Home » Мақалалар » Қыркүйектен бастап бірінші сыныптарға шет тілі оқытылмайды

Қыркүйектен бастап бірінші сыныптарға шет тілі оқытылмайды

Бүгін ҚР БҒМ аппараттық кеңесінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат жобасын ұсынды.

ӘНХ жобасына сәйкес «Шет тілі» пәнін оқушылар 3-сыныптан бастап оқитын болады. «Қазақстандық және халықаралық сарапшылар жүргізген зерттеулер мен талдау бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді үйрену қиын екенін көрсетті. Бірінші сыныпта баланың тек бір тілді үйренуі, яғни алдымен ана тілінде оқып, жазуды үйренуі өте маңызды.» — деп атап өтті М. Тыныбаева.

Сондай-ақ, «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінеді, нақтырақ айтқанда, 1-4-сыныптарға «Еңбекке баулу», 1-6-сыныптарға «Бейнелеу өнері».

Бұдан басқа, алдағы оқу жылының білім беру процесінің ерекшеліктерінің бірі 5-11 сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курсты енгізу болып табылады.

Әдістемелік нұсқау хаттың жобасымен Алтынсарин академиясының uba.edu.kz сайтынан танысуға болады.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясының баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.