Home » Мақалалар » Ақпараттық технология элементтерін  тиімді қолдану тәсілдері

Ақпараттық технология элементтерін  тиімді қолдану тәсілдері

Ботабекова Асия Ердебековна
Түркістан облысы
Кентау қаласы
Кентау көпсалалы колледжі
информатика пәнінің оқытушысы

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» Н.Ә.Назарбаев.

Еліміздің білім беру саласына, яғни біздің алдымызға қойып отырған негізгі міндеттер ретінде: ол ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын және әлемдік білім кеңістігіне толығымен ену білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруде білім беру үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық бағдарламаларды тиімді және кеңінен қолдану, елдегі ақпараттық инфрақұрылымды әлемдік білім берумен ықпалдастыру, білім беру ұйымдарының байланыстарын нығайту болып саналады. [1]

Қазіргі заман ХХІ ғасыр жаңа ақпараттық технология заманы болғандықтан қазіргі уақытта Қазақстанда тек экономикалық және саяси процесте ғана емес, білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді.

Ақпараттық технологияның қалыптасу кезеңдері және негізгі ұғымдары қоғамның қазіргі заман дәуіріндегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты адам іс-әрекетінің барлық сферасында компьютерлік және желілік технологиялардың бірігуінен пайда болған ақпараттық технологияны пайдалану кең етек жайды. Қоғамды компьютерлендіру, техника құралдарының белсенді түрде енуі оқу орны мен кез келген ғылым саласы алдында бірқатар көкейкесті міндеттер қоюда. Ол міндеттер оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруда, компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуге байланысты.[3]

Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда. Оқу орындарын ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, жоғары білімді дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің дамуының мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу үстінде. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі жалпы білім беретін оқу орындарында кез-келген ғылым саласы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.

Негізінен информатика ғылымының басқа ғылым салаларына тигізер әсері бұл дегеніміз яғни, жоғарыда айтып өткендей қазіргі жақандану заманында жаңа ақпараттық технология заманына сай кез келген ғылым саласын қарастырсақ компьютерді пайдаланбау мүмкін емес. Себебі қазіргі заман соны талап етеді. Мысалға алатын болсақ өзімізге қатысты  білім салаласында, қазір кез-келген орта, жоғары, арнаулы білім оқу  орындарында сабақ мазмұнын  оқушыларға (студенттерге) мұғалім сабақ барысында жаңа ақпараттық технологиямен өткенді жөн көреді. Бұл орайда өзіміздің колледжіміздегі ақпараттық технологияны пайдаланып, жеткен жетістіктеріміз қаншама.  Енді осының себептерін қарастырсақ:

  • Жаңа технология – мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.
  • Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;
  • Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;
  • Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі арттырады;

Жаңа ақпараттық технологияны сонымен қатар тек оқу орындарында ғана  емес басқада жұмыс орындарында немесе мекемелерде кеңінен пайдаланады. Ол яғни, жұмысшының жұмысын жеңілдетеді және уақытты үнемдейді.

Демек, информатика пәнін әдістемесін жетілдіре түссек, онда ХХІ ғасыр жас жеткіншіктерін компьютерлік сауатты, білімді және мәдениетті етіп шығарарымыз анық. Міне, осы себептен де Қазақстандық информатика мамандары мен әдіскерлері информатиканы оқыту әдістемесін бұдан да гөрі жетілдіре түсуі үшін көп жұмыс жасауы тиіс.

Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал, жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тәрбие ұйымдастыруына көмектеседі. [2]     Өз бетімен шығармашылық әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеуге бағытталған педагог пен оқушы әрекетінің тиімділігін арттырудың жолдарының бірі – педагогикалық жаңа ақпараттық технологияларды орынды қолдану болып табылады.

Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға  ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда. [2]

Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын  қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың рөлі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы  әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.

Ақпараттық технология  қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы  компьютерлік бағдарламаларды  жасау керек және ол оқушының іс-әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.

Көптеген ғалымдар компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж.А.Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, А.Ә.Шәріпбаев компьютерлердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу, С.М.Кеңесбаев болашақ мамандардың жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу мәселелерін, М.Ф.Баймұхамедов компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын құрастырудың модельдері, Р.С.Шуақбаева компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоғары сынып оқушыларына көпжақтарға берілген есептерді шығаруға үйретудің әдістемесі, ақпараттық-қатынастық технологияны қолдану негізінде колледжде информатиканы оқытудың қолданбалылығын арттыру жолдары. Ал ол өз кезегінде осы бағыт бойынша ғылыми жаңаша зерттеудің қажеттігін туғызып отыр. Себебі оқушылардың бұл әдістерді жетік меңгеруі олардың болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде қазіргі заманда ақпараттық технологияларды неғұрлым ұтымды пайдалануына мүмкіндік туғызады. Мен өз сабағымды оқушылармен бірге өткізе отырып, оларды мына екі топ бойынша сараладым. Бұл менің 2005 жылдан бастап колледж оқушылармен бірге жұмыс жасадым,   осы ойымды, яғни жұмысымның нәтижесін тексердім.

Болашақ мамандарда ақпараттық-логикалық модельдеу іскерлігін қалыптастыруға даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау мақсатында жүргізілген талдау жұмысы мамандық бойынша арнаулы пәндерді оқыту үдерісінде оқушылардың ақпараттық-логикалық модельдеудегі білімін тереңдету және кеңейту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, олардың іскерлігін көтеруге бағытталған әдістемелік ұсыныстар енгізу қажет екендігі ескеріліп, арнайы және әдістемелік даярлық жұмысын жаңа деңгейге көтеру міндеті қойылды. Осы жұмыстарды жүргізу үшін экспериментке қамтылатын топтар мен олардағы оқушылардың саны белгіленді.

Топ  түріОқу жылдары
 

 

2019-20202020-20212021-2022Барлығы
Эксперимент тобы12101436
Бақылау тобы1081230

Кесте 1 Тексеруге әр оқу жылдарында қатыстырылған топтар

Қорытынды. Білім алушыларды   ақпараттық-логикалық модельдеу негізінде кәсіби оқыту мәселесін теориялық-әдіснамалық және тәжірибелік зерттеу нәтижелері төмендегідей қорытынды және ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызды:

Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің басым бөлігін ақпараттандырумен, компьютерлендірумен ерекшеленеді. Соған байланысты болашақ мамандардың қызмет аясы кеңейіп, ақпараттық-логикалық модельдеу іс-әрекетінің тәжірибелік сұранысы артуда.

Оқушы пәнді жақсы білумен қоса, негізі информатикалық ақпараттық-логикалық модельдеу әдістемесін де жетік меңгеруі тиіс. Оқушыларды ақпараттық-логикалық модельдеу негізінде кәсіби іскерлікке бейімдеп оқыту жүйесі ғылыми-әдістемелік тұрғыда жетілдіріліп, шешілуінің керектігі теориялық-әдіснамалық тұрғыда анықталды, яғни философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, физикалық, информатикалық әдебиеттерді, іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жан-жақты талдау, ізденіс жұмыстарының бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

Қолданылған әдебиеттер.

  1. Орта оқу орнында оқытудың ақпараттық-компьютерлік технология-ларын қолданудың қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктері // Салыстырмалы педагогика: Қазақстан және дүниежүзіндегі білім беру жүйелерінің даму тенденциялары ІІ республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2009ж.
  2. Студенттерге ақпараттық-логикалық модельдеу арқылы білім берудің ғылыми-әдістемелік (теориялық) аспектілері // Ізденіс. – Алматы, 2010.
  3. Білім беру үрдісінде ақпараттық-логикалық модельдеуді оқытудың рөлі. Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінің 75 жылдығына орай «Орта кәсіби білім берудегі инновациялық жаңарулар» атты облыстық ғылыми-тәжрибелік конференцияның материалдары. – Түркістан, 2010ж.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.