Бауыржанова Айгерім Бауыржанқызы
Жамбыл облысы Шу қаласы
«Балалар жасөспірімдер
өлкетану және туризм» орталығының
үйірме жетекшісі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Балуан Шолақ ескерткішінің шығу тарихына толық мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ұшқыр ойлау, қабілетін дамыту, тілдік қорын байыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдық пен өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Теориялық, практикалық сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап.
Құрал-жабдықтар: Балуан Шолақтың суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
1-сағат
Нұрмағанбет Баймырзаұлы, Балуан Шолақ (1864-1919) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Шымыр ішіндегі Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен. Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып – анадан» дегенғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.
14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құғында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әртүрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830 кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді. Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауыққ ұру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған. Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ Баян-ауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады.
Балуан Шолақтың «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан», «Қосперне», «Құланкісінес», «Кенжеқоңыр», сияқты әндері бар. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері – «Ғалия» мен «Сентябрь». «Ғалия» нәзік сезімд үниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды. Белгілі музыка зерттеушісі А.В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді. Сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтысболады.
Балуан Шолақ қандай құрметке де лайық тұлға?
Елдің күнгейінен пойызбен Астанаға немесе Көкше өңіріне жол шеккен жолаушының Шудан өткеннен кейінгі көзі тоқталар алғашқы көрініс – оң қапталдан алыстұрса да андағайлайтын Хантауы. Әрине, Алатаудай асқар емес. Қаракөк жартасты, сонау-сонау жылдары төскейдегі көктеуін көктем сайын Жазекең жарықтық, екі мәрте Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев төлге толтырып отыратын Сұңқар шыңынан өзге жаратылысы жатағандау болғанымен, қалың атпарлы. Сол қатпар бірте-бірте алыс замандарда осында аял қылыпты делінетін Шыңғысханның қаһарлы қабағы әлденеден жадырай жазылғанындай Дала қайнаратты кең жазыққа айналып кетеді. Көктемде көк жайқын дариядай, күзде алтынмен апталғандай реңденетін осы даланы көрген сайын әрдайым ойға шомып, аталас бабаларым бастан өткерген бір қасіретті хал еске түсіп елегізимін, жарық дүниеге келуінің өзі сол оқиғамен сабақтасып жататын күллі қазақтың бір ұлы перзентінің бейнесін елестетем…
2- сағат
- Техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
2.Қажетті құрал- жабдықтарды дайындау.
- Ноутбуктен интернет желісі арқылы фильм көрсету.
- Балуан Шолақтың филімінен үзінді көрсету.
- Балуан Шолақ қандай құрметке де лайық тұлға
6.Фильмді көріп тамашалау.
Қорытынды: Оқушылар көрген фильмінен жақсы мағлұмат алды .