Home » Мақалалар » ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Қойшыбаева Рысжан Құсайынкызы,
 Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық
   мамандандырылған дарынды балаларға арналған
физика-математика мектеп интернаты

             Жер шарын жайлаған індет, көп жағдайға өзінің өзгерісін енгізді. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты құнды екендігін ұғындырғандай. Сонымен қатар денсаулықтың қадірін білдіріп, тазалықтың тартымын арттырғандай. Ел ішінде көптеген нысандардың жұмысын тежеп, кейбір кәсіпкерлердің нәпақасынан айырды. Бірақ екі сала тоқтаусыз қызметте болды. Солардың бірі білім ордаларының жұмысын тоқтатпай, шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымын айтуға болады.
     Ұстаздық – ұлы қызмет. Сол жолда өзімізді сынап, жолымыздан қандай қиындықтар кездессе еңсеруге дайынбыз. Сол уақытта қашықтықтан оқыту туралы шешім қабылданды. Болашақ – білімді ұрпақ қолында. Сондықтан балалардың бәсекеге қабілетті және өзінің тақырыбынан кенде қалмас үшін бар ынтамызбен кірісіп кеттік. Алғашқы аптада абдырап қалдық. Ұстаздар мен ата-аналар да түсінбей, ортада балалардың ойы онға бөлінді. Дегенмен бір қалыпқа түсіп, ватсап мессенджері арқылы онлайн сабақ өттік. Жаңаша бағытта сабақ барысында, түрлі дүниелерді қолдануды үйрендік.     Қашықтықтан оқыту – бұл оқу үдерісінің оқушы мен мұғалім арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу үдерісін жүргізу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілі. [1, 41].
     Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар
      Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
    Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз — интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
   Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы. [5, 1].
Біз жоғары да атап өткендей білім саласында тек ЖОО да ғана емес, мектептерде де қолданылатыны айтылды. Қазіргі таңда еліміздегі ахуалға байланысты білім ошақтарында осы оңтайлы шешімді қабылдап та үлгерді. Ол сіз бен бізге мәлім ақпарат.
Білім берудегі ерекшеліктер:

  • Уақытты үнемдеу
  • Электронды оқулықтардың қолжетімділігі
  • Ұстаз бен оқушы арасындағы байланыс
  • Студенттің болашақ мамандыққа деген жауапкершілігі
  • Жаңа технологияларды меңгеруі

     Қашықтықтан оқытудың ұстаз бен оқушыға қойылатын өзіндік міндеттері бар.

  • Компьютерді жоғары деңгейде меңгеруі тиіс:
  • Жаңа технология және ақпараттарды сұрыптай білуі тиіс:
  • Осы сала бойынша білім саласындағы оқулықтарды толық меңгеруі тиіс:
  • Сайттар немесе телекомуникацияларды меңгере білу керек.

Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосатын маңызды функциялармен толықтырылады. Порталдың білім және технологиялық саясаты, сонымен бірге оның ағартушылық қызметі әдістемелік және технологиялық арнаға ақпараттандыру процесін бірте-бірте ендіру әдісі болып табылады.
Электрондық оқулықтар жасаудың педагогикалық технологиясының құрылымы оқыту үрдісінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланысты төрт бөліктен тұрады: мотивациялық-мақсатты, мазмұндық, операциялық және бағалы-нәтижелік.
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

  • оқытуды даралау;
  • оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
  • дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшін білім беру қызметін ұсыну болып табылады.

Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі  ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» дегеніндей, ертеңгі ел тұтқасы болатын жас буынды тәрбиелеу біздің басты міндеттіміз.    Педагогикадан арнайы оқулық жазған Алаштың күн келбетті көркем ақыны, ардағы Мағжан Жұмабаев «Алты Алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын – ұстаздікі» деп тегін айтпаса керек.
Ел ертеңі білімді ұрпақ қолында!

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.