Теріскейде бәсекеге қабілетті, ел экономикасына өз үлесін қосатын таңғажайып ғимарат бой көтерді. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Американың озық тәжірибелі университеттерінің бірі — Аризона уиверситетімен бірлесіп білім беретін оқу бағдарламасын жүзеге асырмақшы.
Бұл бағдарлама еліміздің болашағы саналатын жас ұрпағымыз үшін тиімді. Жастар қос диплом алып, ел болашағына өз үлестерін қосатын болады.
Аталмыш қос дипломды оқу бағдарламасының салтанатты ашылуына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, АҚШ елшілігі мен Аризона университетінің өкілдері, студенттер мен ата-аналар қатысты.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университет ұжымы мен студенттерді осындай маңызды күнмен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, Аризона университетімен ынтымақтастықта жұмыс атқарылуына сәттілік тіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловта өз кезегінде университет басшыларын, ұжымды, студенттерді құттықтап, алдағы уақытта қоян-қолтық жұмыс атқаратын боламыз деген сенім білдірді.
Жаңа экономика құру үшін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашу керек деген тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысының осы тапсырмасын іске асыру мақсатында 2021 жылы Аризона университеті мен Білім және ғылым министрлігі арасында меморандум жасалды. Бірлескен бағдарламаларда грант бойынша оқыту үш тілде — қазақ және орыс, ағылшын тілдерінде, IT, инженерия, агротехногия білім беру бағдарламасы бойынша оқыту көзделген. Қазақстандық студенттердің қос диплом алу бағдарламасы бойынша: М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона университетінің дипломдарын алу көзделген.
Бүгінгі таңда екі диплом бағдарламасы бойынша оқытылатын халықаралық бағдарламаға 170 түлек оқуға түсті.
«BILIM AINASY»
Көкбасқызы Жазира,
СҚО