Садыкова Акгуль Тулеповна
Батыс Қазақстан облысы
Бәйтерек ауданы
«Мичурин мектеп-бөбекжай -балабақша» кешені
Тәрбие сағатының бағыты: Отбасылық тәрбие беру
Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін бекіту, отбасында үйлесімді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, туған-туыстар арасындағы байланыстарды ұғынуға көмектесу.
Міндеті: Оқушыға «Отбасы күні» мерекесі туралы түсінік беру
Көрнекілігі: нақыл сөздер, стикер, сөзжұмба
Тәрбие сағатының барысы:
- I. Ұйымдастыру бөлімі
Сәлем күн — анамыз (қол жоғарыда)
Қуанатын күн бүгін (қол ұстасады)
Қайырлы күн, қайырлы күн (қол кеудеде)
Күліп шықшы сен бүгін! (қол жоғарыда)
- II. Негізгі бөлім
Оқушыларды екі топқа бөлу
Кіріспе. Бүгінгі тәрбие сағатымызда отбасы жайлы пікірлесеміз.
Отбасы – адам баласының түпқазығы, алтын ұясы.
Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстығына, суығына бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Сол отбасынан үлкен өмірге қадам басамыз. Біздің өмірімізге түзу қадам басуымызда отбасының орны ерекше.
Атақты қазақ ақыны Қ.Аманжолов өзінің өлеңінде:
Отбасы – шағын қоғам
Мен — президент, сен – премьер — дегені бар екен
Шынында да, отбасы – ол шағын мемлекет. Өз болмысы, өз ерекшелігі, өз дәстүрі, өз қағидасы бар.
1.Топтардың отбасы жайлы пікірлері
— Балалар, дұрыс айтасыңдар, адамның жеке болымысының қалыптасуы отбасынан басталады. Адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасы, мәдениеті алғашқы қадамы отбасынан басталады. Сондықтан отбасы бақытты болу үшін не қажет? (мейірімділік, сүйіспеншілік, бірлік, денсаулық. татулық, сыпайылық)
2.Менің туыстарым. Жұмбақ
Маған да, саған да,
Жақынт уыс бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді ешқашан,
Бәрі де өз жұртың,
Айтады, қане кім атын? (ата, ана, іні, аға, апа)
— Бұлар біздің отбасымызды құрайды. Әрбір қазақ отбасында аталар мен әжелердің алар орны ерекше. Дәстүрлі қоғамда ата-әжелер тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-әжелер жыр, дастан, ертегі айтып немерелерін, шөберелерін рухани байытып, мол тәрбие беріп отырған (Әр топ мүшелері ата, әже туралы өлең, тақпақ айтады)
Ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы, отбасына береке әкеліп, жанұяны бақытқа бөлейді.(топтардың ата-ана туралы пікірі тыңдалады)
3.Отбасымдағы өз орным
— Сенің есімің қандай мағын абереді? (оқушылар өз есімі туралы айтып өтеді)
Әрбір топқа 7 сұрақтан беріледі.
1-топқа:
- Анаңның әкесі саған кім болады, сен оған кім боласың?
- Жігіттің неше жұрты бар?
- Қыз баланы жасына қарай қалай атайды?
- Дүниеде не тәтті?
- Анаңның ағасы кім болады?
- Не қатты?
- Атаңа сен кім боласың?
2-топқа:
- Немере деп кімді атайды?
- Әкеңнің апасы кім болады?
- Өзіңнен кіші ұл кім болады?
- Анаңның апасы саған кім?
- Дүниеде не жұмсақ?
- Ұл баланы жасына қарай қалай атайды?
- Жеті атаңды білесіңбе ?
4.Құндылық құнын ұғындар
Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________
5.«Бақытты отбасы модулін» салу.
Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол нитепен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады.
Осымен біздің ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызда әрқашан береке бірлік, татулық орнасын!
Баршаңызға отбасында бақыт, ырыс-дәулет, жақсылық пен шаттық болсын де птілейміз!
Келесі кездескеше сау саламата болыңыздар.