Мустафиева Назгул Ширмединқызы
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы,
ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта
мектеп-балабақша кешені
5-сынып кураторы
Қатысушылар: ардагер ұстаздар, мектеп ұстаздары, оқушылар, құттықтауға келген өзге сала мамандары мен мектеп түлектері.
Өтетін орны: Мектеп актзалы
Сахна мерекеге сай безендірілген. Жаһанша студиясы. Мерекелік концертпен бастау алған кеш сыр сұхбат алаңымен кезектесіп, студия қонағы болып келген ардагер ұстаздармен әңгіме жүргізеді.
Әдемі әуен аясында! І сахнада
1-оқушы:Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың
2-оқушы:Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
3-оқушы:Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс-жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.
4-оқушы:Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
5-оқушы:Ұрпақпын өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
ІІ сахна. 1-оқушы:Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
2-оқушы:Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп
3-оқушы:Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
4-оқушы:Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
5-оқушы:Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Барлығы бірге бас иіп, тұрады. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімдерге гүл сыйлайды. Фанфар қосылады. Екі кішкентай жүргізуші, екі үлкен жүргізушімен шығады.
І жүргізуші: 11-сынып оқушысы, ІІ жүргізуші: 1-сынып оқушысы
І жүргізуші: Қайырлы күн өнерсүйер қауым!
ІІ жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар!
І жүргізуші: Күрең күздің жаңға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекелеріңіз — Ұстаздар күні де келіп жетті. Ұстаз шәкірттерінің жан саулығын, тән саулығын, оның адамдық асыл қасиеттерінің жақсара беруін қадағалап, қамқорлық жасап отыратын жанашыр адамың.
ІІ жүрізуші: Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рақметін.
Қадірлі ұстаздар! Мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
I жүрізуші: Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Мектебіміздің оқушылары мен ата-аналары Сіздерді шын жүректен құттықтайды! Ұстаздар күні қарсаңында ұйымдастырылған «Ұстаз — ғалам, ұстаз — нұр!» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!
Барлығы бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!
І жүргізуші: Мұғалім — зор тұлға. Мен ұстаздарымды күннің құдіреті сәулесіне теңеймін. Мұғалім әділ де турашыл, жоғары мәдениетті, салмақты, кішіпейіл, мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын! Құттықтау сөз мектеп директоры Кулмуханова Нуржауған Жаңатауқызына беріледі.
Алдарыңызда «Ұстаз ана» әнімен 1-сынып оқушысы Исанова Аяна!
І жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі- ұстаз.Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар – бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол — ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Осы сәтте ұжымға келген құттықтау роликтер бар екен, ендеше қабыл алайық. Видео қосылады экраннан (Б.Шойбеков, А.Қалиев, Ж. Бұлғақов, Р. Қайыртайұлынан келген видео құттықтаулары)
І жүргізуші: Елдің азаматтары Жүрсіннің жүйріктерінен келген жақсы тілектер мен құттықтауларға көп рахмет! Арнайы сіздерді құттықтау үшін келіп отырған қонағымыз бар. Аудандық тәрбие орталығының маманы, ақындар мектебінің жетекшісі, жас ақын Жампозов Мейірбек Тайманұлына ортаға шақырамыз.
І жүргізуші:Ақындардың керемет арнау өлеңдерінен кейін әдемі әнге кезек берейік. Ән: Қанат Исатайдың орындауында дәстүлі ән.
І жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек. Осы мектептің шәкірті болып, кейін оқуын бітіріп ұшқан ұясына келіп еңбек жолын бастаған мамандарымыз қаншама? Ұстаз…! Жасқану мен қорқынышты білмейтін батыл, ержүрек жан» — деген даналықты ғибрат етіп, ұстаздық ұлы жолға батыл қадам басып келген жас маманның еңбек жолыңа сәттілік тілеп, тұсауын кесу сәтінің куәсі болғалы отырмыз. Жас маман математика пәнінің мұғалімі Ынтазар Ізбасар Сатыбалдыұлы! Тұсау кесу рәсімі мектептің математика мұғалімі Шолпан Ташенқызына ұсынылады.
Қадамы құтты болсын! мектебімізде жаңа жоба жұмысын бастағалы отыр. Мектеп өмірге жолдама беретін бірден-бір орын екенін ұқтыра отырып, елімізге білімімен, спортпен, өнерімен еңбек етіп жатқан аға буынмен кездесулер ұйымдастыру. Сонымен қатар сол елге белгілі беделді азаматтарда ұстаз алдынан білім алып шыққан азаматтар екенін ұқтыра отырып, Ұстаз мамандығының қыр-сырын түсіндіру, ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу жобаның мақсаты болып табылады. Жоба жетекшісі биыл мектебімізге 5-сынып кураторы болып келген маман Назгул Ширмеденқызы. Сыр сұхбат алаңы негізінде ашылғалы отырған жобамыз «Жаһанша төрінде» деп атау алған екен, ендеше студия төріне «Жаһанша төрінде» сыр сұхбат алаңының жүргізушісі Жампозов Мейірбек Тайманұлын шақырамыз! Ал. іске сәт!
Студия жүргізушісі: Армысыздар, өнер сүйер қауым! «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» — деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. Досым Нұрсұлтан екеумізге бүгін әріптес болу бұйырыпты, қуаныштымын. Мерекелік концерт тамашалай отырып сіздер сұхбат алаңынан әсерлі әңгіме тыңдайсыздар. Әріптесім Нұрсұлтан екеуміз кезек алысып отыратын боламыз. сынау айтулы мерекемен тұспа-тұс келіп отырған жобамыздың тұсаукесеріне қош келдіңіздер! Ендеше бүгінгі «Жаһанша төрінде» сыр сұхбат студиясынын алғашқы қонақтарымен таныс болыңыздар:
Жүректе тұрар жалқы үнің,
Жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым сенің әр күнің
Әр сәтін тұрған бір ерлік! – деп Фариза апамыз жырлағандай ұстаздың әр күні емес әр минутынын өзі бір ерлік десек артық болмас. Сыр сұхбаттың алғашқы қонағы, ұстаздардың ұстазы Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп- балабақша кешенінің ардагер ұстаздары.
Қош келдіңіздер ұстаздар! Оқушылар, жас мамандар сұрақтары іштеріне сыймай кездесуді асыға күтіп отыр. Сыр сұхбаттың дәстүрі болары анық өзіңіз жайлы анықтамадан бастасақ (Шағын әңгіме болады, қонақтар өздерін таныстырып өтеді).
Студия жүргізушісі:Кезекті әріптесіме ұсынсам.
ІІ жүргізуші:Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Ортаға біліммен қатар ұштастырып өнерді серік етіп жүрген бір топ шәкірттеріңізді шақырғым келіп отыр.
Алдарыңызда саз мектебінің дәстүрлі ән сыныбының оқушылары өздеріңіздің шәкірттеріңізден дәстүрлі ән шеруін қабыл алыңыздар!
Саз мектебінің ұстазы Дархан Қажығалиевтің құттықтау сөзі.
Оқушысы Қондыкермен сөз сөйлеп ән айтады.
ІІ жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен. «Ұстаз болу жүректің батырлығы» деген сөз тектен тек айтылмаса керек! Сіздердің алдарыңызға шығуға сұранып тұрған шәкірттеріңіз бар! Барлығымыз бірге шығып құттықтағымыз келеді дейді. Сахнада 5-сынып оқушылары.
Нұсұлтан: Әрдайым, әр уақытта жасампаздықтың фундаменті, интелектуалды құрастырушы, қалыптастыратын алғашқы негіз ол білім. Осы білім беруде ұстаздар қауымының еңбегі өте зор. Оқушылардың сіздерге деген жырдан шашуы, ықылас гүлі қабыл алыңыздар. Алдарыңызда құттықтаған 5-сынып оқушылары. Кезекті әріптесіме ұсынайын.
Студия жүргізушісі: Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіздер! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтары мен патриоттары болып өссін деген тілекпен сұхбатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Аяулы ұстаздар, студия қонақтары сіздерге сұрақ. Ұстаздық өмірге қалай келдіңіздер? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші болған оқиға немес бір жағдай болды ма? Жалпы ұстаздық жолыңыз туралы не айтасыз? (Кішігірім әңгіме болады).
Студия жүргізушісі: Бүгінгі болып жатқан сұхбаттың өзі тарих деп ойлаймын. Кездесуде сіздерге қойылған сұрақтардың жауаптары қазіргі жас мамандарға қажет. Енді ұстанымыңыз жөнінде әңгімелесеңіз. Осы ұстаздық жолда ұстанымыңыз қандай болды? (Кішігірім әңгіме болады).
Студия жүргізушісі: Рахмет! Кезек өзіңізде, Нұрсұлтан!
І жүргізуші: Ұстаз — барша мамандықтың көш бастаушысы, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым-парасатымен, талғам-танымымен танылатын асыл жандар! Эрудициясы жоғары, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар! Ендігі кезекте ұстаздарға деген тілекпен сахна төріне қонақтарымызды шақырсақ! Мектебіміздің түлегі, республикамызға танымал айтыскер ақын, журналист, «Сырым елі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ширмединұлы. Халықаралық ән байқауларының лауреаты, Қырғызстан астанасы Бішкекте Қадырдың сөзіне жазылған әнді шырқап келген жас әнші, аудандық саз мектебінің директоры Бекей Қанатов.
ІІ жүргізуші: Ұстаздар құрметіне ән шашу болды. Кезек студияда.
Студия жүргізушісі: «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» деген керемет сөз бар. Сіздердің жүрген сара жолдарыңыз бізге үлгі өнеге. Қазіргі заман, қазіргі жастарға деген көзқарастарыңыз қалай? Жалпы кейінгі ұрпаққа не айтасыздар? (Кішігірім әңгіме болады).
Студия жүргізушісі: Рахмет! Дендеріңізге саулық берсін, әрине сіздердің әңгімелерінізді таңға дейін тыңдасақта өнегелі, керемет әңгіме. Дегенмен бізде уақыт шектеулі. Сұхбат берген сіздерге көп рахмет! Сұхбат алаңында келесі жүздескенше аман болайық.
І жүргізуші: Бүгін сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап алдарыңызда салтанатты шаранын тізгінің ұстау бұйырыпты. Өзіммен қоса келген бір топ мектеп түлектері бар соларды қарсы алсақ (Мектепті бұрын бітірген түлектер құттықтау сөйлеп ән орындайды).
ІІ жүргізуші: Ол менің «ұлым менен, қызым» дейді,
Естісе олар жайлы елеңдейді.
Отырар тілекшің боп, есейсең де,
Қайырылып қалмасыншы «кемең» дейді.
Жылдағы дәстүр, мектепте оқу жылы басталысымен 11-сыныпқа жүректері елжіреп келген шәкірттеріміздің жақсы қалаған оқуларына түссе екен деп алаңдаймыз. Өздеріде уақыт жүйрік тез өткенің байқамай, қимай алтын ұя мектептерімен қоштасады. Ендеше 11-сынып оқушылары алдарыңызда. Қошеметпен қарсы алайық.
ІІ жүргізуші: Ұстаздар – ұлттың тірегі,
Ұстаздар – елдің жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі – дей келе, тағы да мейрамдарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіз табысты, шәкірттеріңіз биіктерді бағындыра берсін деген тілекпен шарамызды аяқтаймыз! Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!