбиесіне аса маңыз аударған қазақ халқымыз олардың ойыншықтарын да өз қолымен жасап берген. Сазсырнайды ең алғаш рет балалар ойыншығы ретінде қолданып ,уақыт өте келе күнделікті тұрмыста музыкалық аспап ретінде қолдана бастады. Төрт түліктің ортасында өсіп, аң, құстың даусына елітіп сол үнді сазсырнайдың көмегімен шығарып ойнаған . Сазсырнайдың көлемі шағын, жалпақ тілмен айтқанда қаздың жұмыртқасындай көлемі бар аспап. Ең алғашында сазсырнайдың екі ғана ойығы болса, қазіргі таңда жетілген саз сырнайлар 5 — 6 ойықтан тұрады. Бұл ойық саз сырнайдың ең маңызды жері, өйткені жүректің нәзік пернесін баса сызылған әуезділігінің шығар көзі осы ойықта. Осы ойықтарды басу арқылы жан дүниеңді жібітер тамаша дыбыстарды туғызады. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны үлкен емес, сонымен қатар нәзік, әрі қоңыр үнді, жағымды да жұмсақ болып келеді. Қазіргі таңда бұл аспаптың жоғарыда айтып өткендей оркестр және фольклорлы — этнографиялық ансамбльдерде қолдана отырып, жеке аспап ретінде шығармаларды да осы оркестр, ансамбльдердің сүйемелдеуімен үлкен сахналарда орындауға мүмкіндігі бар. Сазсырнайды әлемдік деңгейдегі үлкен сахналарда паш етіп танытып жүрген Еділ Құсайынов және Гүлфайруз Далбағай сияқты аға – оқытушыларымыз бұл аспапты насихаттап қана қоймай аспаптың одан әрі техникалық мүмкіндіктерін дамыта отырып, методикалық оқулықтарын шығарып, көптеген шәкірттерді тәрбиелеуде. Осы жерде танымал өнер қайраткері, ғылыми зерттеуші Б.Сарыбаевты айтпай кету мүмкін емес, өйткені қазақ халқының көне музыкалық аспаптары мен дәстүрлі қазақ музыка мәдениетінің жандануы Болат Шамғалиұлы Сарыбаев есімімен тығыз байланысты. Ол өткен ғасырда қазақ өнерінің қайта даму кезеңіне сүмбелі үлес қосты. Б.Сарыбаевтің жұмыстарының нәтижесінде қазақ халқының бай мұрасы кеңінен насихатталып, ұмыт болған төл өнеріміз қайта жанданды. Еселі еңбектерінің арқасында ол шаңқобыз, сыбызғы, сазсырнай, үскірік, үш ішекті домбыра, шертер , жетіген сияқты 30-ға жуық қазақтың көне музыкалық аспаптарын іздеп тауып, жарыққа шығарды . Сазсырнай 1971 жылы Отырар қаласының орнынан табылған болатын. Сазсырнай аспабы Тәуелсіз Қазақстанның табысты ғұмырындағы мәртебесін асқақтатып жырлайтын негізгі аспаптардың бірі болып табылады. Ойымызды қорытындылай келгенде халқымыздың жекелеген саз аспаптарының сахнаға қайта оралу жолы бұралаң болды . Ұзақ уақыт музыка мамандарының назарынан тыс қалып келді .Үрлеп ойнайтын музыкалық аспаптар тобының ішінде дыбыстық сапасының әуезділігі , қоюлығы және құлаққа жағымды қоңыр дыбысымен тыңдаушысына берер әсері мол сазсырнай қазақ фольклорлық аспаптар ішіндегі өзіндік орнын тауып ,бүгінгі академиялық халықтық аспаптар оркестрінен бастап , көптеген ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр . Аспаптың дыбыстық диапазон шеңбері кеңейіп , терең де қою қоңыр үнімен толығып , өзге аспаптармен жарасымды үйлесімділік тапты .
Бұл салада бүгінге дейін бір төбе жасалған жұмыстар бар десекте , саз сырнай аспабының мол мүмкіндігін аша түсу үшін әлі де болса көп шаруалар күтіп тұр .Әзірге бұл аспаптың жасалу , дамыту , зерттеу жолдары халық арасында насихатталып таралуы өз бетінше ізденген ,табыс табуды кәсіп еткен жекелеген шеберлердің ,аспапты үйрететін ұстаздардың шаруасы ғана болып тұр . Ғасырлар қойнауынан тауып алған көне сазсырнай аспабының халқына ақтарар сыры , орындар күйі , сыйлар қуанышы сарқылған жоқ .
5.«Көне аспаптар күмбірі». Болат Сарыбаев-қазақтың ұлы өнертанушысы
Сарыбаев Болат (1927-1984) – музыкатанушы, өнертану кандидаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, мұнан соң халық аспаптар кафедрасында дәріс берген, бір мезгілде қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау мен зерттеу жөніндегі қызметтермен айналысты. Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі халықтардың төрт жүзге таман музыкалық аспабын қамтиды, ол сондай-ақ сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл және басқа халықтық қазақ музыкалық аспаптары жинамасының иесі. Ол бұл аспаптарда Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар Музейіне тапсырған. Б.Сарыбаев “Қазақтың халық аспаптары” монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын, дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере отырып, жіктейді. Бұл зерттеуге бағалы қосымша ретінде Сарыбаевтың көмегімен “Қазақтың музыкалық аспаптары” әдемі альбомы жарық көрді.
Б. Сарыбаев музыка тануда ежелгі аспаптарды біліп, тауып, мәдениеттің материалдық игілігі ретінде ғана бағалап қана қойған жоқ, сондай-ақ, бұл ескі аспаптарды халықтың рухани өміріне ендірді. Сарыбаевтың ұмытылған ескі аспаптарды жаңартып, оларды іздеуі, зерттеуі нәтижесінде біз қазақтардың ерте кезден музыкаға, әнге, әуенге құмар екендігін, ерте кезде олардың әлемдегі ең бай аспаптарды қолданғандағын білеміз. Сарыбаевтың еңбегінің маңызы аса зор, себебі — ежелгі аспаптарда уақыт үні, ғасыр таңбасы болады, ол –қазақтың музыка мәдениетіне жаңа тарихи бет болып қосылып, үнемі жаңарып, толығып отырады.
Қазақстанның музыкалық мәдениеті саласындағы Б.Ш.Сарыбаевтың өмірі мен сан-салалы қызметі 20 ғасырда елеулі орын алады. Көне музыкалық аспаптар мен дәстүрлі қазақ музыкасының жандануы, қайта даму кезеңі оның есімімен тығыз байланысты. Ол жоғала бастаған көне музыкалық аспаптарды іздестіріп, қалпына келтіріп, зерттеу жүргізіп, бүгінгі ұрпақ кәдесіне ұсынып ұлттық мәдениетіміздің өткен тамаша тарихымен таныстырды. Болат Сарыбаев 1927 жылы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының негізін салушылардың бірі белгілі ұстаз Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың отбасында дүниеге келді. Болаттың өмір жолын таңдауына ықпал еткен Құрманғазының шәкірті ұлы домбырашы Дина Нұрпейісова десек қателеспес едік. Ол Ұлы Отан соғысы кезінде біраз уақыт Сарыбаевтар үйінде тұрды. Болаттың музыкалық қабілетін байқаған Дина Нұрпейісова “Болатжан балам, мына домбыраны сақтап, ойнап үйрен” – деп өзінің домбырасын сыйға тартады. “Қазақ халқының мәдени мұрасы ұшан-теңіз әрі көпқырлы, оны зерттеп оқып-біліп кейінгі ұрпаққа жеткізу қажет. Сен өзің сыпайы, қарапайым болғаныңмен еңбекқорсың. Ержеткен соң қолыңнан бәрі де келеді” – деген тілек сөзі Б.Сарыбаевтың зайыбы М.К. Сарыбаеваның айтқанынан жазылып алынды.
Болат Шамғалиұлы Алматы консерваториясының түлегі, оны бітірген соң осы оқу орнында қалды. 50-жылдардың аяғынан оның қазақтың ұлттық аспаптарын зерттеу саласындағы тер төгіп еңбектенген іздену жұмыстары басталады. Бұған дейін қазақтарда тек екі аспап — домбыра мен қобыз болған деген пікір қалыптасқан болатын Сондықтан зерттеу жұмыстарын қайта жаңғыртуға тура келді. Осының нәтижесінде Болат Шамғалиұлы жиырмадан аса қазақтың музыкалық аспаптарын тапты. Олар: шаңқобыз, сыбызғы, саз-сырнай, үскірік, шертер, жетіген, т.б.
Елге шыққан іздестіру сапарлары, экспедициялары кезінде Болат Шамғалиұлы көптеген орындаушылар, көне көз қариялармен жүздесті. Сирек кездесетін аспаптар үлгісін көріп, олардың қалай жасалатынын ақсақалдардың айтуында естіп жазып алу сәтін иеленді. Б.Сарыбаевтың үйіндегі мұражайға негіз болған музыкалық аспаптар коллекциясы осылай құрала бастады. Бұған оны төзімділігі ақыл-ой, күш-қуатымен аянбай жұмсаған тынымсыз еңбегі жеткізді. Ол туралы “Б.Сарыбаевтың коллекциясын мемлекеттік мұражайлармен салыстыруға әбден болады. Ал аспаптардың сан-алуан бай болуы жағынан асып та түседі” – делінген (Б.Сарыбаевтың музыкалық аспаптар мұражайының күнделігінде жазылған Вл.Перельманның сөзі).
Ғалымның музыка зерттеу саласындағы еңбектері мен ізденістері оны сыры белгісіз жаңа жолдарға жетеледі. Тамыры бір түркі тектес халықтардың ортақ мәдени мұрасы – көне музыкалық аспаптары жайында нақты дәлелдеп айтқан осы Б.Сарыбаев болатын.
Сонымен бірге ортағасырлық түркі жазбаларынан мағлұмат табуға болатынын да кітабында жазды. Көп жылдар бойы табан тіреп еңбек ету, қажымай іздену нәтижесінде Б.Сарыбаев көне аспаптар үнімен жаңа музыка әлемін жарыққа шығарды. Ғалым туралы Ә.Мұхамбетованың “ол өзінің аспаптары үнінің сүйкімділігімен біздің айналамызды жұмсақ та қоңыр сазды әуенімен қоршап өзгертіп кеткендей” – дегені шынайы шындық. Сөз жоқ мұндай табысқа жету үшін бұл көне аспаптарды іздеп табу немесе әдебиеттерден, мұражайлардан, фольклор көздерінен қарап жазып алу әрине аздау болар еді. Ол үшін аспаптарды қалпына келтіріп даусын шығарып, осы аспаптарда ойналған әуендерді өңдеп жандандыру керек болды.
Зерттеу жұмыстарын, көне аспаптарды қалай іздеп тапқкандарын қызықтыра әңгімелеп халықтың жүрегіне жол таба білді. Бұл біздін өткеніміз, тарихымыз, тағдырымыз екенін сезіндіре білді. Мезгілдік басылымдардағы жүздеген мақалалары, шығарған кітаптары, радио мен теледидардағы хабарлары, пластинкаға жазылу, фильм түсіру, ғылыми конференциялар мен концерттерге шығу, студенттерге дәріс беру, аспап жасаушы шеберлермен жұмысы — осының бәрін бір адам істеді деу таңқаларлық жай. Б.Сарыбаевтың көзі тірісінде мұражай пәтеріндегі күнделікте жазылған соңғы тілектердің бірі былай басталады: “Жан байлығы істеген еңбегіңде ғана емес, жан байлығы осы еткен еңбегіңнің нәтижесі халыққа жете алды ма? Бұл қолжетпейтін асыл мұражай үйде болып, көзбен көріп ең бастысы құлағыммен естігеніме шексіз ризамын. Жастық жалын мен ісіне деген құштарлық, ақыл мен толысқан тәжірибе –осылардың бәрін ұштастыра білген Болат Шамғалиұлы, сізге мен қызығамын. Сіз өзіңізді сақтаңыз, өйткені сіз халыққа өте қажет жансыз”.
- Сазсырнай аспабының жасалу ерекшеліктері.
Сазсырнай-сопақша келген, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай, сапалы саз-балшықтан жасалған аспап. Сазсырнайда ойнай отырып, балалар аң-құстар мен табиғат дыбыстарын шығарған. Шеңбер аумағы 15-18 см, жалпы ұзындығы 10-12 см болады. Ертеде 3-4 ойығы болса, қазіргі таңда 5-6 ойықтары салынады. Ойықтары саусақпен басып,ерінге қиыстау тақап, үрлеп ойнайды.Сазсырнай үні жағымды, қоңыр әрі жұмсақ болады. Сонымен бірге, аспап дыбыс тембрі, күші, әуезділігі толқынының дұрыс жетуіне байланысты.
Сазсырнай атам заманнан келе жатқан қазақтың көне аспаптарының бірі болғандықтан бұны көп ғалымдар зерттеген. Адамды баурап алар өзіндік сиқыры бар сазсырнай аспабын жасаудың өзі үлкен өнер. Оны жасаушылардың өзі елімізде некен-саяқ. Бұл аспап өзі шағын болса да ішкі құрылысы, ойықтары, әуен шығаратын жерлері барлығы күрделі. Сондықтан оны жасаудың өзі оңай емес. Оны жасау үшін алғашқыда шебер,топырақты суға араластырып кәдүмгі ұн илегендей илеп алады. Алдын ала дайындалған қалыптарға саламыз.Қалыптан бүтін және оңай алыну үшін,астына полиэтилен саламыз.Қалыптан екі бөлігін шығарғаннан кейін,екі бөлігін қосу үшін,сазды суға езіп қаймақ сияқты ғып дайындап,екі бөлігіне жағып қосып сыртын тегістейміз. Сазсырнай кеппей тұрып саусаққа арналған тесіктерін,астында біреу үстінде бесеу және үретін тесіктерін қолға ыңғайлы қылып тесеміз. Сазсырнай ойнар алдында адам ішіне демді көбірек жинаған дұрыс. Ал егерде адам қысқа ғана дем алып үре берсе организмге ауа жетпей қалып басы айналуы мүмкін. Сазсырнай аспабының денсаулыққа өте пайдалы қасиеті,адамның дем алу процесін реттейді. Сазсырнай кеуіп құрғағаннан кейін,күннің көзіне немесе ыстық пештің үстінде қыздырып алған дұрыс. Әбден кеуіп болған соң аспаптың дыбыс ырғағын келтіреміз.Пештеп кептіріліп шыққан аспап тасқа айналады.Суға ерімейді. Отырарда табылған сазсырнайдың да қасиеті сол қаншама ғасырлардан бері бізге жеткен,жерге көміліп қалса да,теңіз түбінде жаста да,ұрпақтан ұрпаққа мұра боп қала берері хақ.
Қорытынды
Әуел баста сазсырнай балалардың ермегі болған тәрізді. Оны халық та,зеттеушілер де,музыка проффесорлары да жоққа шығармайды.
Қазақ дәстүрінде баланың тәрбиесінде эстетикалық түріне қатты мән берген. Әу баста бесікке ілініп тұратын қоңыраудың өзі баланың музыкаға деген жақындығын дамытады.
Сазсырнайдың шыққан дауысында ұлы даланың үні бар,пішіні жүрекке ұқсас кішкентай аспаптан желдің лебін,құстардың әнін,қасқырдың ұлығананын да естуге болады.Көне сазсырнай ғасырлар бойы сақтаған жердің тарихын бізге жеткізіп тұрғандай,оны тек қана үніне құлақ ассаңыз ести аласыз. Халқымыздың көне музыкалық аспабы саналатын сазсырнайдың әлі де болса ашылмаған қырлары көп. Яғни, бұл аспап әлі де зерттей түсуді қажет етеді. Сол себептен басты мақсатымыз – сазсырнайды одан әрі дамытып, жаңа қырын ашу. Сонымен қатар, осы аспапты насихаттау, балалардың санасына сіңіртіп, оны бүкіл елге танытып, дәріптеу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Пернебек Момышұлы. «Музыкалы — эстетикалық тәрбие».
Болат Сарыбаев. «Қазақстың музыкалық аспаптары».
О.Бейсенбекұлы. «Сазды аспаптар сыры».
«Домбыра үйрену мектебі».
Жақсыбеков С.Ж. Жақсыбекова С.С. «Әннің бала тәрбиесіндегі алар орны».
«Күй қайнары». А.Райымбергенов.
Х.Тастанов. «Домбыра оркестрін қалай ұйымдастыру керек».
Қазақша музыкалық — терминологиялық сөздік.